Заң күшi бар 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердiң жесiрлерiн әлеуметтiк қолдау жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Рсепубликасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 10 сәуiр N 2190. Күшi жойылды - Қазақстан Рсепубликасы Президентiнiң 1995.07.31. N 2394 жарлығымен. ~U952394

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердiң жесiрлерiн мемлекеттiк қолдауды күшейту мақсатында қаулы етемiн:
      1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердiң екiншi некеде болмаған жесiрлерi 1995 жылғы 1 шiлдеден бастап олардың иелiгiне жататын немесе пайдалануындағы, бiрақ пайдалы алаңы 50 шаршы метрден аспайтын тұрғын үй алаңын, коммуналдық қызметтi (сумен жабдықтау, газ, канализация, электр, жылу қуаттарын осы Жарлықпен белгiленген пайдалы алаң нормалары шегiнде), ал орталықтан жылу берiлмейтiн үйлерде - белгiленген норма шегiндегi отынның құнын төлеуден; тамақ дайындау үшiн пайдаланылған электр қуаты үшiн; пәтер телефонын пайдаланғаны үшiн

(қалааралық сөйлесуден басқа) төлемдерден босатылсын.
     2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi осы
Жарлыққа сәйкес жеңiлдiктер беруге байланысты шығындарды өтеу
тәртiбi мен көздерiн айқындайтын болсын.
     
     
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады