1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Поиск", "Тұлпар" мемлекеттiк холдинг компаниялары, "Ақтөбемұнай" акционерлiк қоғамы және "Мобил Ойл Тұлпар Инк" компаниясы арасында "Тұлпар Мұнай ЛТД" бiрлескен кәсiпорнын құру мен оның қызметi туралы және Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарындағы Тұлпар блогы үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi мен "Тұлпар - Мұнай ЛТД" бiрлескен кәсiпорнының арасындағы Көмiрсутегiн барлау мен өндiруге арналған контракт шарттары бойынша ұсыныстары мақұлдансын.
2. "Тұлпар Мұнай ЛТД" бiрлескен кәсiпорыны үшiн Контракты күшiнде болатын келiсiмдi мерзiм iшiнде Контрактiде белгiленген Тұлпар жобасына арналған экономикалық, салықтық және құқықтық тұрақтылық режимi белгiленсiн әрi оған қолдау көрсетiлсiн.
3. "Мобил Ойл Тұлпар Инк" бiрлескен кәсiпорнына шетелдiк қатысушы үшiн бiрлескен кәсiпорын құрылған кездегi нысанда немесе құқық иеленушi нысанында Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы ретiнде iс атқаратын мерзiмнiң өн бойында бiрлескен кәсiпорын қызметiне арналған экономикалық, салықтық және құқықтық тұрақтылық режимi белгiленсiн және оған қолдау көрсетiлсiн.
4. "Тұлпар Мұнай ЛТД" бiрлескен кәсiпорны Контрактiге қол қойылған сәттен бастап, Контракт шарттарына сәйкес валюталық түсiмiн мiндеттi түрде сатудан және (немесе өтiмдi етуден босатылсын.
5. "Тұлпар Мұнай ЛТД" бiрлескен кәсiпорны Контрактiде көзделген кез келген салығы мен төлемдерiн АҚШ долларымен төлейтiн болып мiндеттелсiн.
Қазақстан Республикасының Президентi