Көкшетау облысының Василькова кен орнында бағалы металдар шығаратын өндiрiстi дамыту үшiн шет ел инвестицияларын тарту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 20 ақпан N 2220. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Көкшетау облысының Васильковка кен орнында ғылыми-техникалық прогресс жетiстiктерi мен озық технологияны пайдаланып алтын шығаратын өнеркәсiптi одан әрi дамыту үшiн шет ел инвестицияларын тарту мақсатында қаулы етемiн: 
      1.<*> 
      2.<*> 
       Ескерту. 1,2-тармақтардың күшi жойылды, 3-4-тармақтар тиiсiнше 1,2 болып саналды - Қазақстан Республикасы 1996.01.05. 
Президентінің N  2749  жарлығымен.  
      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Васильковка кен орнында бағалы металдарды барлауға, өндiру мен ұқсатуға жағдай жасау жөнiндегi шаралар жиынтығын әзiрлеп, халықаралық қабылданған стандарттарға сай келетiн және Қазақстан Республикасының мүдделерiн қамтамасыз ететiн жобаны жүзеге асыруға арналған кепiлдiктер жүйесiн көздейтiн болсын.
      2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. 

      Қазақстан Республикасының
      Президентi 

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады