Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 18 шiлдедегi Заң күшi бар N 2367 Жарлығына толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 8 тамыздағы N 2405 Заң күші бар жарлығы


      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 1-бабына сәйкес қаулы етемiн:

      1. "Қазақстан Республикасында салық қатынастарын реттейтiн кейбiр заң актілерi мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтарының күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 18 шiлдедегi Заң күшi бар N 2367 U952367_ Жарлығы мынадай мазмұндағы жаңа 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң, 1995 жылғы 15 қыркүйекке дейiнгiсiн қоса алғанда 1995 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi мерзiм iшiнде өздерiнiң бюджетке төленбеген салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдерi туралы жариялаған және оларды 1995 жылғы 15 қыркүйекке дейiн толық көлемiнде бюджетке енгiзген заңды және жеке тұлғалар жөнiнде 1995 жылғы 1 шiлдеге дейiн пайда болған құқықтық қатынастар бойынша салық заңдарын бұзғаны үшiн, сондай-ақ шетел компанияларының басқаруына берiлген ұйымдар жөнiнде оларды сол компанияларға өткiзуге дейiн жол берiлген бұзушылықтар үшiн көзделген санкцияларды (айыппұлдарды және өсiмдердi) жоюға хақысы бар деп белгiленсiн".

      3-тармақ 4-тармақ деп саналсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне:

      екiншi деңгейдегi банктер мен уақытша басқару режимi (доғару) енгiзiлген ұйымдар жөнiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi алдындағы берешегiн қайта құрылымдау бойынша шешiм қабылдау;


      банктердiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi

      алдындағы берешектерi бойынша есептелген айыппұл проценттерi

      мен өсiмнiң мөлшерiн өзгерту құқығы берiлсiн.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының

      Президентi

      Оқығандар:

      Омарбекова А.Т.

      Нарбаев Е.Ә.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады