Қазақстан Республикасы мен Жапонияның Экспорт-Импорт банк арасындағы займ беру туралы келiсiмдердi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң ЖАРЛЫҒЫ 1995 жылғы 15 қыркүйек N 2458

      ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Жапонияның Экспорт-Импорт банкiнiң Қазақстан Республикасының займ беру (Халықаралық Қайта жаңарту және даму банкiнiң құрылымдық өзгерiстердi қолдауға арналған займымен қоса қаржыландыру) туралы 1995 жылғы 6 қыркүйекте қол қойылған және 60 миллион АҚШ долларына тең сомада кредит бөлудi көздейтiн келiсiм бекiтiлсiн.
      2. Жапонияның Экспорт-Импорт банкiнiң Қазақстан Республикасына займ беруi (Халықаралық Валюта Қорының STAND-BY Бағдарламасымен қоса қаржыландыру) туралы 1995 жылғы 6 қыркүйекте қол қойылған және 90 миллион АҚШ долларына тең сомада кредит бөлудi көздейтiн келiсiм бекiтiлсiн.
      3. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасы
          Президентi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады