Салық заңдары мәселелерi жөнiндегi кейбiр заң актiлерiне және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 5 қазандағы N 2488 Заң күшi бар жарлығы

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 1-бабына сәйкес, салықтық емес заң актiлерi мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтарынан салық ережелерiн алып тастау мақсатында, сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Жарлығының шығуына байланысты қаулы етемiн:

      1. Мынадай заң актiлерiне және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. "Қазақ ССР адвокатурасы туралы Ереженi бекiту туралы" 1980 жылғы 13 қарашадағы Қазақ ССР Заңының (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1980 ж., N 48, 188, 189-құжаттар; 1991 ж., N 28, 382-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 8, 179-құжат) 19-1-бабының үшiншi бөлiгiнiң екiншi сөйлемi және 32-бабының оныншы бөлiгi алынып тасталсын.

      2. "Шаруа шаруашылығы туралы" 1990 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1990 ж., N 22, 257-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 13-14, 309-құжат; 1993 ж., N 8, 183-құжат):

      7-баптың 5-тармағының бiрiншi абзацындағы "салық және басқа жеңiлдiктер" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеңiлдiктер" сөздерiмен алмастырылсын;

      16-бап алынып тасталсын.

      3. 1990 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Жер кодексiне (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1990 ж., N 47, 429-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж. N 13-14, 309-құжат; N 16, 411-құжат; 1993 ж., N 8, 183-құжат):

      15-баптың 9-тармағындағы "жер салығы және" сөздерi алынып тасталсын;

      36-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жер салығының базалық ставкалары Қазақстан Республикасының салық заңдарымен белгiленедi, жалға алу ақысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалады";

      37-бап мынадай редакцияда жазылсын:


      "37-бап. Жер салығы және жер үшiн жалға алу ақысы

      ретiнде түскен қаражатты пайдалану


      Жер салығы және жер үшiн жалға алу ақысы жергiлiктi бюджеттерге есептеледi және бiрiншi кезекте жердi қорғауға, оның сапасын арттыруға, сондай-ақ жерге орналастыруға және аумақты әлеуметтiк-мәдени дамытуға жұмсалады;

      38-бап алынып тасталсын;

      50-баптың 6-тармағындағы "салық жөнiнен және басқа да жеңiлдiктер" сөздерi "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеңiлдiктер" сөздерiмен алмастырылсын.

      4. "Қазақ ССР-iндегi еркiн экономикалық аймақтар туралы" 1990 жылғы 30 қарашадағы Қазақ ССР Заңында (Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1990 ж.,N 49, 455-құжат):

      6-баптың 3-тармағындағы "салық" сөзi, сегiзiншi абзацы алынып тасталсын.

      V бөлiм алынып тасталсын.

      5. "Қазақ ССР-iндегi шаруашылық қызметiнiң еркiндiгi және кәсiпкерлiктi дамыту туралы" 1990 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақ ССР Заңында (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1990 ж., N 51, 483-құжат):

      10-баптың оныншы бөлiгi мынандай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген тәртiп пен мөлшерде алым белгiленедi";

      18-баптың төртiншi бөлiгiндегi "мұра салығын алып тастағанда" сөздерi алынып тасталсын;

      21-баптың екiншi бөлiгiнiң екiншi абзацындағы "салық және басқа жеңiлдiктердi" сөздерi "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеңiлдiктердi" сөздерiмен алмастырылсын;

      22-баптың:

      екiншi бөлiгi "пайдасы" сөзiнен кейiн "салық және басқа да мiндеттi төлемдер бойынша бюджетпен есеп айырысқаннан кейiн" сөздерiмен толықтырылсын;

      үшiншi бөлiгi алынып тасталсын;

      төртiншi бөлiгi үшiншi бөлiк болып саналсын, ол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кәсiпкер шетел валютасын сатып ала алады. Кәсiпкерден заңдарда көзделгеннен басқа жағдайларда валюта қаражатын алып қоюға тыйым салынады".

      6. "Қазақ ССР-iндегi тұтыну кооперациясы туралы" 1990 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақ ССР Заңының (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1990 ж., N 51, 485-құжат) 18-бабының атауындағы "мен салық салу" сөздерi, екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерi алынып тасталсын.

      7. "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" 1990 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақ ССР Заңының (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., N 1, 8-құжат) 15-бабының екiншi бөлiгi; 18-баптың алтыншы бөлiгiндегi "пайда салығын салу кезiнде" сөздерi; 22-бабының бесiншi бөлiгi; 29-бабының 2-тармағының бiрiншi абзацындағы екiншi сөйлемi алынып тасталсын.

      8. "Қазақ ССР-iнде ауылды, селоны және аграрлық-өнеркәсiптiк кешендi басым дамыту туралы" 1991 жылғы 13 ақпандағы Қазақ ССР Заңының (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., N 8, 93-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 13-14, 327-құжат) 5-бабының жетiншi абзацындағы "салық салу" сөзi; 10-бабының "салық салуға жатпайтын" сөздерi; VI бөлiмi; 43-бабының 3-тармағы; 46-бабының 3-тармағы алынып тасталсын.

      9. "Тұтыну товарлары мен қызметтер бағасының өсуiн ескере отырып, халықтың ақшалай табыстарын индекстеу туралы" 1991 жылғы 5 маусымдағы Қазақ ССР Заңының (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., N 23, 265-құжат) 9-бабы алынып тасталсын.

      10. "Қазақ ССР-iндегi инвестициялық қызмет туралы" 1991 жылғы 10 маусымдағы Қазақ ССР Заңының (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., N 24, 280-құжат) 6-бабының 5-тармағы және 10-бабының екiншi абзацы алынып тасталсын.

      11. "Бәсекелестiктi дамыту және монополистiк қызметтi шектеу туралы" 1991 жылғы 11 маусымдағы Қазақ ССР Заңының (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., N 24, 283-құжат) 6-бабының жетiншi абзацындағы "салық және өзге" сөздерi; 13-баптың екiншi бөлiгiндегi төртiншi абзацы; 14-баптың 1-тармағындағы 14 абзацтан "көтерiңкi салық салу" сөздерi алынып тасталсын.

      12. "Қазақ ССР-iнде азаматтарды пенсиямен қамсыздандыру туралы" 1991 жылғы 17 маусымдағы Қазақ ССР Заңында (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., N 25, 328-құжат) 8-баптың төртiншi бөлiгi алынып тасталсын.

      13. "Қазақ ССР-iнде айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы" 1991 жылғы 18 маусымдағы Қазақ ССР Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., N 26, 322-құжат) 32-бабының 1-тармағының төртiншi абзацы және 2-тармағы алынып тасталсын.

      14. "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" 1991 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., N 26, 345-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 15, 208-құжат):

      14-баптағы "Аталған мақсаттарға берiлетiн қаржылар салық салуға жатпайды" сөздерi; 33-бап; 34-баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерi; 47-баптың екiншi бөлiгi алынып тасталсын;

      49-бапты бiрiншi бөлiгiндегi "және салықтың, алымдардың, баж салығы мен төлемдердiң барлық түрiнен" сөздерi "баж бен мiндеттi төлемдердiң салық заңдарында көзделгендерiнен басқа барлық түрiнен" сөздерiмен алмастырылсын.

      15. "Қазақ ССР-iндегi қоғамдық бiрлестiктер туралы" 1991 жылғы 27 маусымдағы Қазақ ССР Заңының (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., N 27, 360-құжат) 23-бабының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салық қызметi органдары қоғамдық бiрлестiктердiң республикалық және жергiлiктi бюджетке салық пен мiндеттi төлемдердi аударуы мен төлеуiне салық заңдарына сәйкес бақылау жасайды".

      16. "Қазақ ССР-iндегi мемлекеттiк жастар саясаты туралы"


      1991 жылғы 28 маусымдағы Қазақ ССР Заңында (Қазақ ССР Жоғарғы

      Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., N 28, 377-құжат):

      6-баптың 1-тармағындағы "салық салынуға және" сөздерi

      мен 3-тармағындағы "салық салу" сөздерi алынып тасталсын;

      11-баптың 6-тармағындағы "немесе салық салу жөнiнен

      жеңiлдiктер" сөздерi алынып тасталсын;

      13-бапта:

      5-8 тармақтар алынып тасталсын;

      9-тармақ 5-тармақ болып саналсын және ондағы "финанс,

      табиғат қорғау және право қорғау" сөздерi "уәкiлдi" сөзiмен

      алмастырылсын;

      14-баптың 3-тармағындағы екiншi сөйлем алынып тасталсын;

      23-баптың 2 тармағы алынып тасталсын;

      3 және 4 - тармақтары тиiсiнше 2 және 3-тармақтар болып

      саналсын.

      17. "Қазақстан Республикасының бюджет жүйесi туралы" 1991 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1991 ж., N 51, 624-құжат):


      5-баптың 1-тармағының екiншi абзацындағы "азаматтар

      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес республика бюджетiне

      салықтарды, алымдар және мiндеттi төлемдердi төлеуге тартылады"

      сөздерi "жеке тұлғалар салық заңдарында белгiленген тәртiппен

      бюджетке салық және басқа мiндеттi төлемдер төлейдi" сөздерiмен

      алмастырылсын;

      8-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-бап. Республикалық бюджеттiң кiрiсiн қалыптастыру

      көздерi

      Республикалық бюджеттiң кiрiстерi:

      - заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;

      - қосылған құнға салынатын салық;

      - акциздер;

      - бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын

      салық;

      - жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi

      мен салығы;

      - кеден тарифтерi мен бажы;

      - мемлекеттiк iшкi заемды iске асырудан түсетiн түсiмдер;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң кредиттерi және

      сыртқы кредиттер;

      - басқа да кiрiстердiң есебiнен қалыптасады.";

      14-бапта:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерi:

      - жер салығы;

      - заңды және жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық;

      - көлiк құралдарына салынатын салық;

      - кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және

      заңды тұлғаларды тiркегенi үшiн алынатын алым;

      - жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн алым;

      - аукциондық сатудан алынатын алым;

      - мемлекеттiк баж;

      - басқа да кiрiстердiң есебiнен қалыптасады";

      2. Жергiлiктi бюджеттерге қолданылып жүрген заңдарда

      белгiленген нормативтер бойынша мынадай жалпымемлекеттiк

      салықтардың:

      - қосылған құнға салынатын салықтың;

      - заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығының;

      - акциздердiң бiр бөлiгi есептеледi.

      3-тармақтағы "жалпыреспубликалық" сөзi "жалпымемлекеттiк"

      сөзiмен алмастырылсын.

      18. "Қазақстан Республикасында халық денсаулығын сақтау туралы" 1992 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 3, 47-құжат) 35-бабының екiншi бөлiгi алынып тасталсын.

      19. "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк статистика туралы" 1992 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 4, 76-құжат) 2-бабының:

      үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының аумағындағы заңды және жеке тұлғалардың Республиканың статистика органдары белгiленген көлемде және белгiленген мерзiмде мемлекеттiк статистикалық есептердi берiп тұруы мiндеттi болып табылады және бұл ақпаратты жөнелтушiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады";

      төртiншi бөлiгi алынып тасталсын.

      20. "Мемлекеттiк ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының мүлкiн жекешелендiру ерекшелiктерi туралы" 1992 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 4, 80-құжат; 1993 ж., N 18, 441-құжат) 18-бабының төртiншi абзацы алынып тасталсын.

      21. "Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы" 1992 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 4, 84-құжат) 5-баптың төртiншi бөлiгiндегi "салық салу" сөздерi; 14-баптың үшiншi бөлiгi; 16-баптың бесiншi бөлiгi; 18-баптың екiншi бөлiгi; 20-баптың үшiншi бөлiгi алынып тасталсын.

      22. "Қазақстан Республикасындағы ғылым мен мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясат туралы" 1992 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 4, 86-құжат) 4-баптың бесiншi абзацы; 7-баптың 4-тармағы алынып тасталсын, 5-тармағы 4-тармақ болып саналсын; 13-баптың 2-тармағындағы "пайдаға салық салу" сөздерi; 14-баптың 1-тармағындағы "салық жеңiлдiгi" сөздерi; 38-баптың екiншi тармағы алынып тасталсын.

      23. "Бiлiм беру туралы" 1992 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 6, 110-құжат):

      38-баптың:

      бесiншi бөлiгi "қаржылары" сөзiнен кейiн "салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлегеннен кейiн" сөздерiмен толықтырылсын;

      жетiншi бөлiгiндегi "салықтардың, алымдардың, баж салығының және бюджетке төленетiн төлемдердiң барлық түрлерiнен" сөздерi "баждың және мiндеттi төлемдердiң салық заңдарында көзделгендерiнен басқа барлық түрлерiнен" сөздерiмен алмастырылсын.;

      сегiзiншi бөлiгiнiң бiрiншi сөйлемi "бiлiм беру мекемелерiнiң" сөзiнен кейiн "салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлегеннен кейiн" сөздерiмен толықтырылсын;

      40-баптың үшiншi бөлiгi алынып тасталсын.

      24. "Патент Заңы" туралы 1992 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 11-12 , 304-құжат) 32-бабы алынып тасталсын;

      25. "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" 1992 жылғы 2 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 15, 363-құжат) 21-бабының төртiншi бөлiгiндегi "салықтар мен салыққа жатпайтын төлемдер" сөздерi "қаражат" сөзiмен алмастырылсын.

      26. "Жеке кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау туралы" 1992 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 16, 424-құжат):

      6-баптың 1-тармағының екiншi абзацындағы "анықтап" сөзi "анықтау" сөзiмен алмастырылып, "осы негiзде жеңiлдiктi салық салуды белгiлеу" сөздерi; 7-баптың 2-тармағы алынып тасталсын, 3-тармақ 2-тармақ болып саналсын;

      10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген тәртiп пен мөлшерде алым алынады";

      16-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8 Лицензия беру үшiн мөлшерiн Қазақстан Республикасының салық заңдары белгiлейтiн алым алынады";

      27-баптағы "тиiстi бюджет (қор) қаражат есебiнен сол кезде қалыптасқан орташа кредиттiк нарық мөлшерiнде есептеле отыра" сөздерi "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес" сөздерiмен алмастырылсын.

      27. "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1993 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 2, 32-құжат; N 18, 429-құжат) 11-бабының сегiзiншi және тоғызыншы бөлiгi алынып тасталсын.

      28. "Әскери қызметшiлердi, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары мен олардың отбасыларын зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1993 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 2, 35-құжат) 12-бап алынып тасталсын.

      29. "Еңбектi қорғау туралы" 1993 жылғы 22 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 3, 40-құжат) 4-бабының оныншы абзацы алынып тасталсын.

      30. 1993 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Орман кодексiнiң (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 3, 45-құжат) 68-бабының 3-тармағындағы "Жер салығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" сөздерi "Қазақстан Республикасының салық заңдарына" сөздерiмен алмастырылсын.

      31. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" 1993 жылғы 1 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 8, 157-құжат) 30-баптың екiншi бөлiгiнiң төртiншi абзацы; 32-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "Қазақстан Республикасының азаматтарынан, шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан алынатын табыс салығы туралы" Заңға және "Жер салығы туралы" Заңға сәйкес табыс салығы мен жер салығының барлық түрлерiнен босатылады" деген сөздер алынып тасталсын.

      32. "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" 1993 жылғы 9 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 8, 202-құжат) 23-бабының екiншi бөлiгiндегi "салықтар" сөзi алынып тасталсын.

      33. "Жоғары бiлiм беру туралы" 1993 жылғы 10 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 9, 206-құжат) 32-бабы алынып тасталсын.

      34. "Қорғаныс өнеркәсiбiн конверсиялау туралы" 1993 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 19, 448-құжат) 6-бабының 5-тармағының бiрiншi сөйлемi алынып тасталсын.

      35. "Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 23-24, 516-құжат):

      37-баптың:

      2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2 Қалалық (облыстық бағыныстағы қала) бюджетке және ауданның бюджетiне облыстық Мәслихат - Депутаттар жиналысы бекiткен ставкалар мен нормативтер бойынша жалпымемлекеттiк және жергiлiктi салықтар мен алымдар, сондай-ақ мiндеттi төлемдердiң басқа да түрлерi есептеледi. Осыған қоса Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да кiрiстер есептеледi";

      3-тармақ алынып тасталсын;

      4-тармақ 3-тармақ болып саналсын, ол мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Облыстық бюджеттерге, Алматы қаласының бюджетiне жалпымемлекеттiк және басқа мiндеттi төлемдерден нормативтер бойынша түсiм есептеледi.

      Облыстық бюджеттерге, Алматы қаласының бюджетiне есептелетiн жалпымемлекеттiк салықтар және басқа да мiндеттi төлемдер бөлiгiнiң мөлшерiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi, ал аудандық бюджеттерге және қалалардың (облыстық бағыныстағы қалалар) бюджеттерiне есептелетiндердiң мөлшерiн облыстық Мәслихат - Депутаттар жиналысы белгiлейдi.";

      39-баптағы "бюджеттен тыс" сөзi алынып тасталсын.

      40-бапта:

      1-тармақтың он үшiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес" және "жергiлiктi салықтар және алымдар, баж салықтары мен" сөздерi алынып тасталсын;

      2-тармақтың "в" тармақшасының үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "- Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жер салығының ставкаларын, жер туралы заңдарға сәйкес жер үшiн жалға алу ақысын төлеу жөнiндегi жеңiлдiктердi белгiлеу".

      36. "Шетелдiк инвестициялар туралы" 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24, 280-құжат):

      4-баптың 4-тармағы "үшiн" сөзiнен кейiн "Қазақстан


      Республикасының салық заңдарында белгiленген салық жеңiлдiктерiнен

      басқа" сөздерiмен толықтырылсын.

      23-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Салықтарды есептеу Қазақстан Республикасының салық

      заңдарына сәйкес жүргiзiледi".

      37. "Атакент" еркiн сауда аймағы туралы" Қазақстан

      Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 18 сәуiрдегi N 1663

      Заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,

      1994 ж., N 180-құжат):

      7-тармақ алынып тасталсын;

      8-12-тармақтар тиiсiнше 7-11 тармақтар болып саналсын.

      II. Осы Жарлық 1995 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының

      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады