Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне және "Заңды тұлағаларды мемлекеттiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 5 қазандағы N 2489 Заң күші бар Жарлығы.

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес, қолданылып жүрген заңдарды "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заң күшi бар Жарлығына сәйкестендiру қажеттiгiне байланысты, сондай-ақ кейбiр заң актiлерi нормаларының араларындағы қайшылықтарды жою мақсатында қаулы етемiн:

      I. Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. Қазақ ССР-iнiң 1980 жылғы 13 қарашадағы Заңымен бекiтiлген Қазақ ССР-iнiң адвокатурасы туралы Ереженi (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомстары, 1980 ж., N 48, 189-құжат; Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., N 28, 382-құжат) 19-1-бабының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке адвокаттық кеңсе өз қызметiн жарғының не құрылтай шарт (құрылтайшылар бiреуден артық болғанда) пен жарғының негiзiнде жүзеге асырады. Жеке адвокаттық кеңсе әдiлет органдарында тiркеуге жатады.".

      2. "Қазақ ССР-iндегi еркiн экономикалық аймақтар туралы" Қазақ ССР-iнiң 1990 жылғы 30 қарашадағы Заңында (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1990 ж., N 49, 455-құжат; 1992 ж., N 6 116-құжат):

      1) 6-баптың 3-тармағының алтыншы абзацы алынып тасталсын;

      2) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу

      Еркiн экономикалық аймақтар аумағында орналасқан заңды тұлғалар әдiлет орындарында мемлекеттiк тiркеуге жатады. Мемлекеттiк тiркеудiң тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен айқындалады".

      3. "Қазақ ССР-iндегi тұтыну кооперациясы туралы "Қазақ ССР-iнiң 1990 жылғы 11 желтоқсандағы Заңында (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1990 ж., N 51, 485-құжат):

      1) 3-бап мына мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:

      "Тұтыну қоғамдары мен тұтыну одақтары Қазақстан Республикасының заң актiлерi белгiлеген тәртiппен тiркеледi";

      2) 8-баптың алтыншы бөлiгi алынып тасталсын.

      4. "Қазақ ССР-iндегi шаруашылық қызметтiң еркiндiгi және кәсiпкерлiктi дамыту туралы" Қазақ ССР-iнiң 1990 жылғы 11 желтоқсандағы Заңының (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1990 ж., N 51, 483-құжат) 10-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-бап. Кәсiпкерлiк қызметтiң субъектiлерiн

      мемлекеттiк тiркеу"

      Кәсiпкерлiк қызыметтiң субъектiлерiн заңды тұлғалар ретiнде мемлекеттiк тiркеу әдiлет органдарында, ал жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркеу статистика органдарында Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады".

      5. "Бәсекелестiктi дамыту және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Қазақ ССР-iнiң 1991 жылғы 11 маусымдағы Заңында (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомстары, 1991 ж., N 24, 283-құжат):

      10, 18-баптар және 12-баптың бесiншi абзацы алынып тасталсын.

      6. "Қазақ ССР-iндегi қоғамдық бiрлестiктер туралы" Қазақ ССР-iнiң 1991 жылғы 27 маусымдағы Заңында (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомстары, 1991 ж., N 27, 360-құжат):

      1) 1-баптың екiншi бөлiгiнен "жерлестiктер, қорлар" сөздерi алынып тасталсын;

      2) 7-бапта:

      - баптың аты мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Қоғамдық бiрлесiтктердiң мәртебесi";

      бiрiншi бөлiгiндегi "жалпыодақтық, республикалық" сөздерi алынып тасталсын;

      екiншi, үшiншi, төртiншi және сегiзiншi бөлiктер алынып тасталсын;

      3) 8-баптың екiншi бөлiгiндегi "жарғыларын" сөзi алынып тасталсын;

      4) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң ассоциациялары

      (одақтары)

      Қазқастан Республикасында құрылған қоғамдық бiрлестіктер өз еркiмен ассоциацияларға (одақтарға) бiрiге алады.

      Қоғамдық бiрлестiктер ассоциацияларын (одақтарын) мемлекеттiк тiркеу қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асрылады";

      5) 10-бапта:

      екiншi бөлiгiнде "бiрлестiктердiң" сөзi "бiрлестiктердi" сөзiмен алмастырылып, "коалициялық құрамасын (одағын, ассоциациясын және т.б.)" сөздер алынып тасталсын;

      үшiншi бөлiгiндегi "оның жарғысын өкiлеттi мемлекеттiк орган тiркеген кезден бастап" сөздерi "ол Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен тiркелген сәттен бастап" сөздерiмен алмастырылсын;

      6) 11-бап:

      бiрiншi бөлiгiндегi "ССРО және" сөздерi алынып тасталсын;

      үшiншi бөлiгi алынып тасталсын;

      төртiншi бөлiгi үшiншi бөлiк болып саналсын;

      7) 12-бапта:

      - бiрiншi тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қоғамдық бiрлестiктiң атауы, қызметiнiң мәнi мен мақсаты, оның орналасқан жерi";

      8 тармақта "қызметiнiң" сөзiнен кейiн "қайта ұйымдастырылу" сөздерiмен толықтырылсын;

      8) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-бап. Қоғамдық бiрлестiктi тiркеу

      Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан республикалық, аймақтық қоғамдық бiрлестiктердi тiркеудi, сондай-ақ халықаралық және шетелдiк қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдiктерi мен филиалдарын есептiк тiркеудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады.

      Жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктердi, сондай-ақ республикалық және аймақтық қоғамдық бiрлестiктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiн тiркеудi аумақтық әдiлет органдары жүзеге асырады.

      Қоғамдық бiрлестiктердi тiркеу заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы заңдарда көзделген тәртiп пен мерзiмде жүргiзiледi. Осы тәртiппен көзделген құжаттардан басқа: жарғыны қабылдаған құрылтай съезiнiң (конференциясының) немесе жалпы жиналыстың хаттамасы; республикалық және аймақтық мәртебесi бар құрылымдық бөлiмшелердiң құрылғанын растайтын құжаттар; әрқайсысының мекенжайы көрсетiле отырып, бiрлестiктi құрудың бастамашысы болған азаматтардың және оның басшы органы мүшелерiнiң тiзiмдерi ұсынылады.

      Саяси партияларды тiркеу кезiнде жоғарыда аталған құжаттардан басқа партияның бағдарламасы мен оның үш мың мүшесiнiң тiзiмi қоса берiледi.

      Есептiк тiркеу кезiнде қоғамдық бiрлестiк бекiткен құрылымдық бөлiмшелер туралы нотариалдық куәландырылған ережелердi ұсыну талап етiледi.

      Мемлекеттiк тiркеу мерзiмi құрылтай құжаттарына сараптама жүргiзген, саяси партиялар мүшелерiнiң тiзiмiне тексеру жүргiзген жағдайларда, сондай-ақ заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы заң актiлерiнде көрсетiлген негiздер бойынша тоқтатылады";

      9) 14-бап алынып тасталысын;

      10) 15, 16-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-бап. Қоғамдық бiрлестiктi тiркеуден бас тарту

      Қоғамдық бiрлестiктi, оның құрылымдық бөлiмшесiн түркеуден заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы заң актiлерiнде көзделген негiздер бойынша ғана бас тартуға болады.

      Тiркеуден бас тартуға сот тәртiбiмен шағымдануға болады.

      16-бап. Қоғамдық бiрлестiктi қайта ұйымдастыру

      және тарату

      Қоғамдық бiрлестiктi қайта ұйымдастыру (бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органының шешiмi бойынша, оның жарғысы мен заң актiлерiнде көзделген тәртiппен жүргiзiледi.

      Қайта ұйымдастырудан кейiн жаңадан құрылған қоғамдық бiрлестiктердi тiркеу осы Заңның 13-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      Қоғамдық бiрлестiк:

      а) қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органының шешiмi бойынша;

      б) соттың шешiмi бойынша таратылады.

      Қоғамдық бiрлестiктi таратудың қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органы немесе сот тағайындайтын арнайы тарату комиссиясы азаматтық заңдарда көзделген тәртiппен жүргiзедi. Жарғысында көзделген органның шешiмi бойынша немесе соттың шешiмi бойынша таратылған қоғамдық бiрлестiктiң мүлкi оның жарғысында көзделген мақсаттарға жұмсалады";

      11) 23-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "Қоғамдық бiрлестiктiң жарғысын тiркеген мемлекеттiк орган" сөздерi "Қоғамдық бiрлестiктi тiркеген әдiлет органы" сөздерiмен алмастырылсын;

      12) 24-бапта:

      бiрiншi бөлiгiндегi "ССРО және" сөздерi алынып тасталсын;

      үшiншi бөлiгiндегi "қоғамдық бiрлестiктiң жарғысын" сөздерi "қоғамдық бiрлестiктi" сөздерiмен алмастырылсын;

      төртiншi бөлiктегi "жарғыны" сөзi "оны" сөзiмен "екiден бес мың сомға дейiнгi мөлшерде" сөздерi "бестен онға дейiнгi ең төменгi жалақы мөлшерiнде" сөздерiмен алмастырылсын;

      13) 25-бап алынып тасталсын;

      14) 27-бапта "ССРО-ның немесе" сөздерi алынып тасталсын.

      7. "Баспасөз және басқа бұқаралық хабарлама құралдары туралы" 1991 жылғы 28 маусымдағы Қазақ ССР Заңында (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң ведомостары, 1991 ж., N 28, 390-құжат):

      1) 8-бапта:

      баптың аты мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-бап. Бұқаралық ақпарат құралы мекемесiн тiркеу

      бiрiншi бөлiктегi "тиiстi бұқаралық хабарлама құралын тiркеткеннен" сөздерi "заңды тұлға ретiнде әдiлет органдарында тiркелгеннен" сөздерiмен алмастырылсын;

      екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:

      "Редакцияны және бұқаралық ақпарат шығаруды жүзеге асыратын өзге де мекемелердi тiркеу үшiн тiркеушi органға Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысанда өтiнiш берiледi. Оған республиканың заң актiлерiне сәйкес құрылтай және басқа да құжаттар қоса берiледi";

      үшiншi және төртiншi бөлiктер алынып тасталсын;

      бесiншi және алтыншы бөлiктер тиiсiнше үшiншi және төртiншi бөлiктер болып саналсын.

      2) 9-бапта:

      атауындағы "құралын" сөзi "құралы" сөзiмен және бiрiншi бөлiгiндегi "құралын" сөзi "құралы" сөзiмен алмастырылып, олардан кейiн "мекемелерi" сөзiмен толықтырылсын;

      екiншi бөлiгi алынып тасталсын;

      3) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-бап. Мемлекеттiк тiркеуге ақы төлеу

      Бұқаралық ақпарат құралы мекемесiн мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) үшiн Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiп пен мөлшерде алым алынады";

      4) 13-бапта:

      алтыншы бөлiгiндегi "халық депутаттары Советтерiнiң" сөздерi алынып тасталсын және "құралдарын тiркеу органдарының" сөздерi "құралдары мекемелерiн тiркеу органдарының" сөздерiмен алмастырылсын.

      Жетiншi бөлiгiнде "ССРО Конституциясының" сөздерi алынып тасталсын;

      5) 14-бапта:

      атауында, бiрiншi және екiншi бөлiгiнде "құралын" сөзi "құралы мекемесiн" сөздерiмен алмастырылсын;

      6) 14-1 баптағы "құралдарын" сөздерi "құралдары мекемелерiн" сөздерiмен алмастырылсын.

      8. "Мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., N 27, 349-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 9, 218-құжат) 17-бабы алынып тасталсын.

      9. "Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 4, 84-құжат):

      1) 7-баптың үшiншi бөлiгiндегi "тiркелген" сөзi алынып тасталсын;

      2) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-бап. Дiни бiрлестiктiң жарғысы (ережесi)

      "Дiни бiрлестiк өз қызметiн жарғының (ереженiң) негiзiнде жүзеге асырады, онда мыналар:

      - дiни бiрлестiктiң атауы, орналасқан жерi және шегiнде ол өз қызметiн жүргiзетiн аумақ;

      - ұстанатын дiнi, қызметiнiң мәнi мен мақсаты;

      - дiни бiрлестiктiң құрылымы, қалыптасу тәртiбi, оның басқару органдарының құзыры мен өкiлеттiгiнiң мерзiмi;

      - дiни бiрлестiктiң құқықтары мен мiндеттерi;

      - дiни бiрлестiк мүлкінiң құралу тәртiбi;

      - дiни бiрлестiк жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзудiң тәртiбi;

      - дiни бiрлестiктi қайта ұйымдастыру мен тарату тәртiбi болуға тиiс.

      Дiни бiрлестiктiң жарғысында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қолданылып жүрген заңдарға қайшы келетiн ережелер болмауға тиiс";

      3) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-бап. Дiни бiрлестiктердi тiркеу

      Дiни бiрлестiктi кемiнде кәмелетке толған 10 азаматтың бастамашылығымен құрылады. Бұл үшiн олар жиналыс шақырады, онда жарғы (ереже) қабылдайды.

      Дiни бiрлестiк мемлекеттiк тiркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлғаның құқықтық қабiлетiне ие болады.

      Республиканың екi немесе одан да көп облыстарының аумағында қимыл жасайтын дiни басқармаларды (орталықтарды), бiрлестiктердi, сондай-ақ олар құратын дiни оқу орындарын, монастырьларды және басқа да бiрлестiктердi мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасының әдiлет министрлiгi, ал жергiлiктi дiни бiрлестiктердi тiркеудi аумақтық әдiлет органдары жүзеге асырады.

      Мемлекеттiк және есептiк тiркеу, қайта тiркеу, тiркеуден бас тарту қолданылып жүрген заңдарда көзделген тәртiп пен мерзiмде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттiк тiркеу мерзiмi дiнтану және өзге сараптама жүргiзу, сондай-ақ дiни бiрлестiк берген құжаттар бойынша маманның қорытындысын алу қажет болғанда тоқтатыла тұрады".

      4) 10-бап алынып тасталсын;

      5) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-бап. Дiни бiрлестiктi тарату

      Дiни бiрлестiк азаматтық заңдарда көзделген тәртiп пен негiздерде таратылады";

      6) 14-бапта:

      бiрiншi бөлiктегi "ассоциациялары мен" және "қоғамдық бiрлестiктер үшiн белгiленген тәртiппен тiркелетiн" сөздерi алынып тасталсын;

      мына мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:

      "Дiни бiрлестiктер ерiктi түрде ассоциацияларға (одақтарға) бiрiге алады";

      екiншi және үшiншi бөлiктер тиiсiнше үшiншi және төртiншi бөлiктер болып саналсын;

      7) 19-бапта:

      баптың атауы мен бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-бап. Таратылған дiни бiрлестiктiң мүлкiне

      иелiк ету

      Дiни бiрлестiк таратылған ретте оның меншiгiнде болған мүлiкке иелiк ету оның жарғысына (ережесiне) және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады".

      10. "Жеке кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 4 маусымдағы Заңында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 16, 424-құжат);

      1) 5-баптың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "заңдық реттеу жолымен жеке кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiн бiр тiркеушi органда бiрыңғай тiркеу тәртiбiн белгiлеу";

      2) 8-баптың 1, 3, 4, 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жеке кәсiпкер заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Кәсiпкерлiк қызметтi заңды тұлға құрмай, жүзеге асыратын азаматтарды мемлекеттiк тiркеу оның өзiнiң келiп тiркелуi сипатында жүргiзiледi және оны аудандық (қалалық) статистика органдарында жеке кәсiпкер ретiнде есепке алуға саяды";

      "3. Ұсынылған құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмегенде немесе заңды тұлға құрудың заңмен белгiленген тәртiбi бұзылғанда ғана мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға болады. Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсiн тiркеуден бас тартқан жағдайда тiркеушi орган өтiнiш берiлген күннен бастап 15 күн iшiнде оған заңның бұзылғандығы көрсетiлген жазбаша түрдегi дәлелдi бас тарту берге мiндеттi;

      4. Кәсiпкерлiк қызметтi заңды тұлға құрмай жүзеге асырып отырған азаматтар мемлекеттiк тiркеуден:

      - шаруа (фермер) шаруашыылғының құрамында болса;

      - мердiгерлiк шарттың өзге де азаматтық-құқықтық шарттардың негiзiнде бiржолғы жұмыстарды орындайтын болса;

      - көтерме және бөлшек сауда желiсiнен тыс өздерiне тиесiлi мүлiктi, сондай-ақ сырттан әкелiнген өнеркәсiп және азық-түлiк тауарларын қоса алғанда, өндiрiлген, ұқсатылған, сатып алынған өнiмдерiн бұл үшiн арнайы бөлiнген орындарда немесе комиссиялық дүкендер арқылы сатумен айналысатын болса;

      - жұмыс пен қызмет көрсетудi iске асырудан алатын түсiмi жылына ең төменгi жиырма жалақыдан аспайтын болса босатылады.

      Салық төлеушiлер ретiнде аталған азаматтарды есепке алу және оларға салық салудың тәртiбi салық заңдарына сәйкес жүргiзiледi";

      "6. Кәсiпкерлiк қызметтi заңды тұлға құрмай, жүзеге асырушы азаматтар сатып алған патенттерiнiң негiзiнде жұмыс iстейдi. Патент сонымен қатар азаматтың кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелуден өткендiгiнiң куәлiгi әрi патентте көзделген кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн лицензия болып табылады. Патенттердi беру тәртiбi мен патенттiк алым сомасын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды";

      3) 9-бап, мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк

      тiркеу тәртiбi

      1. Жеке кәсiпкердiң заңды тұлға ретiнде тiркелуi үшiн тiркеушi органға Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысанда өтiнiш берiледi және "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес құжаттар қоса берiледi.

      2. Кәсiпкерлiк қызметтi заңды тұлға құрмай жүзеге асрыушы азамат, егер ол тiркелуге тиiс болса, онда статистика органдарына белгiленген үлгiдегi тiркеу карточкасын бередi.

      Тiркеу карточкасында: тегi, аты, әкесiнiң аты; туған жылы мен жерi; жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi (құжаттың сериясы, нөмiрi, кiмнiң және қашан бергенi); тұрғын жерi; кәсiпкерлiк қызметiнiң түрi; егер өндiрiстiк үй-жайы бар болса - оның орналасқан жерi көрсетiледi.

      Карточкаға азамат қолын қояды, оның қойған қолы нотариалдық тәртiппен куәландырылады.

      3. Өтiнiшiнде немесе тiркеу карточкасында көрсетiлген деректер өзгерген жағдайда, кәсiпкер оған өзгерту енгiзуге мiндеттi;

      4) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-бап. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк беру

      1. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк кәсiпкер заңды тұлғаға өтiнiш пен оған қажеттi құжаттарды өткiзген кезден бастап 15 күннiң iшiнде берiледi.

      Кәсiпкерлiк қызметтi заңды тұлға құрмай, жүзеге асыратын азаматты тiркеу ол тiркеу карточкасын берген кезден бастап 10 күннiң iшiнде жүргiзiлуге тиiс.

      2. Мемлекеттiк тiркеу, қайта тiкреу және мемлекеттiк тiркеуден өткенi туралы куәлiктiң дубликаты (тiкреу куәлiгi) берiлгенi үшiн Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген мөлшерде алым алынады".

      5) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-бап. Мемлекеттiк тiркеу туралы заңдарды бұзғаны

      үшiн жауапкершiлiк

      1. Мемлекеттiк тiркеуден өтпеген жеке кәсіпкерлiкке, егер заң актiлерiнде басқаша көзделмесе, жол берiлмейдi. Мемлекеттiк тiркеуден өтпеген қызметтен алынған кiрiс республикалық бюджеттiң кiрiсiне алынады.

      2. Кәсiпкердiң заңдарда белгiленген тәртiппен қайта тiркелуiн талап ететiн деректердiң өзгергенi туралы мәлiметтердiң бiр ай мерзiм iшiнде берiлмеуi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауаптылыққа әкелiп соғады.

      3. Егер кәсiпкер белгiленген мерзiмде тiркелмесе немесе оны тiркеуден бас тартылған болса, онда ол тiркеушi органның орналасқан жерi бойынша сотқа шағымдануға хақылы.

      Тiркеушi орган заңды тұлғаны тiркеуден заңсыз бас тартқан жағдайда, өтiнiш берушi өзiнiң шеккен зиянын сот тәртiбiмен өндiрiп берiлуiн талап етуге хақылы".

      11. "Кәсiптiк одақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуiрдегi Заңында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 8, 200-құжат);

      1) 8-бапта:

      үшiншi бөлiкте "оның жарғысы" сөзi "ол" сөзiмен алмастырылсын;

      төртiншi бөлiктегi "жарғыларды (өзге де негiзгi құжаттарды)" сөздерi "кәсiптiк одақтары" сөздерiмен алмастырылсын";

      2) 24-баптың бiрiншi бөлiгiнен "және олардың органдары" сөздерi алынып тасталсын.

      12. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде (жалпы бөлiмi):

      1) 106-баптың бiрiншi тармағында:

      бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасында қоғамдық бiрлестiктер болып, саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы келмейтiн, өздерiнiң ортақ мақсаттарына жету үшiн ерiктi негiзде құрған басқа да бiрлестiктерi танылады";

      үшiншi бөлiгi алынып тасталсын;

      2) 107-баптың 4-тармағының екiншi бөлiгi алынып тасталсын;

      3) 109-бапта:

      2-тармақтағы "тiркелген" сөзi алынып тасталсын;

      3-тармақ мынадай редкцияда жазылсын:

      "3. Республикадан тыс жерлерде басқару орталықтары бар Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктер әдiлет органдарында тiркеуге жатады. Басқару орталықтарының жарғылары (ережелерi), егер олар Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, осындай дiни бiрлестiктер жарғыларының (ережелерiнiң) негiзiне алынуы мүмкiн";

      5-тармақта "тәртiп тiркелетiн" сөздерi "тәртiппен тiркеледi және" сөздерiмен алмастырылсын;

      7-тармақ "дiни" сөзiнiң алдынан "өздерiнiң жарғылық мақсаттарына сәйкес" сөздерiмен толықтырылсын.

      13. "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2198 Заң күшi бар Жарлығында :

      1) 2-баптың соңғы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы ақпаратты (қызметтiк немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпараттан басқасын) мүдделi адамдарға уағдаластық шарттар бойынша өткiзу мақсатында жүзеге асырылады";

      2) 6-бапта:

      бесiншi бөлiктегi "нотариалдық куәландырылған" сөздерi алынып тасталсын;

      бап мынадай мазмұндағы жаңа жетіншi бөлiкпен толықтырылсын:

      "Қоғамдық және дiни бiрлестiктердi тiркеу арнаулы заң актiлерiнде көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, Жарлықтың осы бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады";

      жетiншi және сегiзiншi бөлiктер тиiсiнше сегiзiншi және тоғызыншы бөлiктер болып саналсын;

      сегiзiншi бөлiк "тiркеушi органға" деген сөздерден кейiн "заңды тұлғаның, оның филиалы мен өкiлдiгiнiң орналасқан жерiн куәландыратын құжат, сондай-ақ" сөздерiмен толықтырылсын;

      3) 9-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

      "Толық емес құжаттар пакетi тапсырылған, оларда кемшiлiктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажет болған жағдайларда, сондай-ақ заң актiлерiнде көзделген өзге де негiздер бойынша мемлекеттiк тiркеу мерзiмi тоқтатыла тұрады";

      4) 10-баптағы "заңды тұлғаны" сөздерi "құрылған, қайта ұйымдастырылған және өз қызметiн тоқтатқан заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн" сөздерiмен алмастырылсын;

      5) 11-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заңды тұлға құрудың заңда белгiленген тәртiбi бұзылған немесе оның құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеген жағдайларда заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға жол берiледi";

      6) 12-баптың төртiншi бөлiгi алынып тасталсын.

      II. "Қазақстан Республикасында шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi тiркеудi ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 24 қаңтардағы N 584 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 2, 27-құжат) күшi жойылған деп танылсын.

      III. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының


Президентi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады