Заң күшi бар "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығы 1995 жылғы 14 қараша N 2635

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 1-бабына сәйкес қаулы етемiн:
      1. "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" 1993 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 2, 28-құжат) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. 1-бапта:
      1-тармақтағы "Қазақстан Республикасын қорғау - Қазақстан Республикасы азаматының борышы" сөздерi "Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбiр азаматының қасиеттi борышы және мiндетi болып табылады" сөздерiмен алмастырылсын;
      2-тармақтың бiрiншi абзацы "Қарулы Күштерiн" сөздерiнен кейiн "Ұлттық қауiпсiздiк комитетiн, Шекара және Iшкi әскерлерiн, Республикалық ұланын, Азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен бөлiмдерiн және басқа әскери құрамаларын (бұдан былай - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа әскерлерi мен әскери құрамалары)" сөздерiмен толықтырылсын.
      3-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "мемлекеттiк басқару" және "өкiмет пен басқару органдарына" сөздерi тиiсiнше "мемлекеттiк өкiмет" және "өкiлдi және атқарушы органдарға" сөздерiмен алмастырылсын;
      екiншi, үшiншi, төртiншi абзацтар алынып тасталсын;
      бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк халықаралық шарттарда көрсетiлген реттерден өзге басқа мемлекеттердiң азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.
      Қазақстан Республикасында тұратын басқа мемлекеттердiң азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының мүдделерi үшiн әскери қызмет атқара алады";
      4-тармақта:
      екiншi абзацтағы "16-дан 18 жасқа дейiнгi жасөспiрiмдер" сөздерi

"шақыру учаскесiне тiркелгенге дейiн әскери қызметке даярлықтан
өтетiн 15 жасқа толған жасөспiрiмдер" сөздерiмен алмастырылсын;
     үшiншi абзацтағы "18-ден 27 жасқа дейiнгi жастар" сөздерi
"адамдар" сөзiмен алмастырылсын;
     төртiншi, бесiншi, алтыншы абзацтардағы "азаматтар" сөзi
"адамдар" сөзiмен алмастырылсын;
     5-тармақта:
     екiншi абзацтағы "шақырушылардың" сөзi алынып тасталсын;
     "есебiне" сөзi "есепке" сөзiмен алмастырылсын;
     үшiншi абзацтағы "әскери" сөзi "әскери-техникалық" сөздерiмен
алмастырылсын.

     2.2-бапта:
     1-тармақта:


      бiрiншi абзацтағы "алдындағы борышын" сөздерi "алдындағы қасиеттi борышын және мiндеттерiн" сөздерiмен алмастырылсын, "Қарулы Күштерiнде" сөздерiнен кейiн "басқа әскерлерi мен әскери құрамаларында" сөздерiмен толықтырылсын;
      бесiншi абзац алынып тасталсын;
      сегiзiншi абзац "мичмандардың" сөзiнен кейiн "контракт бойынша" сөздерiмен толықтырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiне халықаралық шарттарға сәйкес бiрiккен (коалициялық) қарулы күштер (әскерлер топтары) құрамында әскери қызмет атқаруға рұқсат етiледi.
      Егер бұл халықаралық шарттарда көзделмеген болса, Қазақстан Республикасының азаматтарға басқа мемлекеттердiң Қарулы Күштерiнде әскери қызмет атқаруға тыйым салынады";
      3-тармақтың үшiншi абзацында "Жоғарғы Кеңесi" сөздерi "Президентi" сөзiмен алмастырылсын.
      3.3-бапта:
      баптың атауы мен бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа
            әскерлерi мен әскери құрамаларын әскери
                     қызметшiлермен жасақтау
      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларын әскери қызметшiлермен шақыру бойынша жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк негiзiнде, сондай-ақ контракт бойынша дербес аумақтық және аумақтық принциптердi ұштастыра отырып жасақталады";
      екiншi бөлiгi "Қарулы Күштерiн" сөздерiнен кейiн "басқа әскерлерi мен әскери құрамаларын" сөздерiмен, ал үшiншi бөлiгi "Қарулы Күштерiнiң" сөздерiнен кейiн "басқа әскерлерi мен әскери құрамаларының" сөздерiмен толықтырылсын;

      4.5-бапта:
      1-тармақта:
      "Қарулы Күштерiнде" сөздерiнен кейiн "басқа әскерлерi мен әскери құрамаларында" сөздерiмен толықтырылсын;
      екiншi абзацтағы "Әскери-Теңiз Флотының бөлiмдерi" сөздерi "Кеме" сөздерiмен алмастырылсын;
      "Әскери-Теңiз Флотының бөлiмдерi" бөлiмiнен "қатардағы жауынгер, ефрейтор, кiшi сержант, сержант, аға сержант, старшина, капитан, майор, подполковник, полковник, генерал-майор, генерал-лейтенант және генерал-полковник" сөздерi алынып тасталсын;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Авиация жоғары офицерлерi құрамының (ұшқыш, инженерлiк-авиациялық даярлығы бар инженерлiк) әскери атақтарына "авиация" сөзi қосылады";
      3-тармақтың екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Басқа лауазымды адамдардың әскери қызметшiлердiң қалған санаттарына әскери атақтар беру жөнiндегi құқығы әскери қызмет өткеру туралы ережелермен белгiленедi";
      бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Әскери қызметшiлер мен әскери мiндеттiлер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жалпы әскери жарғылары мен әскери қызмет өткеру туралы ережелерде белгiленген тәртiппен әскери атақтарынан айырылуы, сондай-ақ олардың әскери атағының төмендетiлуi немесе қайта қалпына келтiрiлуi мүмкiн."
      5.6-бапта:
      1 және 3-тармақтар "Қорғаныс министрi" және "Бас Прокуроры" сөздерiнен кейiн тиiсiнше "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi, Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Төрағасы" және "басқа әскери құрамалардың бiрiншi басшылары" сөздерiмен толықтырылсын. "Қорғаныс министрi" және "Республикалық ұланының" сөздерiнiң алдындағы "Қазақстан Республикасының" сөздерi алынып тасталсын;
      1-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Офицерлер құрамының адамдары қызметтерiн атқаруға тиiс сот органдары әскери қызметшiлерi лауазымдарының тiзбесi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес белгiленедi";
      3-тармақтың бiрiншi абзацы "Қарулы Күштерiнiң" сөздерiнен кейiн "басқа әскерлерi мен әскери құрамаларының" деген сөздермен толықтырылсын:
      4-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "пен басқару", "тұрақты" сөздерi алынып тасталсын;
      екiншi, үшiншi, төртiншi және бесiншi абзацтары жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары және жергiлiктi өкiлдi органдар комиссияларының босатылған төрағалары болып сайланған әскери қызметшiлер әскери қызметтен шығарылады. Олар өздерiнiң депутаттық өкiлеттiктерi аяқталған соң әскери қызметке белгiленген тәртiппен қайта қабылдануы мүмкiн.
      Жергiлiктi өкiлдi органдардың депутаттары болып сайланған әскери қызметшiлер осы органдар жұмысы (сессиясы) кезеңiнде өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатылады.
      Әскери қызметте қалдырыла отырып қорғаныс сипатындағы жұмыстарды орындау үшiн өкiлдi және атқарушы органдарға, сондай-ақ министрлiктер мен ведомстволарға iссапарға жiберiлген әскери қызметшiлердi әскери үлестiң барлық түрлерiмен қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың әскери қызметтен өту тәртiбi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен реттеледi".
      6.7-бапта:
      1-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қарулы Күштердiң, басқа әскерлер мен әскери құрамалардың әскери киiм үлгiсi мен айырым белгiлерiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi, олармен жабдықтау нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Әскери киiм үлгiсiн киiп жүру ережесiн Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi, ал оның жекелеген түрлерiн киiп жүру және айырым белгiлерiн тағу ерекшелiктерiн басқа әскерлерi мен әскери құрамалардың бiрiншi басшылары белгiлейдi".
      7.8-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "- бастапқы әскери даярлық";
      төртiншi және жетiншi абзацтар алынып тасталсын;
      2-тармақта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шақыруға дейiнгiлер мен шақырушыларды әскери қызметке даярлауды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң басшылығымен министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволар, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар ұйымдастырады, әрi ол меншiк нысанына қарамастан, оқу орындарында, ұйымдарда және басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлерде жүзеге асырылады";
      екiншi абзац "шақыруға дейiнгiлердi" сөздерiнен кейiн "және шақырылушыларды" сөздерiмен толықтырылсын, "шақыруға дейiнгi" сөздерi "бастапқы әскери" сөздерiмен алмастырылсын;
      үшiншi абзац "өкiмет пен басқару органдары", "кәсiпорындар бiрлестiктерi" және "осы" сөздерi тиiсiнше "өкiлдi және атқару органдары", "басқару органдары" және "бастапқы әскери" сөздерiмен алмастырылсын, "шақыруға дейiнгiлердi" сөзiнен кейiн "және шақырушыларды" сөздерiмен толықтырылсын;
      3-тармақ алынып тасталсын;
      8. Заң мынадай мазмұндағы 8-1 баппен толықтырылсын:
      "8-1 бап. Бастапқы әскери даярлық
      Шақыруға дейiнгiлер және шақырылу жасындағы жасөспiрiмдермен бастапқы әскери даярлықты бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан, барлық үлгiдегi жалпы бiлiм беретiн мектептерде, кәсiптiк-техникалық училищелерде және арнаулы орта оқу орындарында штаттағы ұйымдастырушы-оқытушылар жүргiзедi.
      Оқу орындарында бастапқы әскери даярлықтан өтпеген жасөспiрімдер оны мерзiмдi әскери қызметке шақырылу алдында жергiлiктi атқару органдарының шешiмi бойынша құрылатын оқу пункттерiнде өтедi.
      Шақыруға дейiнгiлер мен шақырылу жасындағы жасөспiрiмдермен бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру мен жүргiзу тәртiбi жастарды бастапқы әскери даярлау туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Ережемен белгiленедi".
      9.9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "9-бап. Шақырушыларды әскери-техникалық мамандықтар бойынша
              даярлау
      1. Шақырушыларды әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау министрлiктер мен ведомстволардың оқу ұйымдарында және Республиканың мемлекеттiк бiлiм беру жөнiндегi оқу орындарында даярлық жағдайы мен сипатына қарай өндiрiстен қол үзе отырып, сондай-ақ қол үзбей жүргiзiледi.
      Шақырушыларды даярлау Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен келiсiлген бағдарламалар мен жоспарлар бойынша шарттық негiзде әскери-қолданбалы бағыттағы қоғамдық бiрлестiктерде жүзеге асырылуы мүмкiн.
      Меңгерген әскери-техникалық мамандығы бойынша әскери қызметке денсаулығы жарамды және оқуын бiтiрген соң мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақырылуға жататын шақырушылар даярлыққа тартылады.
      2. Өндiрiстен қол үзе отырып әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлықтан өтiп жатқан шақырушыларға оқу кезеңiне жұмыс орны, атқаратын қызметi сақталады және негiзгi жұмыс орны бойынша орташа жалақысы төленедi.
      Өндiрiстен қол үзбей оқытуға тартылған шақырушыларға, даярлық кезеңiне кешкi мектептерде оқитын адамдар үшiн заңда көзделген ережелерге сәйкес жұмыс күнiнiң қысқартылған ұзақтығы белгiленедi. Емтихандарға даярлық пен оны тапсыру кезеңiне оларға негiзгi жұмыс орны бойынша орташа жалақысы төлене отырып ұзақтығы 10-15 жұмыс күнiн құрайтын (мамандығына және оқу бағдарламаларының көлемiне қарай) демалыс берiледi.
      Жеке меншiкке негiзделген ұйымдардың осы шақырылушыларға орташа жалақы төлеу жөнiндегi шығыстары аталған мамандар өздерiне арнап даярланатын министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволардың қаражаты есебiнен өтеледi.
      3. Әскери-техникалық мамандықтар бойынша оқытуға тартылған шақырушылардың сабаққа қатысуы мiндеттi болып табылады.
      10.10-бапта:
      3-тармақтың екiншi абзацы мынадай мазмұндағы жаңа сөйлеммен толықтырылсын:
      "Олар профилi жөнiнен әскери мамандығына жуық алынған бiлiмiне сәйкес өздерiне офицерлiк атақ берiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi бекiткен тәртiппен және мамандықтар бойынша офицерлер ретiнде әскери қызметке шақырылуы мүмкiн".
      11.11-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Шақыруға дейiнгiлер мен шақырушылардың дене даярлығын жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, меншiк нысанына қарамастан бiлiм беру, дене мәдениетi және спорт органдары, спорт ұйымдары мен басқа да ұйымдар ұйымдастырып, жүргiзедi";
      2-тармақтың екiншi абзацында "17 жастағы" сөздерi "15 жастан бастап" сөздерiмен алмастырылсын, "шақырушыларды медициналық тексеруге тартылатын" сөздерi алынып тасталсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Шақыруға дейiнгi және шақырылу жасындағы жасөспiрiмдерге патриоттық тәрбие берудi тұрғылықты жерi, оқу немесе жұмыс орны бойынша барлық мемлекеттiк ұйымдар мен меншiк нысанына қарамастан басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлер жүзеге асырады".
      12.12-бапта:
      1-тармақта "тiркеу" сөзi "тiркеудi" сөзiмен алмастырылсын, "жүргiзiледi" сөзi "жүргiзедi" сөзiмен алмастырылсын, "жүргiзедi" сөзiнен кейiн "тұрғылықты жерi бойынша аудандық (қалалық) әскери комиссариаттар" сөздерiмен толықтырылсын;
      2-тармақта:
      бiрiншi абзацтан екiншi сөйлем алынып тасталсын;
      екiншi абзацтағы "заңдарға" сөзi "заңдарына" сөзiмен алмастырылсын, "қолданылып жүрген" "заңдарына" сөзiнiң алдынан "Қазақстан Республикасының" сөздерiмен толықтырылсын;
      3-тармақта:
      "өкiмет пен басқару органдары" сөздерi "өкiлдi және атқарушы органдар" сөздерiмен алмастырылсын, "шақырушылардың" сөздерiнен кейiн "сондай-ақ шақыруға дейiнгi жастардың" сөздерiмен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Осы органдардың лауазымды адамдары бастапқы әскери есепке алу ережелерiн бұзғаны және аудандық (қалалық) әскери комиссариаттардың шақыру учаскелерiне тiркелуге жататын жасөспiрiмдердiң тiзiмдерiн уақтылы табыс етпегенi үшiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауап бередi";

     5-тармақта:
     бiрiншi, екiншi, үшiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
     "Азаматтарды аудандардағы (қалалардағы) шақыру учаскелерiне
тiркеудi жүргiзу үшiн жергiлiктi атқарушы орган әкiмiнiң шешiмiмен
мына құрамда тиiстi комиссиялар құрылады:
     - комиссия төрағасы - аудандық (қалалық) жергiлiктi атқарушы
орган әкiмiнiң орынбасары;
     - комиссия төрағасының орынбасары - аудандық (қалалық) әскери
комиссар.
     Комиссия мүшелерi:
     - азаматтарды медициналық куәландыруға қатысушы дәрiгерлер;
     - әскери комиссариаттың өкiлi;
     - комиссия хатшысы";


      төртiншi абзацтағы "жергiлiктi өкiмет пен басқару органдары" сөздерi "жергiлiктi атқарушы орган әкiмi" сөздерiмен алмастырылсын;
      6-тармақ "әскери есепке алынады" сөздерiнен кейiн "және шақырушылар санатына өтедi" сөздерiмен толықтырылсын;
      13.13-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы негiзiнде жылына екi рет, сәуiр-маусым және қазан-желтоқсан айларында өткiзiледi. Шақыру мерзiмiн кейiнге қалдыру немесе одан босатылуға құқығы жоқ 18-ден 27 жасқа дейiнгi азаматтар шақыруға жатады".
      бап мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
      "2. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды ауданның (қаланың) және облыстың жергiлiктi өкiлдi органдарымен бiрлесе отырып, тиiстi әскери комиссариаттар арқылы жергiлiктi атқарушы орган әкiмi ұйымдастырып, қамтамасыз етедi.
      Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi осы Заңмен және Қазақстан Республикасының үкiметi бекiткен жастарды әскери қызметке даярлау және шақыруды өткiзу туралы Ережемен белгiленедi";
      2-тармақ "оқу орындарының" сөздерiнен кейiн "тұрғын үй-пайдалану ұйымдары мен тұрғын үй басқармаларының" сөздерiмен толықтырылсын, "шақырылушылардың шақыру учаскесiне дер кезiнде келуiн қамтамасыз ету үшiн оларды" сөздерi "шақырылушыларды iссапардан (демалыстан және т.т.) керi шақырып алуға, оларды хабардар етудi ұйымдастыруға және олардың шақыру учаскесiне уақтылы келуiн қамтамасыз етуге мiндеттi" сөздерiмен алмастырылсын;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы бiрiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Мерзiмдi әскери қызметке шақырылуға жататын шақырылушылар әскери комиссариаттың шақыруы бойынша шақыру және медициналық комиссияларынан өту әрi әскерге жөнелтiлу үшiн шақыру учаскесiне келуге мiндеттi";
      4-тармақта "ер жынысты" сөздерi алынып тасталсын;
      2, 3, 4-тармақтар тиiсiнше 3, 4, 5-тармақтар болып саналсын.
      14.14-бапта:
      1-тармақта:
      бiрiншi-сегiзiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен өткiзу үшiн аудандық (қалалық) жергiлiктi атқарушы орган әкiмiнiң шешiмiмен аудандарда (қалаларда) мына құрамда шақыру комиссиялары құрылады:
      - комиссия төрағасы - аудандық (қалалық) жергiлiктi атқарушы орган әкiмiнiң орынбасары;
      - комиссия төрағасының орынбасары - аудандық (қалалық) әскери комиссар.
      Комиссия мүшелерi:
      - аудандық (қалалық) iшкi iстер бөлiмiнiң өкiлi;
      - медицина қызметкерлерiнiң жұмысына басшылық ететiн дәрiгер - медициналық комиссияның төрағасы;
      - комиссия хатшысы.
      Комиссия құрамына, сонымен қатар мемлекеттiк ұйымдардың, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi енгiзiлуi мүмкiн";
      тоғызыншы абзацтағы "жергiлiктi өкiмет пен басқару органдарының басшысы" сөздерi "жергiлiктi атқарушы орган әкiмi" сөздерiмен алмастырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Аудандық (қалалық) шақыру комиссияларының қызметiне басшылық ету және бақылау жасау үшiн облыстарда және Алматы қаласында мына құрамда тиiстi облыстық (Алматы қаласында - қалалық) шақыру комиссиялары құрылады:
      - комиссия төрағасы - облыстық (Алматы қаласында - қалалық)

жергiлiктi атқарушы орган әкiмiнiң орынбасары;
     - комиссия төрағасының орынбасары - облыстық (Алматы қаласында -
қалалық) әскери комиссар.
     Комиссия мүшелерi:
     - облыстық (Алматы қаласында қалалық) iшкi iстер басқармасы
бастығының орынбасары;
     - облыстық (Алматы қаласында қалалық) денсаулық сақтау
басқармасы (департаментi) бастығының орынбасары;
     - әскери комиссариаттың дәрiгерi (медицина қызметiнiң офицерi) -
медициналық комиссияның төрағасы;
     - комиссия хатшысы.
     Комиссия құрамына, сонымен қатар мемлекеттiк ұйымдардың,
сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi енгiзiлуi мүмкiн";
     3-тармақ алынып тасталсын.
     15.15 және 16-баптар жаңа редакцияда жазылсын:
     "15-бап. Мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру
     1. Мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру азаматтарға
аудандық (қалалық) шақыру комиссиясының шешiмi бойынша:
     - отбасы жағдайына қарай;
     - оқу орындарында бiлiм алуын жалғастыру үшiн;
     - денсаулық жағдайына байланысты;
     - басқа да себептер бойынша берiледi.
     2. Отбасы жағдайына қарай мерзiмдi әскери қызметке шақыруды
кейiнге қалдыру:


      а) басқа адамның көмегiне мұқтаж және мемлекеттiң толық асырауында емес отбасы мүшелерiне қарайласатын шақырылушыларға заң бойынша олармен бiрге немесе бөлек тұратынына қарамастан, аталған отбасы мүшелерiн асырауға мiндеттi. Қазақстан Республикасы аумағында тұратын жақын туыстары немесе басқа адамдары болмаған жағдайда берiледi.
      Басқа адамның көмегi мен күтiмiне мұқтаж отбасы мүшелерi мыналар:
      - зейнеткерлiк жасына жеткен (ерлер - 60 жас, әйелдер - 55 жас) немесе бiрiншi не екiншi топтағы мүгедектер болып табылатын әкесi, анасы, әйелi, сондай-ақ шақырылушының ата-анасы болмаған ретте, егер олар өзiнiң асырауында болса атасы мен әжесi;
      - 18 жасқа толмаған iнi-қарындастары немесе бұл жастан асқан аға-апалары, егер олар бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер болса;
      - шақырылушыдан басқа екi не одан көп 18 жасқа толмаған немесе бұл жастан асқан, бiрақ бiрiншi не екiншi топтағы мүгедек болып табылатын балалары бар және оларды күйеусiз (әйелсiз) тәрбиелеп отырған анасы (әкесi);
      асырауында жасына қарай еңбекке жарамсыз немесе бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер болып табылатын екi не одан көп жалғыз басты жақын туыстары (әкесi, анасы, аға-апалары, iнi-қарындастары) бар және оларды күйеусiз (әйелсiз) күтiп отырған анасы (әкесi);
      - күтiмiнде бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедек болып табылатын әйелi (күйеуi) бар және шақырылушыдан басқа 18 жасқа толмаған екi не одан көп балалар тәрбиелеп отырған ата-ананың бiрi;
      б) өзiнiң асырауында:
      - анасыз тәрбиелеп отырған баласы;
      - екi не одан көп балалары;
      - ата-анасының қайтыс болуына, сондай-ақ оларды ата-аналық құқығынан айыруға немесе соттың оларды бас бостандығынан айырып, соттауына байланысты шақырылушы кемiнде бес жыл бойы тәрбиесiнде және күтiмiнде болған адамдары бар шақырылушыларға берiледi.
      3. Оқу орындарында бiлiм алуды жалғастыру үшiн мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру:
      а) меншiк нысаны мен бағыныстылығына қарамастан бiлiм беру iсiн жүргiзуге лицензиясы бар барлық үлгiдегi жалпы бiлiм беретiн мектептерде, кәсiптiк-техникалық училищелер мен орта арнаулы оқу орындарында, кешкi бөлiмдердi қоса, оқып жүрген, шақырушыларға, оларды бiтiргенге дейiн, бiрақ жасы 20-дан аспағандарға егер олардың арнаулы орта оқу орындарына түскенге дейiн орта бiлiмi болмаса;
      б) меншiк нысаны мен бағыныстылығына қарамастан бiлiм беру iсiн жүргiзуге Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң лицензиясын алған жоғары оқу орындарының күндiзгi (өндiрiстен қол үзiп оқитын) бөлiмдерiнде, сондай-ақ басқа мемлекеттердiң жоғары оқу орындарында оқып жүрген, жоғары оқу орнында оқып жатқандығын растайтын құжаттарды табыс еткен ретте 27-жасқа дейiнгi шақырушыларға берiледi.
      Жоғары оқу орындарынан үлгермейтiндiгi, тәртiпсiздiгi үшiн немесе өзiнiң тiлегi бойынша шығарылған шақырушылардың жоғары оқу орнына қайта түскен (қалпына келтiрiлген) ретте, оқуын жалғастыру үшiн шақыруды кейiнге қалдыру құқығы болмайды.
      4. Денсаулық жағдайына қарай мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру медициналық куәландыру кезiнде, әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылған шақырушыларға бiр жылға дейiнгi мерзiмге берiледi.
      5. Басқа себептерге байланысты мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру:
      а) жоғары немесе арнаулы орта педагогтiк бiлiмi бар және өз мамандығы бойынша жұмыс iстеп жүрген, ауылдық жерлерге орналасқан барлық үлгiдегi жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, кәсiптiк-техникалық училищелер мен арнаулы орта оқу орындарының мұғалiмдерiне (оқытушыларына), жұмыс iстеген барлық уақытына;
      б) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе жергiлiктi өкiлдi органдардың депутаттарына депутаттық өкiлеттiгi мерзiмiне;
      в) ол жөнiнде анықтау, алдын ала тергеу жүргiзiлiп жатқан немесе қылмыстық iсi сотта қаралып жатқан адамдарға, тергеу аяқталғанға немесе сот шешiмi жарияланғанға дейiн;
      г) күндiзгi жоғары және орта дiни оқу орындарында оқып жүрген, сондай-ақ тiркелген дiни конфессиялардың бiрiнде дiни атағы немесе штаттық қызметi бар шақырушыларға оқу немесе дiни қызметi мерзiмiне;
      д) басқа санаттағы шақырылушыларға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен, ал жекелеген шақырушыларға дербес түрде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң шешiмi бойынша берiледi.
      6. Шақырылушылардың шақыруды кейiнге қалдырудан бас тартуға құқығы бар және егер олар жеке өтiнiшi мен мүдделi адамдар мен халықты әлеуметтiк қорғау орындарынан нотариалдық куәландырылған тиiстi құжаттарды ұсынса, мерзiмдi әскери қызметке шақырылуы мүмкiн.
      16-бап. Мерзiмдi әскери қызметке шақырудан босату
      1. Бейбiт кезеңде мерзiмдi әскери қызметке шақырудан:
      а) денсаулық жағдайына қарай әскери қызметке жарамсыз деп танылған;
      б) 27 жасқа жеткен кезде мерзiмдi әскери қызметке заңды негiздерде шақырылмаған;
      в) әскери қызметiн өткерiп жүрген кезiнде қызметтiк мiндеттерiн орындау үстiнде жақын туыстарының бiрi (әкесi, анасы, аға-iнiсi немесе апа-қарындасы) қаза тапқан, қайтыс болған немесе бiрiншi және екiншi топтағы мүгедек болып қалған, отбасының жалғыз баласы болып табылатын азаматтар босатылады.
      Шақырудан босатылуға құқығы бар шақырылушылар өз тiлектерiне орай мүдделi адамдардың нотариалды куәландырылған тиiстi құжаттар мен жеке өтiнiшiн ұсынған ретте мерзiмдi әскери қызметке шақырылуы мүмкiн.
      2. Бейбiт кезеңде мерзiмдi әскери қызметке:
      а) - ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотты болған;
      б) - екi және одан да көп соттылығы бар шақырушылар шақыруға жатпайды.
      3. Кейiнге қалдыруды пайдалану негiздерiн түгескен шақырушылар, сондай-ақ осы Заңның 15 және 16-баптарында көзделген кейiнге қалдыру құқығы немесе шақырудан босату үшiн негiздерi жоқ және мерзiмдi әскери қызметке белгiленген мерзiмде шақырылмаған адамдар кезектi шақыру жүргiзiлген кезде шақырылады".
      16.17-бапта:
      бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Әскери қызметке жарамды 29 жасқа дейiнгi запастағы офицерлер бейбiт кезеңде Қазақстан Республикасы Үкіметi қаулысының негiзiнде офицерлiк құрам лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшiн белгiленген тәртiппен шақырылады";
      екiншi бөлiкте "Қарулы Күштерге" сөзi алынып тасталсын, "офицерлер" сөзiнен кейiн "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларына" сөздерiмен толықтырылсын.
      17.18-бапта:
      бiрiншi бөлiкте:
      бiрiншi, екiншi, үшiншi және төртiншi абзацтардағы "ерiктi түрде", "(запастағы офицерлер мен прапорщиктерден басқалары)", "офицерлiк әскери атағы жоқ", "(запастағы офицерлерден басқалары)" сөздерi алынып тасталсын;
      үшiншi абзац "курсанттардың" сөзiнен кейiн "(тыңдаушылардың)" сөзiмен толықтырылсын;
      бесiншi абзац "офицерлердiң әскери қызметiне" сөздерiнен кейiн

"әскери қызмет өткерiп жүрген офицерлер, сондай-ақ" сөздерiмен
толықтырылсын;
     екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
     "Контракт бойынша әскери қызметке әскери қызмет талаптарына сай
келетiн Қазақстан Республикасында тұратын басқа мемлекеттердiң 
азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар да алынуы мүмкiн.
     Азаматтарды контракт бойынша әскери қызметке алу, сондай-ақ оны
өткеру тәртiбi осы Заңмен және әскери қызмет өткеру туралы
ережелермен реттеледi".
     18.19-бап жаңа редакцияда жазылсын:
     "19-бап. Әскери қызмет мерзiмi
     Әскери қызмет мерзiмi күнтiзбелiк есеппен былай белгiленедi:
     а) мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер үшiн:
     - жоғары бiлiмi барларға - 1 жыл;
     - жоғары бiлiмi жоқтарға - 2 жыл;
     - Әскери-теңiз күштерiнiң кемелерiмен жүзгiлерiнiң, шекара
әскерлерi теңiз бөлiмдерiнiң матростары мен старшиналары - 2 жыл 6 ай;
     б) шақыру бойынша әскери қызмет атқарып жүрген офицерлер үшiн -
3 жыл;
     в) контракт бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген әскери
қызметшiлер үшiн белгiленген мерзiмге контрактыларды ұзарту құқығымен
- 3 немесе 5 жыл.
     Контракт әскери қызметте болудың шектi жасына жеткенге дейiнгi
мерзiмге жасалуы немесе ұзартылуы мүмкiн".
     19.20-бапта:
     1-тармақта:
     "в" және "г" тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
     "в) прапорщиктер, мичмандар мен кiшi офицерлер үшiн - 45 жас;"
     "д" және "е" тармақшалары тиiсiнше "г" және "д" тармақшалары
болып саналсын;


      2-тармақта "офицерлерге" сөзi "басқа әскери қызметшiлерге" сөздерiмен алмастырылсын, "Қорғаныс министрi" сөздерiнен кейiн "және басқа әскерлер мен әскери құрамалардың бiрiншi басшылары" сөздерiмен толықтырылсын;
      3-тармақта "Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген" сөздерi "әскери қызмет өткеру туралы Ережелермен белгiленген" сөздерiмен алмастырылсын.
      20.21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "21-бап. Әскери-оқу және арнаулы оқу орындары курсанттарының
               (тыңдаушыларының) әскери қызметi
      1. Әскери-оқу орындарына түскен азаматтармен олардың оқу орнында оқуы және оны бiтiрген соң күнтiзбелiк есеппен он жылдық мерзiмге офицер ретiнде әскери қызмет өткеретiндiгi жөнiнде жеке-жеке контракт жасалады. Контракт жасаспаған немесе оны бұзған курсанттарды (тыңдаушыларды) оқыту тоқтатылады.
      2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң, Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң арнаулы оқу орындарының курсанттары (тыңдаушылары) осы оқу орындарында оқыған кезеңiне мерзiмдi әскери қызметтен босатылып, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң, Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң арнаулы есебiне тұрғызылады.
      3. Шақыру жасына жеткен және үлгермеуiне, тәртiпсiздiгiне, оқуға ынтасы жоқтығына байланысты шығарылған, сондай-ақ контрактыны бұзған әскери-оқу, сондай-ақ арнаулы оқу орындарының курсанттары (тыңдаушылары) егер олар оқу орындарына түскенге дейiн мерзiмдi әскери қызметтiң белгiленген мерзiмiн өткермеген болса, әскери қызмет өткеру үшiн әскери бөлiмдерге жiберiледi.
      Олардың әскери-оқу, сондай-ақ арнаулы оқу орындарындағы оқыған уақыты Солдаттар мен матростардың, сержанттар мен старшиналардың мерзiмдi әскери қызмет өткеруi туралы Ережеде белгiленген тәртiппен мерзiмдi әскери қызмет мерзiмiне есептелуi мүмкiн".
      21.22-бапта:
      2-тармақта:
      үшiншi абзацтағы "екiншi баласы туғанда және отбасының өздерiн бағатын басқа мүшелерi немесе туыстары жоқ ата-аналарының бiрi немесе шақырылушы асырауында болған туысы (егер олар еңбекке қабiлетсiз болып, асырайтын басқа отбасы мүшесi жоқ болса) науқастанып немесе қайтыс болып, осылайша" сөздерi алынып тасталсын, "салдарынан" сөзiнен кейiн "әскери комиссариаттардың отбасы жағдайын тексеру негiзiнде" сөздерiмен толықтырылсын;
      тармақ мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
      " - отбасы құрамында шет елге тұрақты тұру үшiн кетуiне байланысты немесе Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұрақты тұратын отбасымен қайта қосылу үшiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес кетуiне құқық беретiн растайтын құжаттары болғанда";
      бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерi төтенше жағдай енгiзiлген ретте Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша әскери қызметте екi айға дейiнгi мерзiмге кiдiртiлуi мүмкiн".

     3-тармақта:
     бiрiншi абзац, "а" және "б" тармақшалары мынадай редакцияда
жазылсын:
     "3. Солдаттар, матростар, сержанттар мен старшиналар
лауазымдарында контракт бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген әскери
қызметшiлер, прапорщиктер, мичмандар мен офицерлер мына жағдайда
әскери қызметтен босатылуы мүмкiн:
     а) белгiленген қызмет мерзiмiн өткерген ретте;
     б) жасына қарай - әскери қызметте болудың шектi жасына жеткен
ретте";
     "к" тармақшасы алынып тасталсын;
     3-тармақ 4-тармақ болып саналсын;
     мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын;
     "5. Осы бапта аталған әскери қызметшiлердi әскери қызметтен
босатуды Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында
белгiленген құқықтарына сәйкес лауазымды адамдар жүргiзедi".
     22.23-бапта:
     "(17-бап)" сөздерi "(16-бап)" сөздерiмен алмастырылсын;
     бап мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын"
     "Запастағы қызметке жиындарды өткеру және әскери қызметке шақыру
тәртiбi мен ережелерiн орындау жатады"
     23.25-бапта:
     6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:


      "6. Әскери мiндеттiлер төтенше жағдай енгiзiлген ретте Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша мiндеттердi шешу үшiн 4 айға дейiнгi мерзiмге арнаулы жиындарға шақырылуы мүмкiн";
      бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      "7. Әскери мiндеттiлердiң жиындарда болған кезеңiне ұйымдардағы жұмыс орны, атқаратын қызметi және орташа жалақысы сақталады. Жеке меншiкке негiзделген ұйымдардың осы әскери мiндеттiлерге орташа жалақы төлеу жөнiндегi шығыстары осы аталған мамандар өздерiне арнап даярланатын министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволардың қаражаты есебiнен өтеледi. Дәлелдi себептерсiз бөлiмнен (жиын орнынан) тыс жерде болған уақыт жиында болған мерзiмге есептелмейдi және ақы төленуге жатпайды".
      24.26-бапта:
      бiрiншi бөлiкте:
      "а" тармақшасындағы "халық шаруашылығы" сөздерi "шаруашылық жүргiзушi субъект" сөздерiмен алмастырылсын;
      "б" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "б) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Мемлекеттiк тергеу комитетi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Iшкi әскерлерi мен Республикалық ұланы органдарында, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк органдарда Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты лауазымдарда жұмыс iстеп жүрген адамдар";
      "в" тармақшасындағы "Қазақ азаматтық авиация басқармасының" сөздерi "азаматтық авиация жүйесiнiң" сөздерiмен алмастырылсын;
      "л" тармақшасындағы "16 жасқа дейiнгi" сөздерi "18 жасқа дейiнгi" сөздерiмен алмастырылсын.
      25.27-бапта:
      екiншi бөлiкте "өкiмет пен басқару органдары" сөздерi "өкiлдi және атқарушы органдар" сөздерiмен алмастырылсын;
      бап мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Әскери мiндеттiлер мен шақырылушыларды әскери есепке алуды жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдар әскери мiндеттiлер мен шақырылушыларды әскери есепке алу туралы ережеде белгiленген тәртiппен олардың тұрғылықты жерi бойынша жүргiзедi. Әскери есепке алуды қамтамасыз ету жөнiндегi шығыстар осы органдар мен ұйымдардың қаражаты есебiнен өтеледi".
      26. 28-бапта:
      1 және 2-тармақтардағы "өкiмет пен басқару органдары" сөздерi "өкiлдi және атқарушы органдар" сөздерiмен алмастырылсын, "әскери комиссариаттары жоқ жерлердiң" сөздерi алынып тасталсын;
      2-тармақтың екiншi абзацындағы "тiркеу мен одан шығаруды" сөздерi "тiркеудi" сөзiмен алмастырылсын;
      6-тармақтағы "әскери комиссариаттары жоқ жерлердiң жергiлiктi өкiмет пен басқару органдарына" сөздерi "жергiлiктi атқарушы органдарға" сөздерiмен алмастырылсын, "хабарлауға" сөзiнен кейiн "және оларды шақыру комиссиясынан өту мен әскерге (жиынға) жөнелтiлу үшiн келуiн қамтамасыз етуге" сөздерiмен толықтырылсын;
      бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      "8. Мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыруды жүргiзу кезiнде жастарды әскери қызметке даярлау және шақыру жүргiзу туралы Ережеде белгiленген жағдайларды қоспағанда, әскери комиссариаттарда шақырылушыларды әскери есептен шығару жүргiзiлмейдi".
      27.29-бапта:
      2-тармақтың екiншi абзацында "16 және 17" сандары "15 және 16" сандарымен алмастырылсын;
      4-тармақта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Соғыс уақытындағы жұмылдыру кезiнде Қазақстан Республикасы экономикасының қалыпты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн бейбiт кезеңде осы мақсаттарға қажеттi мамандарға бронь беру жүргiзiледi. Әскери мiндеттiлерге бронь беру мамандықтардың тiзбесi бойынша және Қазақстан Республикасының Үкіметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады".
      екiншi абзацтағы "халық шаруашылығы үшiн" сөздерi "шаруашылық жүргiзушi субъектiлер үшiн" сөздерiмен алмастырылсын;
      төртiншi абзацтағы "өкiмет пен басқару органдары" сөздерi "өкiлдi және атқарушы органдар" сөздерiмен алмастырылсын;
      5-тармақтың екiншi абзацындағы "қолданылып жүрген заңдар" сөздерi "Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары" сөздерiмен алмастырылсын.
      28.32-бапта:
      1-тармақ "Қарулы Күштерiн" сөздерiнен кейiн "басқа әскерлерi мен әскери құрамалары" сөздерiмен толықтырылсын;
      2-тармақта "өкiмет пен басқару органдары" сөздерi "өкiлдi және атқарушы органдар" сөздерiмен алмастырылсын;
      29. 33 және 34-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "33-бап. Азаматтардың, лауазымды адамдардың жалпыға бiрдей
               әскери мiндеттiлiк туралы заңды бұзғаны үшiн
               жауаптылығы
      1. Әскери комиссариаттың шақыруы бойынша көрсетiлген мерзiмде келмеген, сондай-ақ дәлелдi себепсiз әскери есепке тұру тәртiбiн бұзған азаматтар әскери мiндетiн орындаудан жалтарған деп саналып, әкiмшiлiк жауапқа тартылады, ал әскери қызметке шақырудан жалтарған азаматтар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес қылмыстық жауапқа тартылады.
      2. Әскери мiндеттiлер жиындардан жалтарғаны үшiн, сондай-ақ жиындар өткеру кезiнде әскери қызмет өткерудiң белгiленген тәртiбiне қарсы құқық бұзғандығы үшiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.
      3. Әскери қызметке шақыру мәселелерi жөнiнде заңды бұзуға жол берген шақыру комиссияларының мүшелерi, әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтарды медициналық куәландыруға және тексеруге қатысқан дәрiгерлер, сондай-ақ басқа да адамдар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.
      4. Азаматтардың жалпыға бiрдей әскери мiндеттi орындаудан жалтаруына көмектескен және олардың әскери қызметiн өткеруiне кедергi жасаған, сондай-ақ осы заңда белгiленген мiндеттердi орындамаған адамдар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.
      5. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, кәсiпорындар мен ұйымдардың, мекемелердiң, оқу орындары мен меншiк нысанына қарамастан басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң лауазымды адамдары осы Заңда белгiленген талаптарды орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапқа тартылады.
      34-бап. Әскери қызметшiлердiң әскери қызмет өткеру ережесiн
              бұзғаны және құқық бұзғандығы үшiн жауаптылығы
      1. Әскери қызметшiлер әскери тәртiптi бұзғаны, құқық бұзғандығы үшiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары мен қарулы Күштерiнiң жалпы әскери жарғыларына сәйкес тәртiптiк, материалдық, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапқа тартылады.
      2. Бөлiмдi өз бетiмен тастап кеткен мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiнiң бөлiмнен тыс жерде болған уақыты мерзiмдi әскери қызмет мерзiмiне есептелмейдi және оның бөлiмде болмаған уақытына ұзартылады. Қызмет мерзiмiн ұзартуды әскери прокуратура шешiм қабылданғаннан кейiн немесе әскери сот бас бостандығынан айырумен байланысты емес үкiм шығарған соң бөлiм командирi жүргiзедi. Әскери бөлiмдерi өз бетiмен тастап кеткендердi iздестiру мен әскери қызмет орнына жеткiзуге байланысты шығыстар заңда белгiленген тәртiппен өтеледi.
      3. Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұратын басқа мемлекеттердiң азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Республика заңдарында көзделмеген әскери (әскерилендiрiлген) құрамаларға қатысуы, сондай-ақ жалдамалылық заңмен қудаланады".
      30.35-бапта:
      1-тармақта:
      "өкiмет пен басқару органдары" сөздерi "өкiлдi және атқарушы органдар" сөздерiмен алмастырылсын;
      "техникалық қызметкерлер" сөздерiнен кейiн "сондай-ақ" сөздерi алынып тасталсын;
      "қызмет көрсетушi адамдар бөледi" сөздерi "қызмет көрсетушi адамдар, сондай-ақ азаматтарды медициналық тексеруден өткiзу үшiн емдеу-профилактика мекемелерiнен орындар бөледi. Аталған iс-шараларды орындауға байланысты шығыстар жергiлiктi бюджет есебiнен жасалады" сөздерiмен алмастырылсын;
      2-тармақтағы "өкiмет пен басқару органдары сөздерi " "өкiлдi және атқарушы органдар" сөздерiмен алмастырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Әскери қызмет өткеруге байланысты iс-шараларды қаржылай және материалдық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Республикалық ұланының, Бас Прокуратурасының және Қазақстан Республикасының басқа да әскери құрамаларының қаражаты есебiнен жүргiзiледi"

      II. Қазақстан Республикасының Үкiметi үш ай мерзiмде:

     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн осы Жарлыққа
сәйкес келтiрсiн және қажеттi нормативтiк актiлердi бекiтсiн;
     Қазақстан Республикасының министрлiктерiнiң, мемлекеттiк
комитеттерi мен ведомстволарының өздерiнiң осы Жарлыққа қайшы келетiн
нормативтiк актiлерiн қайта қарауын және күшiн жоюын қамтамасыз
етсiн.

     III. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады