"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi бар" Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 14 қарашадағы N 2636 Заң күшi бар Жарлығы.

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 1-бабына сәйкес қаулы етемiн:

      I. "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуiрдегi Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 8, 202-құжат) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. Кiрiспесiндегi "кәсiпорындардың, мекемелердiң", "қоғамдық бiрлестiктердiң" сөздерi алынып тасталсын;

      2. 2-бапта:

      үшiншi абзац "әскери-саяси" сөздерiнен кейiн "және әскери" сөздерiмен толықтырылсын;

      жетiншi абзацтағы "және басқару жүйелерiн" сөздерi "ұйымдарын" сөзiмен алмастырылсын.

      3. 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-бап. Қазақстан Республикасының қорғанысы туралы заңдар Қазақстан Республикасының қорғанысы туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да заң және өзге де нормативтiк актiлерiне негiзделедi".

      4. II-бөлiмнiң атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "II-бөлiм. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа әскерлерi мен әскери құрамалары".

      5. 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң құрамы

      мен мақсаты

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi өзiне: әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерi - Құрлықтағы әскерлердi, Әуе қорғанысы әскерлерiн, Әскери-әуе күштерiн, Әскери-теңiз күштерiн, тылды, Әскери-құрылыс бөлiмдерiн, әскери-оқу (оқу) орындарын; соғыс кезiнде, оған қоса, Шекера және iшкi әскерлерiн, Республикалық ұланды, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң әскерлерiн, Азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен бөлiмдерiн (бұдан әрi - басқа әскерлер мен әскери құрамаларын) қамтиды.

      Қазақстан Республикасының жекелеген әскери құрамалары бiрiккен (одақтасқан) қарулы күштердiң (топтамалардың, әскерлердiң) құрамына енуi немесе халықаралық шарттарға сәйкес бiрiккен командованиеде болуы мүмкiн.


      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң мақсаты:

      Қазақстан Республикасының егемендiгiн, аумақтық тұтастығы

      мен шекарасына қол сұғылмауын қорғау;

      агрессордың шабуылын тойтару және оны жеңiлiске ұшырату;

      мемлекеттiк және әскери объектiлердi күзету мен қорғау;

      басқа мемлекеттердiң Қарулы Күштерiмен бiрге халықаралық

      шарттарға сәйкес бiрлескен қорғаныс жөнiндегi мiндеттердi

      орындау.

      Қарулы Күштердi басқа жағдайларда қолдану Қазақстан

      Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүзеге

      асырылады.

      6. 5-бапта:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi құрылысының

      принциптерi";

      екiншi бөлiгi алынып тасталсын.

      7. 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-бап. Әскерлердi орналастыру

      Әскери бiрлестiктердi, құрамаларды, бөлiмдер мен мекемелердi орналастыру мен жайғастыру Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi әзiрлеген жоспарларға сәйкес Қарулы Күштер Бас Қолбасшасының шешiмi бойынша жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларына бөлiнген жерлерге құрамалардың, бөлiмдер мен мекемелердiң орналастырылуы мен жайғастырылуы Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен соң Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң, Iшкi iстер министрiнiң, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi төрағасының және Республикалық ұланы қолбасшысының шешiмiмен жүзеге асырылады";

      8. 7, 8, 15, 18, 22, 25, 26, 27, 28, 34-баптарда:

      "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң", "Қарулы Күштердiң", "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегi", "Қарулы Күштер", "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн" сөздерi тиiсiнше "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларының", "Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құрамалар", "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегi, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларындағы", "Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құрамалар", "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларына" сөздерiмен алмастырылсын.

      9. 9, 10-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегi, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларындағы саяси партиялардың қызметi туралы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларында саяси партиялар құруға және олардың қызметiне тыйым салынады.

      10-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларында заңдылықты қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларының қызметiнде заңдылықтың сақталуын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оған бағынысты әскери прокурорлар жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы аумағында уақытша орналасқан басқа мемлекеттердiң әскери құрамаларының заңдылықты сақтауын қадағалау жасалған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларында әскери қызметшiлер құқығын қорғауды, азаматтық және қылмыстық iстердiң қаралуын соттар жүзеге асырады".

      10. III бөлiмнiң атауы және 11, 12, 12-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "III бөлiм. Мемлекеттiк органдардың қорғаныс саласындағы өкiлеттiгi және Қарулы Күштерге, басқа әскерлер мен әскери құрамаларға басшылық ету.

      11-бап. Қазақстан Республикасының қорғанысына, Қарулы

      Күштерiне, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларына басшылық

      ету

      Қазақстан Республикасының қорғанысына, Қарулы Күштерiне, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларына жалпы басшылықты Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары - Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Парламентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi жүзеге асырады.

      Тiкелей басшылық ету:

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрiне;

      Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерi - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Төрағасына;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң әскерлерi - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасына;

      Қазақстан Республикасының Iшкi әскерлерi - Қазақстан Республикасы Iшкi әскерлер Қолбасшысына;

      Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының Қолбасшысына;

      Азаматтық қорғаныс басқару органдары мен бөлiмдерi - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Төрағасына;

      басқа әскери құрамалар - олардың бiрiншi басшыларына жүктеледi.


      12-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгi

      Қазақстан Республикасы Президентi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады. Ол Мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн қамтамасыз ету және оның Қарулы Күштерiн үнемi жауынгерлiк әзiрлiкте ұстау жөнiндегi қажеттi шаралар қолданады.

      Қазақстан Республикасының Президентi:

      әскери iлiмдi, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларының санын, әскери құрылысының, республика аумағын жедел жабдықтаудың негiзгi бағыттарын, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техниканы дамытудың ұзақ мерзiмдi бағдарламаларын бекiтедi;

      Қазақстан Республикасына қарсы агрессия жасалған немесе оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей қауiп төнген жағдайда Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде соғыс жағдайын енгiзедi, iшiнара немесе жаппай жұмылдыруды жариялайды және бұл жайында дереу Республика Парламентiн хабардар етедi;

      соғыс кезiнiң нормативтiк актiлерiн күшiне енгiзедi және олардың қолданылуын тоқтатады, жұмылдырудан босату туралы шешiм қабылдайды;

      әскери iлiмдердiң қағидаларын негiзге ала отырып, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне ұрыс қимылдарын жүргiзуге шешiм қабылдап, бұйрық бередi;

      әскери саладағы ынтымақтастық туралы келiссөздер жүргiзiп, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қол қояды;

      әскери басқару органдарының өкiлеттiгiн, қызметiнiң ұйымдастырылуы мен тәртiбiн белгiлейдi;

      Қарулы Күштердiң жоғарғы қолбасшылығын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; жоғары әскери атақтар бередi;

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларының әскери антының мәтiнiн, жарғыларын, тулары мен жалауларын, әскери киiм үлгiлерi мен айырым белгiлерiн бекiтедi;

      Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзiмдi әскери қызметке шақыру және мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару туралы шешiм қабылдайды.

      13-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң өкiлеттiгi

      Қазақстан Республикасының Парламентi:

      мемлекеттiк қорғаныс пен қауiпсiздiк саласындағы мәселелердiң заң жүзiнде реттелуiн жүзеге асырады;

      қорғанысқа бөлiнетiн жыл сайынғы шығыстарды бекiтедi;

      әскери атақтарды белгiлейдi;

      Қазақстан Республикасының қорғаныс пен әскери ынтымақтастық мәселелерi жөнiндегi халықаралық шарттарын бекiтедi және күшiн жояды;

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынысы бойынша бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi сақтау жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi орындау үшiн Қарулы Күштердi, басқа әскерлер мен әскери құрамаларды пайдалану туралы шешiм қабылдайды;

      соғыс және бiтiм мәселелерiн шешедi".

      11. 15-бапта:

      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы саясатының негiзгi бағыттарын белгiлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады";

      төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларын қарумен, әскери техникамен және материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етудi ұйымдастырады";

      сегiзiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасында әскери қызметшiлердiң әскери қызметтен өту тәртiбi туралы ережелердi, сондай-ақ", "мен шақыруға дейiнгiлердiң" сөздерi алынып тасталсын;

      он үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "экономиканы жұмылдыру жоспарларын жасауды ұйымдастырады, министрлiктерге, ведомстволарға және меншiк нысанына қарамастан, ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жұмылдыру резервтерi мен жұмылдыратын қуаттарды жинақтау мен сақтау жөнiндегi тапсырмаларды белгiлейдi";

      он тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "қаруды, әскери техниканы, қорғаныс объектiлерi мен басқа да әскери мүлiктердi беру, жалға тапсыру, өткiзу және кәдеге жарату тәртiбiн белгiлейдi";

      бап мынадай мазмұндағы жаңа абзацпен толықтырылсын:

      "мемлекеттiк қорғаныс тапсырысы бойынша жасалатын өнiмнiң сапасына қойылатын талап пен техникалық қабылдау тәртiбiн бекiтедi".

      12. 16-бапта:

      бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң орталық әскери басқару органы болып табылады және оларды дамыту мен мемлекеттiк қорғанысы жөнiндегi мiндеттердi орындау үшiн дайындауға толық жауапты болады";

      екiншi бөлiгiнiң:

      жетiншi абзацындағы "Армиясының" сөзi "Қарулы Күштерiнiң" сөздерiмен алмастырылсын;

      сегiзiншi абзац "әзiрлейдi" сөзiнен кейiн "және бекiтедi" сөздерiмен толықтырылсын, "мен шақыруға дейiнгiлердiң" сөздерi алынып тасталсын;

      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қарулы Күштер түрлерiнiң, әскер тектерi мен арнаулы әскерлердiң шұғыл мақсаттары мен мiндеттерiн және олардың Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерiмен және әскери құрамаларымен, сондай-ақ халықаралық шарттар негiзiнде басқа мемлекеттердiң Қарулы Күштерiмен өзара iс-қимыл жасай отырып пайдалануын айқындайды";

      он төртiншi және он бесiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларына сәйкес азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды және әскери қызметтiң белгiленген мерзiмiн өтеген әскери қызметшiлердi әскер қатарынан запасқа босатуды, әскери мiндеттiлердi әскери қызметке, жиындарға шақыруды, сондай-ақ азаматтарды соғыс кезiндегi жұмылдыру бойынша шақыруды, әскерден қайтару бойынша босатуды жүргiзедi;

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiлерiне, азаматтық қызметкерлерiне әлеуметтiк және құқықтық кепiлдiктердi қамтамасыз етедi, әскери қызметшiлердi үлестiң барлық түрiмен жабдықтайды; әскери қызметтен босатылған офицер құрамындағы адамдарға, прапорщиктерге, мичмандарға, контракт бойынша қызмет атқарған әскери қызметшiлерге зейнетақы төлейдi, қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына көмек көрсетедi";

      он алтыншы абзацтағы "саяси" сөзi "патриоттық" сөзiмен алмастырылсын;

      он жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "әскери қызметшiлер мен азаматтық қызметкерлердiң қауiпсiздiгiн және өмiрi мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолданады";

      он сегiзiншi абзацтағы "Армияға, авиация мен флотқа жәрдемдесу жөнiндегi ерiктi қоғам мен әскери патриоттық клубтарға көмек көрсетедi" сөздерi алынып тасталсын;

      он тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "шақыруға дейiнгi және шақырылатын жастардың денсаулық жағдайын бақылауды жүзеге асырады";

      бап мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:

      "Басқа әскерлер мен әскери құрамалардың басқару органдарының өкiлеттiгi тиiстi ережелермен айқындалады";

      үшiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктер тиiсiнше төртiншi, бесiншi, алтыншы бөлiктер болып саналсын және мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Бас штабы негiзгi әскери басқару органы болып табылады.

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Бас штабы бейбiт уақытта Қазақстан Республикасының басқа әскерлерi мен әскери құрамаларының штабтарымен бiрлесе отырып бiрлескен қимылдарының нұсқаларын жоспарлайды және өзара iс-қимылын ұйымдастырады".

      Соғыс кезiнде Республиканың барлық әскери құрылымдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң бағынысына көшiрiледi. Бөлiмдер мен бөлiмшелерге басшылық ету және оларды жауынгерлiк тұрғыда қолдану Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Бас штабы әзiрлеген жоспарлар бойынша жүзеге асырылады".

      13. 17-бапта:

      бап атауы, бiрiншi және екiншi бөлiктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-бап. Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және

      ұйымдардың өкiлеттiгi

      Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жұмылдыру жоспарын әзiрлейдi, Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiнiң мемлекеттiк мұқтаждарын, сондай-ақ үкiметаралық келiсiмдер мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне сәйкес қару-жарақ, әскери техника мен басқа да материалдық құралдарды экспорттауды көздейтiн мемлекеттiк қорғаныс тапсырысының жобасын жасап, Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге ұсынады.

      Жұмылдыру жоспарын, мемлекеттiк қорғаныс тапсырыстарын қалыптастыру, бекiту мен орындау тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi";

      төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетiншi бөлiктердегi "кәсiпорындар бiрлестiктерi" сөздерi "ұйымдары" сөзiмен алмастырылсын;

      бесiншi бөлiк мынадай мазмұндағы жаңа абзацпен толықтырылсын:

      "Қарулы Күштердiң, басқа әскерлер мен әскери құрамалардың әуе кемелерiне олардың өтiнiмдерi бойынша әуе-жай жүйелерiн ақысыз бередi".

      14. 18-бапта:

      бап атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының

      өкiлеттiгi";

      бiрiншi және екiншi бөлiктердегi "мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдары" сөздерi "өкiлдi және атқарушы органдары" сөздерiмен алмастырылсын;

      екiншi бөлiктiң төртiншi және жетiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "әскерлердiң орналастырылуы мен пәтерлерге жайғасуына көмектеседi, шарттық негiзде басымдық тәртiбiмен әскери бөлiмдерге, мекемелер мен ұйымдарға жергiлiктi бағыныстағы кәсiпорындар өндiретiн өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiмдер мен азық-түлiктiң берiлуiн қамтамасыз етедi, сондай-ақ сумен, электр және жылу энергиясымен үздiксiз жабдықталуы, байланыс құралдарының берiлуi, коммуналдық-тұрмыстық және басқа да қызметтердiң көрсетiлуi үшiн жауап бередi";

      "Қазақстан Республикасының заңдарымен өздерiне жүктелген есептi-шақыру және жұмылдыру жұмысын жүргiзу жөнiндегi шығыстарды жергiлiктi бюджетте қарастырады және олардың жұмсалуын жүзеге асырады".

      15. 19-бапта:

      екiншi және үшiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "қорғаныс үшiн қажеттi қару-жарақ, техника мен басқа да мүлiктi, өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiмдердi, азық-түлiктi, электр энергиясын, отынды, жанар-жағар май материалдарын жасау, өндiру, беру және жөндеу жөнiндегi мемлекеттiк қорғаныс мұқтажының өтiнiмдерiн, шарттық мiндеттемелердi басымдық тәртiбiмен орындайды, сондай-ақ мердігерлiк жұмыстарды жүзеге асырады және әскери бөлiмдерге коммуналдық, тұрмыстық қызмет көрсетедi:

      өз қызметкерлерiне олардың әскери мiндеттерiн орындау үшiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қажеттi жағдайлар туғызады"

      бап мынадай мазмұндағы жаңа абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген жұмылдыратын қуаттарды жасау, ұлғайту мен сақтау, сондай-ақ жұмылдыратын резервтiң материалдық құндылықтарын жинақтауды, жаңартуды, сақтау мен оған қол сұғылмауын қамтамасыз етедi".

      16. 20-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "Жоғарғы Кеңесi" сөздерi "Парламентi" сөзiмен алмастырылсын.

      17. 21-баптың екiншi бөлiгiндегi "әскери прокурор және әскери-сот органдарының юрисдикциясы кеңейтiледi" сөздерi алынып тасталсын.

      18. 22-бапта:

      бiрiншi бөлiгiндегi "жаппай немесе iшiнара" сөздерi "iшiнара немесе жаппай" сөздерiмен алмастырылсын;

      екiншi бөлiгiндегi "және оларды (жаппай жұмылдыру) немесе олардың қайсыбiр бөлiмдерiн (iшiнара жұмылдыру) бейбiт жағдайдан соғыс жағдайына көшiру" сөздерi алынып тасталсын.

      19. 24-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери кадрларды даярлау мен қайта даярлау Қазақстан Республикасының әскери және азаматтық оқу орындарында, сондай-ақ халықаралық шарттар негiзiнде шет елдерде жүзеге асырылады".

      20. 25-бапта:

      бiрiншi бөлiгiндегi "республика бюджетiнде", "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi" сөздерi тиiсiнше "республикалық және жергiлiктi бюджеттерде", "Қазақстан Республикасының Парламентi және мәслихаттары" сөздерiмен алмастырылсын;

      екiншi бөлiгiндегi "Стратегиялық Күштердi" сөздерi алынып тасталсын.

      21. 26-бапта:

      екiншi бөлiгiндегi "Қорғаныс министрлiгiн, Республикалық ұланды, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiн, Iшкi iстер министрлiгiн, Шекара әскерлерi мен Iшкi әскерлердi, Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан басқа да әскери ұйымдарды" сөздерi "Қарулы Күштердi, басқа әскерлер мен әскери құрамаларды" сөздерiмен алмастырылсын;

      үшiншi бөлiк мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттiк қорғаныс тапсырысын қалыптастыру тәртiбiн, оны материалдық-техникалық жағынан және қаржымен қамтамасыз етудi, сатып алу шарттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Министрлiктердiң, ведомстволардың және басқа да мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың мемлекеттiк қорғаныс тапсырысын орындаудан бас тартуға хақысы жоқ";

      төртiншi, бесiншi, алтыншы және жетiншi бөлiктер алынып тасталсын.

      22. 27-баптың үшiншi бөлiгiндегi "мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарына" сөздерi "атқарушы органдарына" сөздерiмен алмастырылсын.

      23. 28-бапта:

      бесiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қорғаныс мұқтаждары үшiн берiлген жерлердi пайдаланған кезде Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құрамалар Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға мiндеттi, ал орын ауыстыруы және көшiрiлуi кезiнде босаған жерлердi өз есебiнен толық қалпына келтiредi";

      жетiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының жерлерiн және әскери объектiлерiнiң жылжымалы және жылжымайтын мүлiктерiн, соның iшiнде басқа мемлекеттердiң әскери құрамаларына жалға берiлетiн мүлiктерiн иелiкке беру мен пайдалану тәртiбi халықаралық шарттармен белгiленедi".

      24. 29-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасын қорғау және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа әскерлерi мен құрамаларында қызмет ету Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының қасиеттi борышы әрi мiндетi болып табылады".

      25. 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "31-бап. Азаматтық қорғаныс

      Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы жалпы мемлекеттiк қорғаныс шараларының құрамдас бөлiгi болып табылады әрi бейбiт уақытты және соғыс кезiнде республика халқы мен экономикасын табиғи зiл-залалар, iрi апаттар мен опаттар және агрессордың қазiргi замандағы қырып-жоятын құралдар қолдануы зардаптарынан қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады, сондай-ақ төтенше жағдай пайда болған аудандар мен зақымдану ошақтарында құтқару жұмыстарын және басқа да кiдiртуге болмайтын жұмыстарды жүргiзедi.

      Төтенше жағдай зардаптарын жою мiндеттерi, оларды ұйымдастыру мен жою тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi".

      26. 32-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аумақтық қорғанысты Қазақстан Республикасының Үкiметi ұйымдастырады және ол мемлекеттiк шекараның учаскелерiн қорғау, Қазақстан Республикасының аумағындағы маңызды объектiлер мен коммуникацияларды қорғау мен агрессия болған жағдайда десанттар мен диверсиялық күштерге қарсы күрес, сондай-ақ соғыс жағдайы режимiн ұстау мақсатында жүзеге асырылады".

      27. 34-бапта:


      бiрiншi және екiншi бөлiктердегi "сәйкес" сөзi "белгiленген

      тәртiппен" сөзiмен алмастырылсын.

      II. Қазақстан Республикасының Үкiметi екi ай мерзiм iшiнде

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн осы Жарлыққа сәйкес

      келтiрсiн;

      Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк

      комитеттерiнiң және ведомстволарының осы Жарлыққа қайшы келетiн

      нормативтiк актiлерiнiң қайта қаралуы мен күшi жойылуын қамтамасыз

      етсiн.

      III. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының

      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады