Қазақстан Республикасы Президентiнiң қызметiн қамтамасыз ету жүйесi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 18 қазандағы N 3144. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2002.02.11. N 805 жарлығымен. ~U020805

      Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 44-бабының 19)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығына Z952733_ сәйкес, Мемлекет басшысының қызметiн және Қазақстан Республикасында Президенттiк басқару нысанының қызмет етуiн қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң қызметiн, оның актiлерi мен тапсырмаларының сөзсiз әрi мүлтiксiз және уақтылы атқарылуын бақылауды қамтамасыз ететiн жүйенi:
      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы (бұдан былай - Мемлекеттiк хатшы);
      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi (бұдан былай - Әкiмшiлiк);
      3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Бiрiншi көмекшiсi, (бұдан былай - Бiрiншi көмекшi);
      4) Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiсi - Қазақстан Республикасы Жоғары экономикалық кеңесi Төрағасының орынбасары (бұдан былай - экономика мәселелерi жөнiндегi көмекшi);
      5) Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұлттық қауiпсiздiк мәселелерi жөнiндегi көмекшiсi - Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшысы (бұдан былай - ұлттық қауiпсiздiк мәселелерi жөнiндегi көмекшi);
      6) Мемлекет басшысының кеңесшiлерi тобын жасақтайтын Қазақстан Республикасы Президентiнiң кеңесшiлерi құрайды деп белгiленсiн.
 
      ЕСКЕРТУ. 3)-тармақша жаңа редакцияда, 4)-6)-тармақшалармен
               толықтырылды - ҚР Президентiнiң 1997.04.01. N 3434
               жарлығымен. U973434_
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi Мемлекеттiк қызмет - құрметтi қызмет және бұл қызметте тұрған адамдар өз iсiнде Мемлекет басшысының саясатын бұлжытпай жүргiзуге мiндеттi.
      Мемлекеттiк хатшы, Әкiмшiлiк, Бiрiншi көмекшi, экономика мәселелерi жөнiндегi көмекшi, ұлттық қауiпсiздiк мәселелерi жөнiндегi көмекшi, Мемлекет басшысының кеңесшiлерi өздерiне жүктелген мiндеттердiң орындауы үшiн толығымен жауап бередi және өз құзыреттерiнiң шегiнде бұл үшiн мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар атқаруға мiндеттi барлық қажеттi iс-қимылдар мен шешiмдер қабылдайды.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертiлдi - ҚР Президентiнiң 1997.04.01.
               N 3434 жарлығымен.
      3. Мемлекеттiк хатшы:
      1) Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын, оған тiкелей бағынатын және есеп беретiн;
      2) құзырында Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес мынадай мәселелер:
      өкiлдiк функцияларын атқару;
      идеологиялық мәселелер және саяси партиялармен, өзге де қоғамдық бiрлестiктермен байланыс;
      Республика Парламентiмен байланыс;
      Республика Президентiне Республиканың мемлекеттiк наградаларымен марапаттау жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
      Мемлекет басшысы жанындағы мынадай консультативтiк кеңесшi органдардың: Қазақстан Халықтары ассамблеясының, Мемлекеттiк саясат жөнiндегi ұлттық кеңестiң, Отбасы, әйелдер проблемалары және демографиялық саясат жөнiндегi кеңестiң, Адам құқығы жөнiндегi комиссияның қызметi;
      Мемлекет басшысының өзге де тапсырмаларын орындау болатын лауазымды адам болып табылады;
      ЕСКЕРТУ. 2)-тармақша жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң
               1997.04.01. N 3434 жарлығымен.
      4. Мемлекеттiк хатшы өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында:
      1) өкiмдер шығаруға;
      2) Әкiмшiлiктiң құрылымдық бөлiмшелерiне, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға тапсырмалар беруге хақылы.
      5. Әкiмшiлiк - Мемлекет басшысына тiкелей бағынатын және есеп

 

беретiн мемлекеттiк орган, оның құзырында мынадай мәселелер болады:

     мемлекеттiк органдарды жалпы бақылау, соның iшiнде Мемлекет

басшысының актiлерi мен тапсырмаларының орындалуын бақылау;

     iшкi саясат мәселелерi;

     саяси ахуалға талдау және болжам жасау;

     заңдар мен Республика Президентiнiң актiлерiн әзiрлеу және

оларға құқықтық сараптама жасау;

     сот жүйесi мәселелерi және Республика Жоғары сот кеңесiнiң

қызметiн қамтамасыз ету;

     жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдармен байланыс;

     кадр саясаты және мемлекеттiк қызметтi реформалау мәселелерi;

     азаматтық және кешiрiм жасау мәселелерi;

     Мемлекет басшысының баспасөз қызметi;

     Республика Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi

ұлттық агенттiгiнiң мәселелерi;

     Республика Президентiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн жүйеде iс

жүргiзу;


 
       Әкiмшiлiктiң құрамына Әкiмшiлiк Басшысы, оның орынбасарлары, Әкiмшiлiктiң Мемлекет басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары, Әкiмшiлiктiң өзге де мемлекеттiк қызметшiлерi кiредi.
      Әкiмшiлiктiң құрылымын оның бөлiмшелерi, соның iшiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдардың аппараттары құрайды.
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақтың 1-абзацы жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң
               1997.04.01. N 3434 жарлығымен.
      6. Әкiмшiлiк Басшысы:
      1) Әкiмшiлiктiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң жұмысын ұйымдастырып,

 

бағыттап отырады, оның  өзге де мемлекеттiк органдармен өзара

iс-қимылын қамтамасыз етедi;

     2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына заңдарды және

Мемлекет басшысы актiлерiнiң жобаларын ұсынады;

     3) Мемлекет басшысына кадр мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

     4) Әкiмшiлiктiң мемлекеттiк қызметшiлерiн қызметке тағайындайды

және қызметтен босатады;

     5) бұйрықтар шығарады және нұсқаулықтарды бекiтедi, Әкiмшiлiк

бойынша өзге де қызметтiк құжаттамаға қол қояды;

     6) өзiнiң орынбасарларының және Әкiмшiлiктiң құрылымдық

бөлiмшелерiнiң өкiлеттiктерiн айқындайды;

     7) Мемлекет басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды.

     7. Әкiмшiлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi:

     1) Әкiмшiлiк  қызметiнiң негiзгi бағыттары бойынша оған жүктелген

мiндеттердi орындау үшiн құрылады;


 
       2) оларды осы құрылымдарға жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн жауап беретiн басшылар басқарады; бөлiмшелер қызметшiлерi арасында мiндеттердi бөледi; бұларда тиiстi тәртiптi және еңбектiң ұйымдастырылуын қамтамасыз етедi.
      8. Мемлекет басшысының Бiрiншi көмекшiсiн, экономика мәселелерi жөнiндегi көмекшiсiн, ұлттық қауiпсiздiк мәселелерi жөнiндегi көмекшiсi мен кеңесшiлерiн Республика Президентi қызметке тағайындап, қызметтен босатады әрi олар өз қызметiн оның тапсырмаларын атқару үшiн жүзеге асырады.
      ЕСКЕРТУ. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 1997.04.01.
               N 3434 жарлығымен. U973434_
      9. Бiрiншi көмекшiнiң құзырында Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес мынадай мәселелер болады:
      жалпы мәселелер;
      Республика Президентiнiң сапарлары мен кездесулерiн даярлау және ұйымдастыру, оның қызметiн хаттамалық қамтамасыз ету;
      Мемлекет басшысының жұмыс кестесiн жасау;
      Республика астанасын Ақмола қаласына көшiру мәселелерi;
      Республикалық ұланның, Республика Президентi Күзет қызметiнiң;
      Мемлекет басшысының Кеңесшiлерi тобының қызметiн үйлестiру;
      Республика Президентiнiң өзге де тапсырмаларын орындау.
      ЕСКЕРТУ. 9-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2000.04.21. N 378
               жарлығымен. U000378_
      10. Экономика мәселелерi жөнiндегi көмекшiнiң құзырында Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес мынадай мәселелер болады:
      Республика Жоғары экономикалық кеңесiнiң қызметiн ұйымдастыру;
      экономикалық қызметтер мен ведомстволардың жұмысын үйлестiру, жиынтық мәлiметтердi табыс ету;
      елдегi әлеуметтiк-экономикалық ахуалға талдау жасау;
      Мемлекет басшысы үшiн әлеуметтiк-экономикалық проблематика бойынша баяндамалар әзiрлеу;
      экономикалық мәселелер жөнiнде Үкiметпен байланыс;
      Республика Президентiнiң атынан Республика Ұлттық банкiнде өкiлдiк ету;
      бұқаралық ақпарат құралдарында Мемлекет басшысының экономикалық саясатын насихаттау;
      Республика Президентiнiң өзге де тапсырмаларын орындау.
      11. Ұлттық қауiпсiздiк жөнiндегi көмекшiнiң құзырында Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес мынадай мәселелер болады:
      Республика Қауiпсiздiк кеңесiнiң қызметiн ұйымдастыру;
      iшкi және сыртқы қауiпсiздiктiң жай-күйiн талдау;
      Республика Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Бас Прокуратурасының, Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң, Сыртқы iстер министрлiгiнiң, Қорғаныс министрлiгiнiң мәселелерi;
      Республика Президентiнiң өзге де тапсырмаларын орындау.
      12. Жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында Әкiмшiлiк Басшысы, оның орынбасарлары, Мемлекет басшысының Бiрiншi көмекшiсi, экономика мәселелерi жөнiндегi көмекшi, ұлттық қауiпсiздiк мәселелерi жөнiндегi көмекшi мен кеңесшiлерi, Әкiмшiлiктiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары өз құзыреттерiнiң шегiнде мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға тапсырмалар беруге хақылы.
      13. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мына актiлерiнiң күшi жойылған деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 қарашадағы N 2656 Жарлығы;
      2) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысының мәртебесi

 

мен өкiлеттiктерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң

1996 жылғы 12 наурыздағы N 2896 Жарлығы;

     3) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi туралы

ережеге толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы

Президентiнiң 1996 жылғы 3 маусымдағы N 3016 Жарлығы;

     4) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiлерi мен

кеңесшiлерi арасындағы мiндеттер бөлiсiн бекiту туралы" Қазақстан

Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 3 маусымдағы N 3015 өкiмi;

     14. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     ЕСКЕРТУ. 9-тармақ жаңа редакцияда, 10-11-тармақтармен

              толықтырылды, 10-12-тармақтар тиiсiнше 12-14-тармақтар

              болып саналды - ҚР Президентiнiң 1997.04.01. N 3434

              жарлығымен. 


U973434_
 



     Қазақстан Республикасының

     Президентi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады