Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың мемлекеттiк бағдарламасы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 3308. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2005.11.21. N 1673 жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы  Конституциясының  44-бабының
8-тармақшасына сәйкес қаулы етемiн:

      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi ұсынған Шетелде тұратын
отандастарды қолдаудың мемлекеттiк бағдарламасы (қоса берiлiп отыр)
бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр ай мерзiм iшiнде
Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың мемлекеттiк бағдарламасын
жүзеге асыру жөнiндегi шаралар жоспарын әзiрлеп, бекiтiлсiн.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы  
Президентiнiң      
1996 жылғы 31 желтоқсандағы 
N 3308 Жарлығымен  
бекiтiлген     

  Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың мемлекеттiк
БАҒДАРЛАМАСЫ

      Дүниежүзi қазақтарының қауымдастығы, Қазақстан Республикасының Үкiметi және басқа мемлекеттiк органдар Жалпыға бiрдей адам құқығы декларациясы мен өзге де жаппай танылған халықаралық құқық нормаларында бекiтiлген адам құқығы мен бас бостандығының басымдығын танып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясы мен "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы" Конституциялық заңды басшылыққа ала отырып, шетелде тұратын отандастарымыздың ұлттық-мәдени, рухани және тiлдiк қажеттерiн қанағаттандыру жөнiнде, тарихи отанына қайтып оралғандарды әлеуметтiк-экономикалық қолдауды қамтамасыз ету жөнiнде белгiлi бiр жұмыстар атқаруда. 
      Қазiр алыс және жақын шетелдердегi қазақ диаспорасы қазақ ұлтының үштен бiр бөлiгiн, немесе 4,3 млн. адамды құрайды. Олардың көпшiлiк бөлiгi, кеңестiк кезеңдегi революциялық және азамат соғыстары, зорлап ұжымдастыру, ашаршылық, жаппай құғын-сүргiн салдарынан өздерiнiң тарихи отандарынан кетуге мәжбүр болды. КСРО тарағаннан кейiн жақын шетелдердегi (ТМД) қазақтар диаспораға айналды. 
      Аталған елдердегi диаспоралардың мәдени және әлеуметтiк-экономикалық өркендеу деңгейi бiр-бiрiне мүлдем ұқсамайды. Қазақ диаспорасы проблемаларын кешендi зерттеу және шешу, ғылыми-зерттеулер мен практикалық шаралардың бiрлiгi және өзара байланысына әлi де жете мән берiлмей отыр. 
      Шетелдегi отандастармен жұмысты жан-жақты жетiлдiру, оны тек ұдайы және мақсатты мемлекеттiк қолдау жағдайында ғана жүзеге асыру мүмкiн болады. Қазақ диаспорасының әлеуметтiк-экономикалық, мәдени, бiлiм алу сұраныстарын барынша қанағаттандыруды қамтамасыз ететiн, тарихи отанына қайта оралғылары келетiндерге мүмкiндiк туғызатын ойластырылған шаралардың жүйесiн жасау қажет. 
      Шетелде тұратын отандастармен жұмыс жүргiзу жөнiндегi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк саясатын жүзеге асыру тетiгiнде негiзгi құжат болып табылатын Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың мемлекеттiк бағдарламасына нақ, осы мақсаттар негiз болып отыр. 
      Бағдарлама кешендi iс-шараларды қамтиды және негiзгi алты бөлiмнен тұрады: ғылыми қамтамасыз ету; нормативтiк-құқықтық негiз; бiлiм беру; мәдениет, туризм және спорт; кiтап шығару және бұқаралық ақпарат құралдары мәселелерi; ұйымдастыру шаралары. 
      Ғылыми қамтамасыз ету саласында шетелдегi отандастардың тыныс-тiршiлiгi мен дiлiнiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайларына, олардың құқықтық хал-ахуалына, демографиялық, көшi-қон процестерiне зерттеулер жүргiзу, қазақ диаспорасының жай-күйi туралы ғылыми-ақпараттық база қалыптастыру, Қазақстан Республикасының Үкiметiне тиiстi практикалық ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлеу және беру көзделген. 
      Шетелдегi отандастарды әлеуметтiк, құқықтық қорғау және қолдау саласындағы басты мақсат олардың проблемаларына қатысты мемлекеттiк саясатты қалыптастыру болып табылады. Құқықтық мәселелердi реттеу және оларды бiр жүйеге келтiру, қазақ диаспорасымен байланысты қалпына келтiру және жүзеге асыру шет мемлекеттердiң конституциялары мен заңдарына, халықаралық құқық нормаларына негiзделген. 
      Бұл мiндеттердi шешу негiздерi Қазақ ССР-iнiң мемлекеттiк егемендiгi туралы декларацияда, "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы" Конституциялық заңда, "Көшi-қон туралы" Заңда, Қазақстан Республикасының Конституциясында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер арасындағы жасалған шарттар мен келiсiмдерде жасалған.
      Шетелдегi отандастарды қолдау мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi шығыстар 1997 жылға және одан кейiнгi жылдарға арналған бюджеттерде көзделген жалпы қаржыландыру шегiнде жүзеге асырылады.
___________________________________________________________________
 N |     Бағдарламалық шаралар             | Құжат нысаны
р/с|                                       |
___________________________________________________________________
 1 |                     2                 |          3
___________________________________________________________________

  I. ҒЫЛЫМИ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Қазақ диаспорасы: проблемалар мен
перспективалар

  Жақын шетелдерде

      
1    Қазақ диаспорасының тарихи даму және      мемлекет органдарына
     тұратын жерлерiндегi                      ұсыныстар мен
     әлеуметтiк-экономикалық, саяси және       баяндамалар, ғылыми
     мәдени өмiрiндегi болып жатқан үрдiстер   еңбектер
     тұрғысында этнодемографиялық және 
     этномәдени зерттеулер жүргiзу
 
2    Нарықтық қайта құрулар тұрғысынан          -"-
     түбегейлi жаңару процестерiнiң әлеуметтiк
     құрылымын талдау
 
3    Қазақ диаспораларының этнопсихологиялық    -"-
     қалыптасу аспектiлерi мен ұлттық
     сана-сезiмiнiң дамуын, кеңестiк кезеңнен
     кейiнгi жаңа геосаяси кеңiстiктегi
     әлеуметтiк-адамгершiлiк өзiн-өзi
     сәйкестендiру ерекшелiктерiн зерделеу
 
4    Қазақ диаспорасының, әсiресе жас           -"-
     ұрпақтарының тұрған елдерiнде де, сондай-ақ
     тарихи отанында да нарықтық реформалардың
     iлгерiлеуi жағдайындағы одан әрi
     әлеуметтiк-мәдени дамуын қалыптастыру

  Алыс шетелдерде

5    Қазақ диаспорасының тұрғылықты елдерiнiң   мемлекет органдарына
     даму серпiнi тұрғысынан                    ұсыныстар мен
     әлеуметтiк-демографиялық талдау жасау      баяндамалар, ғылыми
                                                еңбектер
 
6    Қандай да бiр елдiң жалпы өркендеуi        мемлекет органдарына
     тұрғысында қазақ диаспорасының             ұсыныстар мен
     тыныс-тiршiгiнiң одан әрi даму бағыттары   баяндамалар, ғылыми
     мен перспективаларын айқындау              еңбектер

7    Қазақтардың қазiргi жағдайдағы             -"-
     әлеуметтiк-адамгершiлiк көңiл-күйiн,
     олардың, әсiресе жас ұрпақтың Қазақстан
     жағдайында әлеуметтi мүмкiндiктерiн
     жүзеге асыру перспективаларын, тарихи
     отанында капиталды, инвестицияларды
     орналастыру мүмкiндiктерiн, жастардың
     қазiргi заманғы өндiрiс технологиясын
     және нарық экономиканы оқып-үйренуiн
     зерделеу

8    Қазақ диаспорасы проблемаларын зерделеу    -"-
     жөнiнде уақытша шығармашылық ұжым құру

  II. НОРМАТИВТIК-ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗА

9.   Шетелдерден Қазақстан Республикасына       жарлық, қаулылар
     көшкiсi келетiн және көшiп келген          және басқа
     адамдарға азаматтық алу, жұмысқа           құқықтық актiлер|
     орналасу, тұрғын үймен қамтамасыз ету,
     бiлiм беру, бейiмделу кезеңiнде
     материалдық көмек және белгiлi бiр
     жеңiлдiктер жасау, оларға жеке меншiк
     және басқа мәселелерде Қазақстан
     Республикасы заңдарында көзделген
     құқықтар беру мәселелерi бойынша
     жан-жақты көмек көрсетуге кепiлдiк
     беретiн тиiстi құқық актiлерi мен
     шешiмдер қабылдау

10   Отандастардың тұрған елдерiнде бейiмдеуi
     үшiн жағдай жасау және Қазақстан
     Республикасымен экономикалық және мәдени
     байланыс жасап тұрулары мақсатында
     отандастарға жәрдемдесу туралы Қазақстан
     Республикасы Президентi Жарлығының
     жобасын әзiрлеу

11   Халықаралық келiсiмдер мен уағдаластықтарға
     сәйкес алыс және жақын шетелдерден
     қазақтардың қоныс аударуы жөнiндегi
     практикалық мәселелердi жедел шешу
     Осы мақсатта:

     Ұлты қазақ адамдарды Монғолия              келiсiм жобасы
     азаматтығынан шығарудың оңайлатылған
     тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының
     Үкiметi мен Монғолия Үкiметiнiң
     арасындағы келiсiмнiң жобасын әзiрлеу
     (1994 жылғы 31 қарашадағы Ерiктi түрде
     қоныс аудару және Қазақстан Республикасына
     еңбек шарттары бойынша келген адамдардың
     азаматтығы мәселелерiн реттеу туралы
     шартқа қосымша)

     Монғолия азаматтары - ұлты қазақ           келiсiм жобасы
     адамдарының шекарадан транзитпен бөгетсiз
     өтулерi туралы ұшжақты (Қазақстан, Ресей,
     Монғолия) келiсiмнiң жобасын әзiрлеу
     (Қазақстан мен Монғолияның ортақ шекарасы
     және Ресей мен Монғолия арасындағы
     келiсiмдер бойынша жол жүрудiң визалық
     тәртiбi болмағандықтан)

     ТМД елдерiмен екiжақты деңгейде де,        Бұл да сол
     сондай-ақ Достастықтың шеңберiнде де
     Азаматтық алудың оңайлатылған тәртiбi
     туралы келiсiмдердiң жобалары жөнiндегi
     жұмысты жалғастыру

     Иран мен Ауғанстанда қалған қазақ          Президенттiң "Көшiп
     отбасыларын көшiрiп әкелу жөнiндегi        келу квотасы туралы"
     жұмысты одан әрi жалғастыру                өкiмi
 
12   Қазақ диаспорасы өкiлдерiнiң Қазақстан     Президенттiң "Көшiп
     Республикасына келу мәселелерiнiң          келу квотасы туралы"
     ұйымдық-кадрлық шешiлуi:                   өкiмi
     тарихи отанына көшiп келуге тiлек
     бiлдiрген ұлты қазақ адамдарының санын
     анықтау
     Мыналар әзiрленсiн:
     "Қазақ диаспорасы өкiлдерiнiң Қазақстан    нұсқаулық
     Республикасына тұрақты тұруға көшiп келуi
     туралы өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы"
     нұсқаулық жобасы

     "Қазақстан Республикасында шетел           Қазақстан
     азаматтарының қоныстануға арналған         Республикасы Үкiметi
     ықтиярхаты мен азаматтығы жоқ              қаулысының жобасы
     адамдардың куәлiктерi үлгiлерiн бекiту
     туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметi
     қаулысының жобасы

     Қазақстан Республикасында шетел            Үкiмет шешiмi
     азаматтарының қоныстануға арналған
     ықтиярхат бланкiлерi мен азаматтығы жоқ
     адамдардың куәлiктерiн дайындау

     Қазақстан Республикасында тұрақты тұру     -"-
     үшiн келген қазақ диаспорасы адамдарын
     уақтылы құжаттандыру үшiн Қазақстан
     Республикасы Iшкiiсминiнiң Паспорт және
     виза жұмыстары басқармасында азаматтық
     бөлiм және облыстардың IIБ-нiң
     паспорт-виза бөлiмшелерiнде екi штат
     бiрлiгiнен тұратын азаматтық туралы топ
     құру

     шыққан елiнен келiп орналасқан жерiне      министрлiктер мен
     дейiн қоныс аударушылардың отбасы          өзге де орталық және
     мүшелерi мен олардың мүлiктерiн            жергiлiктi атқарушы
     тасымалдауға жәрдемдесу                    органдардың
                                                бұйрықтары,
     тарихи отанына келген қазақтарды           қаулылары, шешiмдерi
     орналастыру және жайғастыру, оқыту және
     қайта оқыту жөнiндегi жұмысты
     ұйымдастыруға жәрдемдесу

     көшiп келген отандастардың әскери қызмет   министрлiктер мен
     өткеру мәселелерiн пысықтау                өзге де орталық
                                                және жергiлiктi
     тарихи отанына келген қазақ диаспорасы     атқарушы органдардың
     отбасыларының еңбекке жарамсыз мүшелерiн   бұйрықтары,
     әлеуметтiк қорғау                          қаулылары, шешiмдерi
 
13   Қазақ диаспорасын қолдау жөнiндегi         -"-
     құқықтық актiлер, халықаралық шарттар
     мен келiсiмдер жобаларына құқықтық
     сараптама жүргiзу

  III. БIЛIМ БЕРУ
Оқу орындарына қабылдау

14   Жыл сайын жоғары оқу орындарына және       "Алыс шетелдерден
     олардың даярлық бөлiмдерiне, сондай-ақ     келген қазақ
     аспирантураларға қабылдау жоспарын         диаспорасы өкiлдерiн
     қалыптастыру кезiнде қазақ диаспорасы      Қазақстан
     үшiн квота қарастыру                       Республикасының
                                               жоғары оқу орындарына
                                                жоспардан тыс
                                                қабылдауға квота
                                                белгiлеу туралы"
                                                үкiмет қаулысы
 
15   Қазақ диаспорасы өкiлдерiн Қазақстан       қазақ диаспорасы
     Республикасының оқу орындарында оқыту      өкiлдерiн Қазақстан
     үшiн iрiктеу және жiберу тәртiптерiн,      Республикасының оқу
     шарттарын бекiту                           орындарында оқуға
                                                iрiктеу және жiберу
                                                тәртiбi, шарттары
                                                туралы ереже
 
16   Қазақ диаспорасының дарынды балаларын     Қазақстан
     әртүрлi үлгiдегi интернаттарға (гимназия, Республикасы мен
     лицей, колледж т.б.) iрiктеу және оқыту:  балаларын жiберетiн
        физика-техникалық;                     елдердiң бiлiм
        тiл және әдебиет;                      министрлiктерiнiң
        эстетикалық және т.б. бейiмде          арасындағы келiсiмдер
 
17   Қазақ диаспорасының жетiм балаларын       Қазақстан
     балалар үйлерi мен мектеп-интернаттарға   Республикасы мен
     қабылдауды практикалау және оларды        балаларын жiберетiн
     ұстауға, оқытуға және тәрбиелеуге         елдердiң бiлiм
     жағдай жасау                              министрлiктерiнiң
                                               арасындағы келiсiмдер

  Ұйымдастыру-әдiстемелiк жұмыс

18   Бiлiм министрлiгi құрылымынан қазақ       Қазақстан
     диаспорасы проблемалары жөнiнде бөлiм     Республикасы Бiлiм
     құру                                      министрлiгiнiң шешiмi
 
19   Қазақ диаспорасына бiлiм беру саласында   ұсыныстар,
     жәрдемдесу мәселелерi бойынша Ресей       нұсқаулықтар
     Федерациясының шекаралас облыстарымен
     ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу
 
20   "Таяу шетелдердегi қазақ мектептерi        Бiлiм
     басшылары мен мұғалiмдерi үшiн мектеп      министрлiктерiнiң
     реформасы және ғылым негiздерiне           арасындағы
     үйретудiң сапасын жақсарту жолдары"        келiсiмдер
     проблемалары бойынша көшпелi
     оқу-әдiстемелiк семинарлар өткiзу
 
21   Қазақ тiлi мен әдебиетi, музыка, жағрапия  -"-
     сабақтарында оқушылардың өзара адамгершiлiк
     қарым-қатынастарын, шығармашылық қызметiн
     қалыптастыру жөнiнде жұмыс тәжiрибесiн
     алмасу. Осы мақсатта: қазақ диаспорасы
     өкiлдерiн республиканың атаулы
     мектептерiне сабаққа шақыру; атаулы мектеп
     басшыларын шетелдерге жiберудi ұйымдастыру
22   Алыс және таяу шетелдердегi қазақ          Бұл да сол
     мектептерi оқушыларының жетекшi пәндер
     бойынша Қазақстан Республикасы мектеп
     оқушыларының қатысуы
     Кадрлармен жұмыс
23   Таяу және алыс шетелдердегi қазақ тiлi     Бiлiм
     пәнi мұғалiмдерiн мына мәселелер бойынша   министрлiктерiнiң
     қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру      арасындағы
     курстарын ұйымдастыру:                     келiсiмдер
     көп салалы қазақ мектебiнiң қалыптасуы
     және даму тенденциясы;
     жалпы бiлiм берудiң базалық мазмұны;
     бiлiм берудi саралаудың теориялық және
     әдiстемелiк негiздерi
24   ТМД елдерiндегi мектеп жасына дейiнгi      -"-
     қазақ мекемелерi мен топтары
     педагогтарын қайта даярлау және
     бiлiктiлiгiн көтеру жөнiндегi жұмысты
     ұйымдастыру
25   Алыс және таяу шетелдердегi қазақ          -"-
     мектептерiн оқулықтармен және
     оқу-әдiстемелiк құралдармен,
     нормативтiк-нұсқама материалдармен
     қамтамасыз етуге көмек көрсету
26   ТМД елдерiнде жұмыс iстейтiн мектеп        -"-
     жасына дейiнгi қазақ мекемелерi мен
     топтарын бағдарламалық-әдiстемелiк
     қамтамасыз етудi ұйымдастыру
     (бағдарламалық-әдiстемелiк әдебиеттер
     тiзбесi бойынша)

  IV. МӘДЕНИЕТ, ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ

27   Жетекшi шығармашылық ұжымдар мен өнер     Мәдениет
     қайраткерлерi шеберханаларында тәжiрибе   министрлiктерiнiң
     алмасуды ұйымдастыру                      арасындағы
                                               келiсiмдер
28   Шетелдердiң мәдениет министрлiктерiмен    шарттар
     мәдени алмасулар жөнiнде (концерттер,     жобалары
     фестивальдар, экскурсиялар, көрмелер
     және т.б. ұйымдастыру) шарттар жасасу
29   Қазақ диаспорасын өнер жөнiндегi арнайы    Мәдениет
     басылымдармен, ұлттық музыкалық            министрлiктерiнiң
     аспаптармен және басқа да мәдени-тұрмыстық арасындағы
     мақсаттағы заттармен қамтамасыз етуге      келiсiмдер
     практикалық көмек көрсету
30.  Қазақ әдебиетi мен Мәдениетiнiң күндерi    -"-
     мен апталықтарын өткiзу
31   Жастар үшiн тұрақты жұмыс iстейтiн жазғы   Қазақстан
     тiл лагерiн ұйымдастыру                    Республикасы Үкiметi
                                                қаулысының жобасы
32   Қазақ диаспорасы өкiлдерiнiң Халықаралық   халықаралық жастар
     жастар арасындағы алмасулар бағдарламасына арасындағы алмасулар
     қатысуы                                    бағдарламасының
                                                жобасы
33   Қазақ диаспорасы өкiлдерi iшiнен жылына    -"-
     500 адамға дейiн туристер қабылдау

  V. КIТАП ШЫҒАРУ ЖӘНЕ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРI

34   Қазақ диаспорасы үшiн әдебиеттiң 8-10      баспалар
     бойынша басылымдар шығарудың жыл сайынғы   бағдарламалары
     мақсатты баспа бағдарламасының
     құрылымдары мен негiзгi бөлiмдерiн
     әзiрлеу: оқулықтар, оқу-педагогикалық,
     балалар мен жасөспiрiмдер,
     анықтамалық-энциклопедиялық, көркем,
     ғылыми әдебиеттер, т.б.
35   Таяу және алыс шетелдерге баспа өнiмдерiн
     жеткiзу және сату:
     оқыту-тәрбиелеу мекемелерiнiң,             тиiстi
     кiтапханалардың, Дүниежүзi қазақтары       мемлекеттердiң
     қауымдастығының шетелдегi бөлiмшелерiнiң,  мемлекеттiк
     қазақ мәдени орталықтары мен "Қазақ тiлi"  органдары
     қоғамдарының, қазақ тiлiн оқып - үйрету    арасындағы
     жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн           шарттар мен
     курстардың қажеттерiн қанағаттандыру       келiсiмдер
     үшiн оқулықтармен, оқу-әдiстемелiк
     құралдармен, нормативтiк-нұсқаулық
     материалдармен және басқа да арнаулы
     басылымдармен қамтамасыз ету
     қазақ тiлiндегi мерзiмдi басылымдарды
     жеткiзу көлемiн ұлғайту
     Республикалық баспалардың өнiмдерiн таяу   Кiтап саудасы
     және алыс шетелдерге сатуды ұйымдастыру    ұйымдарының
     үшiн "Халықаралық кiтап" қоғамымен         шарттары мен
     қаржы-коммерциялық шарттарды жолға қою     сауда келiсiмдерi
     таяу және алыс шетелдерге қазақ тiлiндегi  тиiстi
     баспа өнiмдерiн сату жөнiндегi арнаулы     мемлекеттердiң
     кiтап дүкендерiн орналастыру және ашу      баспа iстерi
                                                жөнiндегi органдары
                                               арасындағы келiсiмдер
36   Қазақ диаспорасы тұратын елдер мен         шетелдермен
     аймақтарға радиохабарларын тұрақты         келiсiмдер
     түрде таратуды ұйымдастыру
37   Шығармашылық интеллигенциялармен арнайы    теледидар мен
     тақырыптық хабарлар мен радиокөпiрлер      радионың арнаулы
     жүргiзу                                    редакцияларының
                                                жұмыс жоспары
38   ТМД елдерiнiң баспаханаларына (қазақ       ТМД елдерi
     шрифтерi мен полиграфиялық материалдармен  баспаханаларымен
     және т.б.) практикалық-көмек көрсету       келiсiмдер

  VI. ҰЙЫМДАСТЫРУ ШАРАЛАРЫ

39   Шетелдерде тұратын отандастар iстерi
     жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаны жүзеге
     асыруға бақылау жасау Қазақстан
     Республикасының Ұлттық саясат жөнiндегi
     мемлекеттiк комитетiне жүктелсiн
40   Шетелдегi отандастармен жүргiзiлетiн
     шараларға Сыртқы iстер министрлiгiнiң
     шетелдердегi мекемелерiнiң қатысуы,
     бұл үшiн:
     1) Қазақстан Республикасының таяу және     Қазақстан
     алыс шетелдердегi дипломатиялық            Республикасы
     өкiлдiктерi арқылы олар тығыз орналасқан   Үкiметiнiң
     жерлерге бару, жұмыс iстейтiн қоғамдық     шешiмi
     ұйымдар туралы деректер жинау және
     туындаған проблемаларды шешу жөнiнде
     тиiстi құжаттар әзiрлеу жолымен
     отандастармен тұрақты байланыс орнатуды
     жолға қою
     2) Қазақ мәдениетi мен әдет-ғұрыптарын,    министрлiктердiң
     қазақ тiлi мен әдебиетiн насихаттау,       арасындағы
     кездесулер мен мерекелер өткiзу ошағы      келiсiмдер
     ретiнде мәдени орталықтар ашу
41   Қазақ диаспорасынан шыққан бизнес          нұсқаулық хат
     өкiлдерiмен сауда-экономикалық байланыстың
     дамуына жан-жақты жәрдемдесу, бұл үшiн:
     Қазақстан Республикасының кәсiпкерлерi     Қазақстан
     мен мемлекеттiк құрылымдары және           Республикасы
     отандастардың экономикалық құрылымдары     Үкiметiнiң
     негiзiнде бiрлескен кәсiпорындар           шешiмi
     (акционерлiк қоғамдар, ассоциациялар,
     бiрлескен кәсiпорындар) құруға жәрдемдесу
_________________________________________________________________
   Орындалу мерзiмi            |  Орындаушылар
_________________________________________________________________
             4                 |           5
_________________________________________________________________
     1997-1998 жылдар           Ғылымминi-Ғылым академиясы,
                                Философия институты
     -"-                        -"-
     -"-                        -"-
     -"-                        -"-
     1997-1999 жылдар           Ғылымминi-Ғылым академиясы,
                                Философия институты
     1997-1999 жылдар           Ғылымминi-Ғылым академиясы,
                                Философия институты
     -"-                        -"-
     -"-                        Дүниежүзi қазақтарының қауымдастығы,
                                Ғылымминi-Ғылым академиясы
     1997-1998 жылдар           Әдiлетминi, Еңбек және
                                әлеуметминi, облыстар мен Алматы
                                қаласының әкiмдерi
     1997 жыл                   Сыртқыiсминi, Ұлтмемкомы,
                                Әдiлетминi
     1997 жыл                   Сыртқыiсминi, Әдiлетминi, Еңбек
                                және әлеуметминi, Iшкiiсминi
                                облыстар мен Алматы қаласының
                                әкiмдерi
     1997 жыл                   Сыртқыiсминi, Әдiлетминi, Еңбек
                                және әлеуметминi,
     Бұл да сол                 Сыртқыiсминi
     1997-1999 жылдар           Сыртқыiсминi, Еңбек және
                                әлеуметминi, Iшкiiсминi, ҰҚҚ,
                                Кеден комитетi
     жыл сайын                  Еңбек және әлеуметминi, Сыртқыiсминi
     1997 жыл                   Еңбек және әлеуметминi,Сыртқыiсминi,
                                Iшкiiсминi, ҰҚҚ
     1997 жыл                   Iшкiiсминi, Қаржыминi, ҰҚҚ
                                Сыртқыiсминi, Әдiлетминi
     1997 жыл                   Iшкiiсминi, Ұлттықбанк, Қаржыминi
     1997-1998 жылдар           Қаржыминi, Iшкiiсминi, облыстар
                                мен Алматы қаласының әкiмдерi
     жыл сайын                  Еңбек және әлеуметминi, Сыртқыiсминi
                                Iшкiiсминi, ҰҚҚ Кеден комитетi
     1997-2000 жылдар           Еңбек және әлеуметминi, Бiлiмминi,
                                Ауылшарминi, облыстардың әкiмдерi
    1997-2001  жылдар           Қорғанысминi
     тұрақты түрде              Еңбек және әлеуметминi
     -"-                        Әдiлетминi, Сыртқыiсминi
     Жыл сайын                  Бiлiмминi
     1997 жыл                   Бiлiмминi
     1997 жыл                   Бұл да сол
     жыл сайын                  -"-
     1997 жыл                   -"-
     Бұл да сол                 Бұл да сол
     тұрақты түрде              -"-
     1997-1998 жылдар           -"-
     Жыл сайын                  -"-
     1997-1999 жылдар           Бiлiмминi
     тұрақты түрде              -"-
     -"-                        -"-
     жыл сайын                  -"-
     -"-                        Мәдениетминi
     1997-1998 жылдар           -"-
     жыл сайын                  Мәдениетминi
     -"-                        Мәдениетминi, Қазақстан
                                Жазушылар одағы
     1997 жыл                   Жастурспортминi
     1997 жыл                   Жастурспортминi
     жыл сайын                  -"-
     1997-2001 жылдар           Баспасөз және бұқаралық ақпарат 
                                iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiк,
                                Бiлiмминi, Мәдениетминi
     жыл сайын                  Ұлтмемкомы, Баспасөз және
                                бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi
                                ұлттық агенттiк, "Қазақ кiтап" МК,
                                Бiлiмминi, Мәдениетминi
     жыл сайын                  "Қазбаспасөз"
     жыл сайын                  "Қазақ кiтап" МК
     1997-2001 жылдар           Баспасөз және бұқаралық ақпарат
                                iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiк,
                                "Қазақ кiтап МК"
     1997-2001 жылдар           "Қазақстан теледидары мен радиосы"
                                республикалық корпорациясы,
                                Баспасөз және бұқаралық ақпарат
                                iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiк
     жыл сайын                  "Қазақстан теледидары мен радиосы"
                                республикалық корпорациясы
     жыл сайын                  Баспасөз және бұқаралық ақпарат
                                iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiк,
                                "Қазақ кiтап" МК
                                Ұлтмемкомы
     1997 жыл                   Қазақстан Республикасының таяу
                                және алыс шетелдердегi елшiлiктер
     1997-2001 жылдар           Қазақстан Республикасының
                                елшiлiктерi
     тұрақты түрде              Өнеркәсiпсаудаминi, Сыртқыiсминi,
                                Қазақстан Республикасының
                                елшiлiктерi
     1997 жыл                   Экономминi, Еңбек және әлеуметминi,
                                Меммүлiккомы
      
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады