1. Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер 1997 жылдың сәуiр-маусымында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа әскерлерi мен әскери құрамалары қатарынан запасқа шығарылсын.
2. Шақыру күнiне дейiн 18 жасқа толған, әскери қызметке шақырылуын кейiнге қалдыру құқығы жоқ ер азаматтар, сондай-ақ шақырылуын кейiнге қалдыру құқығынан айрылған ересек жастағы азаматтар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларына 1997 жылдың сәуiр-маусымында мерзiмдi әскери қызметке шақырылсын.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi облыстық, қалалық және аудандық шақыру комиссияларының жұмысын қамтамасыз етсiн, шақыруды ұйымдасқан түрде өткiзу және мерзiмдi әскери қызметiн өткеру үшiн шақырылған азаматтарды әскерге жөнелту жөнiнде қажеттi шаралар қолданатын болсын.
4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Мемлекеттiк тергеу комитетi Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасымен бiрлесiп, мерзiмдi әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды iздестiру және оларды заңмен көзделген жауапкершiлiкке тарту шараларын қолдансын.
3. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Президентi