Отандық және шетелдiк тiкелей инвестицияларды тарту үшiн Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларының тiзбесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 5 сәуiрдегi N 3444. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  Z970075_  6-бабына сәйкес қаулы етемiн: 
      1. Отандық және шетелдiк тiкелей инвестицияларды тарту үшiн Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларының мынадай тiзбесi бекiтiлсiн: 
      - өндiрiстiк инфрақұрылым; 
      - өңдеушi өнеркәсiп; 
      - Ақмола қаласының объектiлерi; 
      - тұрғын үй, әлеуметтiк сала мен туризм объектiлерi; 
      - ауыл шаруашылығы. 
      2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр апта мерзiмде Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларының шеңберiнде 2000 жылға дейiнгi кезеңде отандық және шетелдiк тiкелей инвестицияларды тарту үшiн Барынша маңызды өндiрiстердiң тiзiмiн бекiтiп, баспасөзде жариялайтын болсын. 
      3. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бекiткен барынша маңызды өндiрiстерге инвестицияларды мемлекет инвестициялық жобаны iске асырудың бүкiл кезеңiнде көтермелеп, қолдап отырады деп белгiленсiн. 
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. 

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады