1. 1997 жылғы 8 қазанға Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты депутаттарының сайлауы тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты депутаттарының сайлауы жөнiндегi сайлау iс-шаралары "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығында белгiленген ережелерге сәйкес және мерзiмде өткiзiледi деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылай қамтамасыз ету жөнiнде барлық қажеттi шараларды қолданатын болсын.
4. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi қажет болған
жағдайда осы Жарлық күшiне енген күннен бастап жетi күн мерзiмде аумақтық сайлау комиссияларының құрамдарын өзгертсiн. Қабылданған шешiмдер туралы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясын кiдiрiссiз хабардар ететiн болсын. 5. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi