"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155 Заң күшi бар
Жарлығының
15-бабының в) тармақшасына сәйкес қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Металл ақша дизайнының тұжырымдамасы бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1997 жылғы 11 қарашадағы
N 3745 Жарлығымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Металл
ақша дизайнының тұжырымдамасы
1. Осы Тұжырымдама (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң металл ақша (бұдан әрi - металл ақша) дизайнына қойылатын негiзгi сипаттамалар мен талаптарды белгiлейдi.
2. Металл ақша дизайнын жасауға мынадай талаптар қойылады:
1) мүмкiндiгiнше Қазақстанның ұлттық-мәдени және тарихи ерекшелiктерiн, елеулi тарихи оқиғаларды, мәдениет ескерткiштерiн, Республиканың аса көрнектi қайраткерлерiн, мәдениет және спорт саласындағы жетiстiктер мен оқиғаларды жоғары бейнелеу деңгейiнде орындау;
2) мемлекеттiк рәмiздердi, шығарылған жылы мен нақты құнын мiндеттi түрде көрсету;
3) металл ақшаны жасаған кезде эстетикалық жағынан тартымды және денсаулыққа зияны жоқ материалдарды пайдалану;
4) құны жоғары металл ақшаны қолдан жасаудан қорғаудың қажеттi деңгейiн және металл ақшаның диаметрi мен салмағының басқа мемлекеттердiң металл ақшасының диаметрi мен салмағынан барынша өзгеше болуын қамтамасыз ету.
3. Металл ақшаны жасаған кезде қаржыны үнемдеуге және оның оңтайлы механикалық ерекшелiктерiнде және айналысқа бөлу мерзiмiнiң ұзақтығына қол жеткiзу мақсатында, сондай-ақ осы Тұжырымдаманың 2-тармағында санамаланған тараптар мен Қазақстанда қолданылатын металл ақшаны жасау технологиясын ескере отырып, ол мыс-никель қорытпасынан соғылады.
4. Металл ақшаның эмиссиясы кезiнде әрбiр төлем операциясында металл ақшаның ең аз санын пайдалануға мүмкiндiк беретiндей металл ақша қатары ескерiледi. Металл ақшаның ең төменгi нақты құны 1 (бiр) теңге болып белгiленедi.
5. Қазақстан Республикасының металл ақшасының нақты эмиссиясының құнын, техникалық өлшемдерi мен дизайнын осы Тұжырымдама негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлейдi.
6. Қазақстан Республикасында айналысқа, сол сияқты мерекелiк, естелiк, инвестициялық және басқа арнайы соғылған, металл ақша шығарылуы мүмкiн, оны жасауға қымбат бағалы материалдар (оның iшiнде асыл металдар) пайдаланылады, оған металл ақшаға ерекше кескiн беретiн және оның нақты құны бойынша төлем құралы ретiнде де, сондай-ақ коллекциялау, инвестициялау, нақты құнынан ерекшеленетiн басқа құн бойынша кәдеге жаратылатын зат ретiнде де айналыста болуына мүмкiндiк беретiн ақша соғудың күрделi технологиясы мен көркем безендiру әдiсi қолданылады.