Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 13) тармақшасына,
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 15 қазандағы N 3677
Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы соттары судьяларының
бiлiктiлiк сыныптары туралы ереженiң 3, 7-тармақтарына сәйкес қаулы етемiн:
1. Мыналарға жоғары бiлiктiлiк сыныбы берiлсiн:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық iстер
жөнiндегi сот алқасының төрағасы Суханова Назым Таңатарқызына;
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары:
Булович Валерий Николаевичке;
Бурляева Валентина Викторовнаға;
Көмеков Қанат Опабекұлына;
Линние Анатолий Васильевичке;
Пономаренко Юрий Афанасьевичке;
Алматы қалалық сотының төрағасы
Байбаторов Серiк Қатенұлына;
Ақмола облыстық сотының төрағасы
Қасымов Ақылтай Ахметжанұлына;
Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы
Рысқалиев Амангелдi Рысқалиұлына;
Қарағанды облыстық сотының судьясы
Попов Владимир Михайловичке.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi