Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгерісі туралы шектеулі конвенциясының Киото хаттамасына Қазақстан Республикасының қол қоюы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1999 жылғы 12 наурыз N 84

      Парник газдарының климат жүйесіне қауіпті антропогендік ықпалының алдын алу үшін олардың атмосферада шоғырлануын тұрақтандыру жөніндегі әлемдік қауымдастықтың күш салуына Қазақстан Республикасының қатысуы мақсатында қаулы етемін:
 
      1. Киото қаласында 1997 жылғы 11 желтоқсанда қабылданған Біріккен

 

Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгерісі туралы шектеулі конвенциясының

Киото хаттамасына қол қойылсын.

     2. Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының

Тұрақты Өкілі Ақмарал Хайдарқызы Арыстанбековаға Киото қаласында 1997

жылғы 11 желтоқсанда қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың

өзгерісі туралы шектеулі конвенциясының Киото хаттамасына қол қоюға

уәкілеттік берілсін.

     3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Президенті


     Оқығандар:

          (Қасымбеков Б.А.)

          (Нарбаев Е.Ә.)






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады