Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының бірыңғай (ортақ) білім беру кеңістігін қалыптастыру мақсатында қаулы етемін:
1. 1997 жылғы 17 қаңтарда Мәскеу қаласында жасалған Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығының бірыңғай (ортақ) білім беру кеңістігін қалыптастыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының бірыңғай (ортақ) білім беру кеңістігін қалыптастыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімін іске асыру жөнінде шаралар қолдансын. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті Оқығандар: Қасымбеков Б.А. Омарбекова А.Т.