Халықаралық валюта қоры мен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкінің Басқарушылар Кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1999 жылғы 2 желтоқсан N 276. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2002.04.26. N 854 жарлығымен. ~U020854

      "Қазақстан Республикасының Халықаралық валюта қорына, Халықаралық қайта құру және даму банкіне, Халықаралық қаржы корпорациясына, Халықаралық даму қауымдастығына, Инвестициялар кепілдігінің көпжақты агенттігіне және Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталыққа мүшелігі туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 26 маусымдағы Заңына сәйкес қаулы етемін:
      Қадыржан Қабдошұлы Дәмитов Қазақстан Республикасынан Халықаралық валюта қорының Басқарушысы қызметінен босатылсын.
      Ораз Әлиұлы Жандосов Қазақстан Республикасынан Халықаралық қайта жаңарту және даму банкінің Басқарушысы қызметінен босатылсын.
      Жаннат Жүрғалиқызы Ертілесова Қазақстан Республикасынан Халықаралық валюта қоры Басқарушысының орынбасары қызметінен босатылсын.
      Роман Владимирович Солодченко Қазақстан Республикасынан Халықаралық қайта жаңарту және даму банкі Басқарушысының орынбасары қызметінен босатылсын.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Григорий Александрович Марченко Қазақстан Республикасынан Халықаралық валюта қорының Басқарушысы болып тағайындалсын.
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ержан Әбілхайырұлы Өтембаев Қазақстан Республикасынан Халықаралық қайта жаңарту және Даму Банкінің Басқарушысы болып тағайындалсын.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәжит Төлеубекұлы Есенбаев

 

Қазақстан Республикасынан Халықаралық валюта қоры Басқарушысының

орынбасары болып тағайындалсын.

     Қазақстан Республикасының Экономика министрі Жақсыбек Әбдірахметұлы

Күлекеев Қазақстан Республикасынан Халықаралық Қайта жаңарту және Даму

Банкі Басқарушысының орынбасары болып тағайындалсын.

     Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Президенті


     Оқығандар:

          Қасымбеков Б.А.

          Икебаева Ә.Ж.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады