"Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін күшіне енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Z970207_ Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 U990029_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген Жарлыққа 2-қосымшада: "Қазақстан Республикасының прокуратурасы" деген жолдағы "4357" деген цифрлар "5474" цифрларымен ауыстырылсын; "Бас прокуратура" деген жолдағы "220" деген цифрлар "230" цифрларымен ауыстырылсын; "Прокуратура органдары" деген жолдағы "3496" деген цифрлар "4603" цифрларымен ауыстырылсын. 2. Осы Жарлық 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.