Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң ведомстволық бағыныстағы ұйымы басшысы лауазымының бос орнын иемденуге конкурс өткiзу Ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі 2000 жылғы 15 ақпан N 75 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу басқармасы 2000 жылғы 17 наурыз өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп тіркелді. Тіркеу N 1088. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2005 жылғы 18 мамырдағы N 243 бұйрығымен

       ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2005 жылғы 18 мамырдағы N 243 бұйрығынан үзінді:

       Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77 "Заңға тәуелдi кесiмдердi жетілдiру жөнiндегi шаралар туралы" өкімін іске асыру  және нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестікке келтіру мақсатында бұйырамын:
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:

     1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 15 ақпан N 75 "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң ведомстволық бағыныстағы ұйымы басшысы лауазымының бос орнын иемденуге конкурс өткiзу Ережесiн бекiту туралы" ...

      Министрдің м.а.
---------------------------------------------------------------

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң ведомстволық бағыныстағы ұйымдары басшыларының лауазымдық бос орындарын бiлiктi кадрлармен толықтыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
      1. Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң ведомстволық бағыныстағы ұйымы басшысы лауазымының бос орынын иемденуге конкурс өткiзу Қағидасы бекiтiлсiн. 
      2. Агенттiктiң бөлiм басшылары Ереженiң 1-тармағында көрсетiлгендерге сәйкес ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларының лауазымдық бос орындарын толықтыруды қамтамасыз етсiн. 
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.

      Төрайым 

                                         Қазақстан Республикасы
                                          Денсаулық сақтау ісі
                                        жөніндегі агенттігінің
                                   2000 жылғы "___" қаңтардағы N____
                                         бұйрығымен БЕКIТIЛГЕН

  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң ведомстволық бағыныстағы ұйымы басшысы лауазымының бос орынын иеленуге   конкурс өткiзу
ЕРЕЖЕСI 

      Осы Қағида Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң (әрi қарай - Агенттiк) ведомстволық бағыныстағы ұйымы басшысы лауазымының бос орынын иеленуге жарияланатын конкурстың шарттары мен тәртiбiн анықтайды. 

                           1. Жалпы ережелер 

      1. Агенттiктiң ведомстволық бағыныстағы ұйымы басшысы лауазымының бос орынын иеленуге конкурс (әрi қарай - конкурс) тиiстi бiлiмi бар Қазақстан Республикасының азаматтарына денсаулық сақтаудың республикалық мекемелерiнiң басшылық лауазымына тең мүмкiндiк құқын қамтамасыз етедi. 
      2. Конкурсты оның жариялануы жайында бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланғаннан кейiн Агенттiк жүргiзедi.
      3. Агенттiк тиiстi лауазым орынын алуға үмiткерлердi iрiктеудi жүргiзуге өкiлеттiлiгi бар конкурстық комиссияны құрады.
      4. Конкурстық комиссияның отырысы егер оның жұмысына комиссия  мүшелерiнiң аз дегенде 2/3-сi қатысып отырған жағдайда құқылы болып  есептеледi.
      5. Конкурсты жариялау кезiнде қолданылып жүрген еңбек туралы заңдар мен осы Қағиданың талаптары сақталуы тиiс.     

                2. Конкурс жариялаудың шарттары мен тәртiбi

      6. Конкурсқа - хабарланған конкурс шарттарына сай келетiн тұлғалар қатысуға құқылы.
      7. Конкурсқа қатысуға мынадай азаматтар жiберiлмейдi:
      1) осы Ереженiң 6-тармағында белгiленген талаптарға сай  келмейтiндер;
      2) заң күшiне енген сот шешiмiмен белгiлi бiр мерзiм аралығында басшылық лауазымдарды алуға құқығынан айырылғандар;
      3) заңдармен белгiленген басқа жағдайларда.
      8. Конкурс ашық немесе жабық әдiспен өткiзiледi.
      9. Ашық конкурсқа конкурс шарттарына сай келетiн Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының қатысуға құқығы бар.
      10. Жабық конкурсқа тек қана тиiстi ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметкерлерiнiң қатысуға құқығы бар.
      11. Ашық немесе жабық конкурс жариялау туралы шешiмдi Агенттiктiң басшылығы қабылдайды.
      12. Конкурстың қатысушылары конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейiн қажеттi құжаттарын тапсырған азаматтар болып табылады. 
      13. Агенттiктiң ведомстволық бағыныстағы ұйымы басшысы лауазымының бос орынын алуға үмiткерлер (әрi қарай үмiткерлер) болып конкурстық комиссияның шешiмiмен тестiлеуге жiберiлгендер саналады.
      14. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылар тапсырған құжаттарды қарайтын, үмiткерлердiң тестiлеу нәтижелерiн жүргiзетiн және қарайтын үмiткерлермен әңгiме өткiзетiн және арнайы отырыста Агенттiктiң ведомстволық бағыныстағы ұйымы басшысы лауазымының бос орнын алуға үмiткерлердi түпкiлiктi iрiктеудi жүргiзетiн алқалы орган болып табылады. Қажет болғанда комиссия отырысы конкурстың әр кезеңi бойынша жеке өткiзiледi.
      15. Конкурс бiрқатар жүйелi кезеңдердi қамтиды:
      1) конкурс өтетiндiгi туралы хабарландырудың жариялануы;
      2) конкурстық комиссияның құрылуы;
      3) конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген азаматтардың құжаттарын  қабылдау;
      4) конкурсқа қатысушылардың құжаттарының Агенттiктiң ведомстволық бағыныстағы ұйымы басшысы лауазымына қойылатын талаптарға сәйкестiгiн алдын ала қарау;
      5) үмiткерлердi тестiлеу;
      6) конкурстық комиссия жүргiзетiн үмiткерлермен әңгiмелесу;
      7) конкурстық комиссия жүргiзетiн лауазымның бос орнына үмiткерлердi iрiктеу;
      8) конкурстық комиссияның қорытынды отырысы (тағайындау үшiн ақтық кепiлдеменi толтырумен).
      16. Конкурсқа қатысуға кеткен шығындарды (конкурс өтетiн жерге бару, тестiлеу, әңгiмелесу, және керi қайту, тұрғын үй жалдау, тұру шығындары, барлық түрдегi байланыс қызметiн пайдалану) азаматтар өз қаржысы есебiнен өтейдi.     

                       3. Конкурс туралы хабарлау

      17. Конкурс өтетiндiгi туралы хабарландыру Агенттiкпен республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жарияланады. Хабарландырудың қосымша басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы мүмкiн.
      18. Конкурстың өтетiндiгi туралы хабарландыру мынадай деректердi қамтуға тиiс:
      1) Агенттiктiң атауы, тұрған жерi,почталық адресi, телефондары мен факстерi көрсетiле отырып;
      2) Конкурсты өткiзу тәсiлi (ашық немесе жабық);
      3) Бос орынның атауы, Агенттiкке ведомстволық бағыныстағы ұйымның аты көрсетiле отырып;
      4) Агенттiк белгiлеген конкурсқа қатысушыға қойылатын негiзгi  талаптар;
      5) құжаттар қабылдау мерзiмi;
      6) конкурсқа қатысушылар үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi;
      7) конкурс өткiзудiң мерзiмi мен орыны (қатысушылардың құжаттарын iрiктеу, үмiткерлердi тестiлеу мен әңгiмелесу, конкурстық комиссияның қорытынды отырысын қосқанда). Агенттiк басшылығының шешiмi бойынша, конкурстың бiр күн ішiнде өткiзiлуi мүмкiн.
      19. Хабарландыру қолданылып жүрген заңдарға қайшы келмейтiн қосымша ақпараттарды қамтуы мүмкiн.
      20. Өткiзiлген конкурстың нәтижелерi бойынша лауазымдық бос орын толтырылмаған жағдайда, жоғарыда белгiленген тәртiпте конкурс қайта жарияланады.     

                     

   4. Конкурстық комиссияны құру     

      21. Конкурстық комиссия Агенттiк Төрайымымен құрылады және бекiтiледi.
      22. Конкурстық комиссия төрағадан және комиссия мүшелерiнен тұрады. Комиссия хатшысының мiндетi комиссия мүшелерiнiң бiрiне жүктеледi.     

                        5. Құжаттар қабылдау     

      23. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген азаматтар Агенттiкке мынадай құжаттар тапсырады:
      1) конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiргендiгi туралы арыз;
      2) толтырылған кадрлар есебi бойынша жеке парақ (нақтылы тұратын жерiнiң адресi мен телефоны, оның iшiнде контактылық, көрсетiлген);
      3) нотариалды куәландырылған бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмесi;
      4) нотариалды куәландырылған еңбек кiтапшасының көшiрмесi; 
      5) белгiленген формадағы денсаулығы туралы анықтама;
      6) 3х4 көлемiндегi 2 фотосурет;
      7) хабарланған конкурс шарттарын растайтын басқа да құжаттар.
      24. Конкурсқа қатысушылар олардың бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiптiк деңгейi мен беделiне қатысты қосымша ақпараттар ұсынуына болады /бiлiктiлiгiн арттырғандығы, ғылыми дәреже мен атақ берiлгендiгi туралы құжаттар, мiнездемелер, кепiлдемелер, ғылыми жариялымдар т.б./.
      25. Конкурстық комиссияның қарауына құжат қабылдау мерзiмi iшiнде бiреу арқылы берiп жiберiлген немесе пошта арқылы салынған құжаттар да қабылданады.
      26. Конкурсқа қатысушылардың құжаттары мен конкурстық комиссияның материалдары Агенттiктiң кадрлық қызметiнiң қызметкерiнде сақталады.     

            6. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау     

      27. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды құжаттарды қабылдау аяқталған соң конкурстық комиссия жүзеге асырады. 
      28. Конкурстық комиссия 23-тармаққа байланысты, ұсынылған құжаттардың конкурстың шарттары мен талаптарына сәйкестiгiн талдайды.
      29. Ұсынылған құжаттарды талдау негiзiнде конкурстық комиссия  хаттаманы ресiмдей отырып, конкурсқа қатысушыларды тестiлеуге жiберу туралы шешiм қабылдайды.     

                         7. Yмiткерлердi тестiлеу

      30. Тестiлеудiң мақсаты үмiткерлердiң бiлiм мен қабылетiн әдiл бағалау болып табылады.
      31. Тестiлеудiң тәртiбiн конкурстық комиссия белгiлейдi.
      32. Агенттiкке ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызмет түрiне қарай әр түрлi тестiлiк бағдарламалар белгiленуi мүмкін.
      33. Тестiлеуден өткен үмiткерлер конкурстық комиссия арқылы  тестiлеудiң нәтижесiмен танысады.
      34. Әңгiмелесуге рұқсат алған үмiткерлер конкурстық комиссия жүргiзетiн әңгiмелесуден өту үшiн шақырылады.     

                       8. Yмiткерлермен әңгiмелесу

      35. Әңгiмелесудiң мақсаты үмiткерлердiң кәсiптiк және жеке басылық қасиетiн бағалау болып табылады.
      36. Yмiткерлердiң кәсiптiк және жеке басылық қасиетiн бағалау кезiнде конкурстық комиссия басшының бос орнына конкурс жарияланған белгiлi бiр мекеменiң ерекшелiктерiне, денсаулық сақтау ұйымының басшысына қойылатын талаптарға сүйенедi.
      37. Конкурс жеңiмпазын анықтау үшiн әңгiмелесуден өткен кандидатуралар бойынша жабық дауыс беру жүргiзiледi.     

            9. Конкурстық комиссияның қорытынды отырысы

      38. Қорытынды отырысында конкурстық комиссия үмiткерлердi ұсынған құжаттары, тестiлеу мен әңгімелесу нәтижелерi негiзiнде бағалап, олардың iшiнен лауазымдық бос орынды иеленушiлердi iрiктеп алады.
      39. Конкурстық комиссияның шешiмi үмiткердiң қатысуынсыз жабық дауыс беру жолымен қабылданады.     

   

   10. Лауазымдық бос орынға үмiткер iрiктеу жөнiндегi сайлау

      40. Лауазымдық бос орынға үмiткер iрiктеу жөнiндегi сайлау жабық дауыс беру жолымен жүреді. Оған конкурстық комиссияның мүшелерi қатысады.
      41. Дауысты санау конкурстық комиссияның отырысына қатысқан барлық комиссия мүшелерiнiң қатысуымен жүргiзiледi.
      42. Yмiткер, егер ол үшiн комиссия құрамынан қатысып отырғандардың көпшiлiгi дауыс берсе лауазымдық бос орынға сайланған болып табылады. Дауыстар саны тең болса, конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешушi болып саналады.
      43. Қорытынды отырыстағы талқылау барысы мен сайлау нәтижесi хаттамаға жазылады, оған конкурстық комиссияның отырысына қатысқан конкурстық комиссияның барлық мүшелерiнiң қолдары қойылып, Агенттiк Төрайымына ұсынылады. 
      44. Егер конкурстық комиссияның отырысы нәтижесінде лауазымдық бос орынға лайықты үмiткерлер анықталмаса, онда Агенттiкпен конкурс қайта жариялануы мүмкiн.
      45. Конкурстық комиссия әңгiмелесуден өткен үмiткерлердi конкурс нәтижесi туралы отырыс болған күнi, немесе кейiн, бiрақ әңгiмелесу бiткен соң 5 күннен көп емес уақытта таныстырады...     

                 11. Yмiткердiң бос орынды иеленуi     

      46. Конкурстық комиссия жұмысының нәтижесi бойынша Агенттiк Төрайымы жарияланған бос орынға ие болған ведомстволық қарасты ұйымның басшысын тағайындау туралы тиiстi бұйрық шығарады.
      47. Конкурстық комиссия лауазымдық бос орынға тағайындау үшiн ұсынған азаматты жұмысқа алу кезiнде оның әдейi жалған дерек бергенi анықталар болса, ол тиiстi лауазымдық қабылдаудан бас тартуға негiз болады. Бұл жағдайда конкурс қайта жарияланады.     

                        

   12. Шағымдану тәртiбi

      48. Конкурсқа қатысушылар мен үмiткерлер, конкурстық комиссияның шешiмiмен келiспейтiндiгiн бiлдiрiп Агенттiк Төрайымына немесе сот тәртiбiнде шағымдануға құқылы. 
      49. Агенттiк Төрайымы конкурстық комиссия туралы түскен шағымды қарайды, осы Қағиданы бұзушылық болған жағдайда конкурстық комиссияға қабылданған шешiмдi толық немесе жарым-жартылай өзгертудi ұсынуы мүмкiн. 
      50. Агенттiк Төрайымының ұсынысы конкурстық комиссияда оның сол бұрынғы құрамындағы отырысында қаралады. Осы отырысында конкурстық комиссия бұрынғы шешiмiн өзгертiп, жаңа шешiм шығарады немесе оны өзгерiссiз қалдырады. Конкурстық комиссия қабылданған шешiм туралы Агенттiк Төрайымына және шағым берген конкурсқа қатысушыға немесе үмiткерге шешiм қабылданған күннен бастап 5 күндiк мерзiм iшiнде хабарлайды.
      51. Конкурстық комиссия бұрын қабылдаған шешiмiн өзгерткен жағдайда, сол үмiткерлердiң қатысуымен комиссия отырысының процедурасы қайта өткiзiледi.
      52. Конкурсқа қатысушылар мен үмiткерлер өздерiне қатысты бөлiгiне, сондай-ақ Агенттiк Төрайымы конкурс құжаттарымен, тестiлеу және әңгiмелесудiң нәтижелерiмен танысуға құқылы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады