1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сақтандыру қызметiне байланысты құқық бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл салуы және өндіріп алуы туралы ереже бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап 10 күннен кейiн күшіне енгізiлсiн.
2. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сақтандыру қызметiне байланысты құқық бұзғаны үшiн әкiмшiлiк айыппұл салуы және өндiрiп алуы туралы ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сақтандыру қызметiне байланысты құқық бұзғаны үшiн әкiмшiлiк айыппұл салуы және өндiрiп алуы туралы ереженi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, облыстық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсiн.
Ұлттық Банк Төрағасы
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі Басқармасының 2000 жылғы 26 ақпандағы N 86 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
сақтандыру қызметіне байланысты құқық бұзғаны үшін
әкімшілік айыппұл салуы және өндіріп алуы туралы ереже
Осы Ереже Қазақ КСР-інің әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне және басқа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сақтандыру ұйымдарының лауазымды адамдарына сақтандыру қызметіне байланысты құқық бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл салу және өндіріп алу тәртібін белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Сақтандыру қызметі туралы заңдарды бұзғаны үшін айыпты болған сақтандыру ұйымдарының лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жауапкершілікке тартылады.
2. Сақтандыру заңдарына сәйкес сақтандыру ұйымдарының (оның ішінде филиалдың) мынадай лауазымды адамдары әкімшілік жауапкершілікке тартылады: бірінші басшысы және бас бухгалтері, не олардың орнындағы адамдар.
3. Ұлттық Банк сақтандыру ұйымдарының лауазымды адамдарына әкімшілік
жауапкершілік туралы заңдарда белгіленген негізде және тәртіппен әкімшілік айыппұл салады және өндіріп алады. 4. Сақтандыру ұйымдарының лауазымды адамдарына әкімшілік айыппұл салу түрінде өндіріп алу қолданылуымен қатар Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы заңдарында көзделген басқа да санкциялар қолданылуы мүмкін. 5. Әкімшілік жауапкершілік туралы заңдардың талаптарын бұзған адамның жауаптылығы туралы мәселені шешкен кезде мынадай өлшемдер ескеріледі: 1) айыбының ауырлығы; 2) құқық бұзушылықтың қайталануы; 3) құқық бұзушылықтан болатын зардаптар және оның ауырлығы; 4) адамның кінәсін жан-жақты анықтауға мүмкіндік беретін басқа да өлшемдер. 6. Ұлттық Банктің сақтандыруды қадағалау бөлімшесі сақтандыру ұйымдарының лауазымды адамдарына салынатын тиісті тізілімде көрсетілген әкімшілік айыппұлдар есебін жүргізеді (N 1 қосымша). 2-тарау. Сақтандыру ұйымдарының лауазымды адамдарына әкімшілік айыппұл салу және өндіріп алу туралы материалдарды ресімдеу және қарау тәртібі
7. Әкімшілік айыппұл салуға негіз болып табылатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы тиісті хаттама жасалып, оған қажетті құжаттар қоса беріледі.
Ұлттық Банктің сақтандыруды қадағалау бөлімшесі қызметкерлерінің әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар.
8. Ұлттық Банктің сақтандыруды қадағалау бөлімшесінің қызметкерлері сақтандыру ұйымының лауазымды адамының құқық бұзғаны анықталғаннан кейін бір апта мерзімде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға міндетті (N 2 қосымша).
9. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама екі дана етіп жасалады
және онда міндетті түрде мынадай мәліметтер болуға тиіс: 1) күні және оның жасалған орны; 2) хаттама жасаған адамның аты-жөні және лауазымы; 3) сақтандыру ұйымының әкімшілік құқық бұзған лауазымды адамының қызметі, аты-жөні; 4) әкімшілік құқық бұзылған жер, уақыты және мән-жайы; 5) әкімшілік құқық бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту көзделген нормативтік-құқықтық акт; 6) құқық бұзушылықты анықтау жолы (есептер, хаттар, актілер және т.б.); 7) егер болса, куәлердің, басқа да адамдардың аты-жөні, мекен-жайы; 8) лауазымды адамның түсініктемесі; 9) басқа да қажетті мәліметтер. Хаттамаға оны жасаған адам және соған қатысты хаттама жасалған сақтандыру ұйымының лауазымды адамы қол қояды.
Әкімшілік құқық бұзған адам хаттамаға қол қоюдан және түсініктеме беруден бас тартқан жағдайда, оған бұл туралы жазылады. Әкімшілік құқық бұзған адам хаттамамен қоса берілетін түсініктемені және хаттаманың мазмұны туралы ескертпені ұсынуға, сондай-ақ өзінің оған қол қоюдан бас тарту себебін жазып беруге құқылы.
Хаттама жасаған кезде лауазымды адамға оның құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, ол жөнінде хаттамаға белгі қойылады.
10. Сақтандыруды қадағалау бөлімшесі хаттама жасалғаннан кейін лауазымды адамды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулының жобасын, әкімшілік айыппұл салу және өндіріп алу туралы қорытынды жасайды, онда лауазымды адамның құқық бұзу мән-жайы туралы ақпараттан басқа сақтандыру ұйымының лауазымды адамынан өндіріліп алынатын әкімшілік айыппұлдың сомасын көрсетіп, хаттамамен бірге Ұлттық Банк Төрағасының не сақтандыруды қадағалау бөлімшесіне жетекшілік ететін Төрағаның орынбасарына қарауға жібереді.
11. Ұлттық Банктің Төрағасы не сақтандыруды қадағалау бөлімшесіне жетекшілік ететін Төрағаның орынбасары әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама мен басқа материалдарды алған күннен бастап 15 күннің ішінде, бірақ әкімшілік құқық бұзылған немесе құқық бұзу анықталған күннен бастап екі айдан кешіктірмей ұсынылған материалдар бойынша сақтандыру ұйымының лауазымды адамынан әкімшілік айыппұл өндіріп алу туралы шешім қабылдайды (N 3 қосымша).
12. Ұлттық Банк әкімшілік айыппұл өндіріп алу туралы материалдарды қарау нәтижелері жөнінде сақтандыру ұйымының әкімшілік жауапкершілікке тартылған лауазымды адамына тез арада хабарлауға міндетті.
Әкімшілік айыппұл өндіріп алу туралы қаулының көшірмесі үш күннің ішінде қаулы шығарылған адамға табысталады немесе жіберіледі.
Қаулының көшірмесі қол қойғызып табысталады. Егер қаулының көшірмесі жіберілетін болса, бұл жөнінде іс қағазына тиісті жазбалар жасалады.
13. Ұлттық Банктің әкімшілік айыппұл өндіріп алу туралы шешімі осы Ереженің 14-тармағында белгіленген мерзімде күшіне енеді.
14. Сақтандыру ұйымының әкімшілік жауапкершілікке тартылған лауазымды адамы Ұлттық Банктің әкімшілік айыппұл салу және өндіріп алу туралы шешімімен келіспеген жағдайда, шешім шығарылған күннен бастап он күн ішінде осы шешім жөнінде сотқа шағым беруге құқылы.
15. Сақтандыру ұйымының лауазымды адамы өзіне әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы табысталған күннен бастап 15 күн ішінде, ал мұндай қаулыға шағымданған немесе қарсылық білдірген жағдайда, шағымның немесе қарсылықтың қанағаттандырылмаған күйінде қалдырылғаны жөнінде хабар алған күннен бастап 15 күннен кешіктірмей республикалық бюджетке аударым арқылы әкімшілік айыппұл төлеуге міндетті.
Сақтандыру ұйымының лауазымды адамы әкімшілік айыппұлын төлегеннен кейін бұл жөнінде Ұлттық Банкке хабарлайды, оның әкімшілік айыппұл төлегенін растайтын, төлемді қабылдаған банк куәландырған құжаттың көшірмесін қоса береді. 3-тарау. Қорытынды ережелер 16. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларына сәйкес шешілуге тиіс. Ұлттық Банк Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 26 ақпандағы N 86 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сақтандыру қызметіне байланысты құқық бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл салуы және өндіріп алуы туралы ережеге N 1 қосымша
Сақтандыру ұйымдарының лауазымды адамдарына
салынатын әкімшілік айыппұлдардың тізілімі --------------------------------------------------------------------------- р/с!Аты- !Ұлттық Банктің!Ұлттық Банктің!Хаттама.!Әкімші.!Салын.!Орын.!Басқа !жөні,!әкімшілік айы.!әкімшілік айы.!ның N !лік ай.!ған !дал. !лары !атқа.!ппұл салу және!ппұл салу және!және жа.!ыппұл !әкім. !ған ! !ратын!өндіріп алу !өндіріп алу !салған !салуға !шілік !күні ! !қыз. !туралы шешімі !туралы шешімі.!күні !негіз. !айып. ! ! !меті !қабылданған !нің сақтандыру! !деме !пұл ! ! ! !күні мен нөмі.!ұйымының лауа.! ! !сомасы! ! !рі !зымды адамына ! !жеткізілген ! !күні ! --------------------------------------------------------------------------- ---------------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 26 ақпандағы N 86 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сақтандыру қызметіне байланысты құқық бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл салуы және өндіріп алуы туралы ережеге N 2 қосымша
"__"_____________2000 ж. қызмет бабында пайдалану үшін Сақтандыру қызметіне байланысты анықталған құқық бұзушылық туралы Хаттама Хаттама жасалған күн және жер ________________________________________ ______________________________________________________________________ (Ұлттық Банктің сақтандыруды қадағалауды жүзеге асыратын бөлімше қызметкері (қызметкерлері), аты-жөні, лауазымы)_______________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ осы Хаттама Қазақ КСР-інің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 237-9 бабы негізінде жасалды: ______________________________________________________________________ (сақтандыру ұйымының құқық бұзған лауазымды адамының аты-жөні, әкімшілік құқық бұзған жері, уақыты және мәні) ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ Сонымен ______________________________________________________________ (аты-жөні, лауазымы) Қазақ КСР-інің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің ___________ бабының _________ бөлігінде (тармағында) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасады. Құқық бұзушылықты анықтау көзі _____________________ ______________________________________________________________________ Лауазымды адамның түсініктемесі ______________________________________________________________________ Маған ҚКСР ӘҚтК 261-бабына сәйкес менің іс материалдарымен танысуға, түсініктеме беруге, дәлелдемелер тапсыруға, өтініш білдіруге; істі қарау кезінде адвокаттың заңдық көмегін пайдалануға және іс жүргізілетін тілді білмейтін болсам аудармашының қызметін пайдалануға іс бойынша қаулыға шағым жасауға құқылы екендігімді түсіндіріп айтты. ______________________________________________________________________ лауазымды адамның аты-жөні, қолы Хаттама куәлардың (егер олар болса) қатысуымен жасалды: 1. ___________________________________________________________________ Аты-жөні, тұрақты мекен-жайы ______________________________________________________________________ _______________________ қолы 2. ___________________________________________________________________ Аты-жөні, тұрақты мекен-жайы ______________________________________________________________________ _______________________ қолы Хаттамаға қол қоюдан бастартты _______________________________________ ______________________________________________________________________ Хаттаманы жасаушының аты-жөні, лауазымы ______________________________ _______________________ қолы Осы хаттаманың көшірмесін алдым ______________________________________ ______________________________________________________________________ күні, лауазымды адамның қолы, аты-жөні немесе лауазымды адам хаттаманы ______________________________________________________________________ алудан бастартқан жағдайда хаттама жасаушының қойған белгісі Басқа мәліметтер _____________________________________________________ ______________________________________________________________________ Ұлттық Банктің хаттама жасаған Сақтандыру ұйымының қызметкерінің қолы лауазымды адамының қолы __________________________________ ________________________________ М.О.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 26 ақпандағы N 86 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сақтандыру қызметіне байланысты құқық бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл салуы және өндіріп алуы туралы ережеге N 3 қосымша
Әкімшілік шара қолдану туралы
_____ жылғы "__"________
N___ Қаулы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы (Төрағаның орынбасары) ______________________________________________________________________ аты-жөні ҚКСР ӘҚтК _____ бабының _________ бөлігін (тармағын) басшылыққа ала отырып______N___ әкімшілік құқық бұзу туралы хаттаманы және оған қоса ______________________________________________________________________ берілген Қазақ КСР-інің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін бұзғаны туралы материалдарды қарап, Мыналарды белгіледі: ______________________________________________________________________ Тәртіп бұзған адамның аты-жөні, атқаратын қызметі: ______________________________________________________________________ тәртіп бұзған уақыты, жері және мәні ______________________________________________________________________ (нақты көрсету) Қазақ КСР-інің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің қай бабы бұзылған ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ҚКСР ӘҚтК _____ бабының _____ бөлігін (тармағын) басшылыққа ала отырып Қаулы етеді: 1. ___________________________________________________________________ (Сақтандыру ұйымының құқық бұзған лауазымды адамының аты-жөні) ______________________________________________________________________ ҚКСР ӘҚтК _____ бабының ________ бөлігі (тармағы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылсын және оған ____________________________ теңге мөлшерінде айыппұл төлеу түрінде әкімшілік жаза қолданылсын. 2. ___________________________________________________________________ (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сақтандыруды қадағалайтын бөлімшесі) үш күндік мерзімде осы қаулыны сақтандыру ұйымының лауазымды адамына орындау үшін жіберсін. 3. Айыппұл осы қаулының көшірмесі тапсырылғаннан кейін 15 күн мерзім ішінде төлеуге жатады. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сақтандыруды қадағалау бөлімшесінің басшысы _________________________ жүктелсін. (аты-жөні) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы (Төрағаның орынбасары) Қаулымен таныстым _____________________________________ (Әкімшілік жауапкершілікке тартылған лауазымды адамның аты-жөні) ____________ ______________ (күні) (қолы) Пошта хабарламасымен жіберілді ____________ (күні) Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.