"Заңды тұлғалардың табыс салығын бюджетке есептеу және төлеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Бас салық инспекциясының N 33 Нұсқауына өзгерістерді бекіту туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі 2000 жылғы 5 сәуір N 301. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 6 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 1104. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.

-------------------Бұйрықтан үзінді---------------- Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
 
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
                                БҰЙЫРАМЫН:
      Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
      57. "Заңды тұлғалардың табыс салығын бюджетке есептеу және төлеу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Бас салық инспекциясының N 33 Нұсқаулығына өзгерiстердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгінiң 2000 жылғы 5 сәуiрдегi N 301 V001104_ бұйрығы. -----------------------------------------------------
 
      Бұйырамын:
      1. Осы бұйрыққа қоса берiлiп отырған "Заңды тұлғалардың табыс салығын бюджетке есептеу және төлеу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Бас салық инспекциясының N 33 V950078_ Нұсқауына өзгерiстер бекiтiлсiн. 2. Әдiстеме департаментi (Н.Д Үсенова): - аталған өзгерiстердi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiссiн; - келiсiлген өзгерiстердi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Қ.А. Нүрпейiсовке жүктелсiн. Министр "Заңды тұлғалардың табыс салығын бюджетке есептеу және төлеу тәртiбi туралы" N 33 Нұсқауға өзгерiстер енгiзу туралы II- бөлiмде: 8-тармақта: бесiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: "Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатудан алынған кiрiспен байланысты операцияларды жасау кезiнде сомаларды бекiтумен шетел валютасындағы айырым салық салу мақсатында ескерiледi." Жиынтық жылдық табыс туралы декларацияны толтыру және заңды тұлғалардың жүргiзген шегерiмi бойынша Басшылықта: "8-қосымша. Күмәндi талаптар" бөлiмiнде: он екiншi бөлiктiң екiншi сөйлемiндегi "қызмет көрсетулер" деген сөзден кейiнгi үтiр алынып тасталсын. Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады