"Үй-жай (пәтерлер) меншік иелері кооперативтеріндегі, тұрғын үй және тұрғын үй - құрылыс кооперативтеріндегі бухгалтерлік есеп туралы" Нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2000 жылғы 31 наурыз N 150. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 27 сәуірде тіркелді Тіркеу N 1121. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 179 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 179 бұйрығымен.

Үзінді:

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңның  27-бабы  1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н. Айтжанова) бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ресми баспа басылымдарына Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы хабарласын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                     Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2008 жылғы 15 сәуірдегі
N 179 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасының күшін жойған кейбір
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1.  ........ .
      2.  ........ .
      3.  ........ .
      4.  ........ .
      5.  ........ .
      6.  ........ .
      7.  ........ .
      8.  ........ .
      9.  ........ .
      10. ........ .
      11. ........ .
      12. ........ .
      13. ........ .
      14. "Үй-жай (пәтерлер) меншік иелері кооперативтеріндегі, тұрғын үй және тұрғын үй - құрылыс кооперативтеріндегі бухгалтерлік есеп туралы" Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 31 наурыздағы N 150 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1121 болып тіркелді).
      15. ........ .
      16. ........ .
      17. ........ .
      18. ........ .
      19. ........ .
      20. ........ .
      21. ........ .
      22. ........ .
      23. ........ .
      24. ........ .
      25. ........ .
      26. ........ .
      27. ........ .
      28. ........ ."
_____________________________________

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Бухгалтерлік есеп туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2732  Z952732_  Жарлығына сәйкес 
                                    БҰЙЫРАМЫН: 
      1. Қоса беріліп отырған "Үй-жай (пәтерлер) меншік иелері кооперативтеріндегі, тұрғын үй және тұрғын үй - құрылыс кооперативтеріндегі бухгалтерлік есеп туралы" Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық). 
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті заңдарда белгіленген тәртіппен Нұсқаулықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы вице-министрі А.Е. Досаевқа жүктелсін. 
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді. 

 
      Министр 

                                               Қазақстан Республикасы

                                                Қаржы министрінің 

                                                2000 жылғы 31 наурыз

                                                N 150 бұйрығымен

                                                бекітілген

                                 Нұсқау

 
          Үй-жай (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтеріндегі, 
           тұрғын үй және тұрғын үй - құрылыс кооперативтеріндегі 
                         бухгалтерлік есеп туралы 

 
      1. Үй-жай (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтеріндегі, тұрғын үй және тұрғын үй - құрылыс кооперативтерін құруға байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы"  Z970094_  1997 жылдың 16 ақпандағы заңымен реттеледі. 
      2. Үй-жай (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтеріндегі, тұрғын үй және тұрғын үй - құрылыс кооперативтері бухгалтерлік есеп және қаржы есептемесін беруді Қазақстан Республикасы Президентінің "Бухгалтерлік есеп туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы заң күші бар N 2732 Жарлығына, бухгалтерлік есеп стандарттарына, Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссияның 1996 жылғы 18 қарашадағы N 6  V960248_  қаулысымен бекітілген субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есептерінің Бас жоспарына сәйкес жүзеге асырады. 

 
      Бөлім 1. Үй-жай (пәтер) меншік иелері кооперативтері 

 
      3. Yй-жай (пәтерлер) меншiк иелерiнiң кооперативi (мұнан әрi - YМИК) - кондоминиум объектiлерiн басқару мақсатында құрылатын көп пәтерлi тұрғын үйлердегi үй-жай (пәтерлер) меншiк иелерiнің коммерциялық емес бiрлестiгi. 
      4. Кондоминиум - бұл үйлер азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің меншiгiнде болатын, ал ортақ мүлiк оларға ортақ үлестiк меншiк құқында тиесілi бiрегей мүлiктiк кешен ретiндегi қозғалмайтын мүлiкке меншіктің ерекше түрi. 

 
      Тарау 1. Тұрғын үйлердiң (пәтердiң) техникалық күтiмiне байланысты 
      шығындар мен кiрiстердi есептеу 
      5. Үй жай (пәтерлер) меншiк иелерiнiң тұрғын үй (пәтер) қорын күтiп ұстау мен ағымдағы қызмет көрсету үшiн төлемдерi ҮМИК кiрiсi ретiнде танылады және бухгалтерлiк есепте алу есебi корреспонденцияларында "Дайын өнiмдердi (жұмыс, қызмет) өткiзуден кiрiстер" 701 есебiнде көрсетiледi. 
      6. Үй-жай (пәтерлер) меншiк иелерiнiң жарналары түрiндегi кiрiстер YМИК басқару мен ұйымдастыруға және тұрғын үйлердiң (пәтер) техникалық күтiмiне байланысты шығындарды жабудың басты көзi болып табылады. 
      7. Тұрғын үйлердiң (пәтерлердiң) техникалық күтiмiне жұмсалатын шығындарға қызмет көрсетушi адамдардың еңбегiне, есептеу орталығының абоненттiк қызметiне (төлем құжаттарын басу), құралдар мен материалдар алуға төленетiн ақылар, жалпы пайдаланатын орындардағы кезекшi жарықтар, ағымдағы және күрделi жөндеу шығындары енгiзiлуi мүмкiн. Бұл шығындар, шығындарды есепке алу жөнiндегi тиiстi есептердің несиесiнен "Тауарларды (жұмыс, қызмет) өткiзу жөнiндегi шығындар" 811 есебiнiң дебетiнде көрсетiледi. 
      8. YМИК басқару мен ұйымдастыруға байланысты шығындарға әкiмшiлiк қызметкерлерi еңбегiне, ҮМИК басқармасы кеңсесiн ұстауға (үйдi жалдау, жылу, сумен жабдықтау, телефон т.б.) төленетiн ақы, кеңсе шығындары, заң және аудит қызметтерi, қызмет сапарлары және басқалар енгiзiлуi мүмкiн. Бұлар шығындарды есептеу жөнiндегi тиiстi есептердiң несиесiнен "Жалпы және әкiмшiлiк шығындар" 821 есебiнiң дебетiнде көрсетiледi. 

 

     Тарау 2. Негiзгі қорларды есептеу

     9. Азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің бөлек (жеке) 

меншiгiндегi үйлер және жалпы үлестiк меншiк құқында YМИК мүшелерiне 

тиесiн ортақ мүлiк YМИК-нің баланстан тыс есебiнде есептеледi.

     Тұрғын үйлердiң баланстан тыс есебi төмендегiдей мәлiметтердi 

қамтамасыз етуi тиiс:

     1) меншiк түрлерi бойынша тұрғын үй қорының құны:

        жекеменшiк тұрғын үй қоры:

        азаматтардың меншiгiндегi тұрғын үй қоры,

        заңды тұлғалар меншiгіндегі тұрғын үй қоры,

        жеке меншiктегi тұрғын емес үйлер;

        мемлекеттiк тұрғын үй қоры:

        мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қоры,

        мемлекеттiк кәсiпорындар тұрғын үй қоры,

        мемлекет меншiгiндегi тұрғын емес үйлер,

        ҮМИК мүшелерiнiң ортақ үлестiк меншiгiнiң тұрғын үй қоры:

        ортақ үлестiк меншiктегi тұрғын үйлер,

        ортақ үлестiк меншiктегі тұрғын емес үйлер;

     2) жабдықталған тұрғын үй қоры (су құбыры, канализациясы, орталық

жылу жүйесi, ванна (душы), газы, ыстық суы, электр оттығы, қоқыс құбыры,

лифтi бар);

     3) тұрғын үй қорын күрделi жөндеу (күрделi жөнделген тұрғын үйлердiң 

жалпы алаңы, есептi жылдағы күрделi жөндеуге жалпы шығын).

     10. Кооператив алатын негiзгi қорлардың есебi және олардың тозу 

өтемдерi жалпы белгiленген тәртiпте жүргiзiледi.

     

     Тарау 3. Тауар-материалдық запастардың есебi

 
      11. Тауар-материалдық запастарды YМИК iс жүзiндегi құны бойынша бағалайды. Тауар-материалдық запастарды есептен шығару кооператив төрағасы бекiткен және кооператив мүшелерiнің жалпы жиналысында келiсiлген нормаларға сәйкес орташа есептелген баға бойынша атқарылған жұмыстар актiсiнiң негiзiнде жүзеге асырылады. 

 
      Тарау 4. Коммуналдық қызметтер төлемiнiң есебi 
      12. Көрсетiлген коммуналдық қызметтер үшiн төлемдi үй-жай (пәтер) меншiк иелерi коммуналдық қызмет көрсетушiлерге (мұнан әрi маманданған ұйымдар) ҮМИК арқылы, немесе өз беттерiмен төлейдi. 
      13. Егер үй-жай (пәтерлер) меншiк иелерi коммуналдық қызмет үшiн төлемдi ҮМИК арқылы жасаса, онда ҮМИК сол қызметтерге тапсырысшы болып, маманданған ұйымдармен шарт жасасып, немесе агент ретiнде әрекет ете алады. 
      14. ҮМИК коммуналдық қызметке тапсырысшы бола отырып шарт бойынша маманданған ұйымдарға төленуге тиiс соманы шығын, ал пәтер иелерiнен коммуналдық қызмет үшiн төлем ретiнде алатын соманы кiрiс деп таниды. Бухгалтерлiк есепте былай көрсетiледi: 
      1) мамандандырылған ұйымдарға төленуге тиiс коммуналдық қызметтер құны - "Өнiм берушiлермен және мердiгерлермен есептесу" 671 есебiнiң кредитiнен "Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) өзіндiк құны" 80 тараушасының "Басқалары" 808 есебiнің дебетiне; 
      2) үй-жай (пәтер) меншiк иелерiнен алынуға тиiс коммуналдық қызметтер құны - "Алуға негiзделген есептеулер" 301 есебiнiң дебетiне "Негiзгi қызметтiң кiрiсi" 70 тараушасының "Басқалары" 709 есебiмен корреспонденциясында. 
      15. ҮМИК үй-жай (пәтерлер) меншiк иелерiнiң тапсыруымен коммуналдық қызметтердi төлеу агентi және мамандандырылған ұйымдар тапсырмасымен коммуналдық қызметтер қаржысын жинайтын агент бола алады. 
      16. ҮМИК коммуналдық қызметтердi төлеу агентi болғанда пәтер иелерiнен алынған сома үй-жай меншiк иелерiн алдындағы ҮМИК мiндеттемесi болады және бухгалтерлiк есепте "Есеп айырысу есебiндегi қолма-қол ақша", "Өнiм берушiлермен және мердiгерлермен есептесу" 671 есебiнің корреспонденциясында "Кассадағы ұлттық валютамен қолға берiлетiн ақшалар" 451 есептерiнiң дебетiнде көрсетiледi. Үй-жай меншiк иелерi алдында пайда болған мiндеттеменi жабу "Есеп айырысу шотындағы қолға берiлетiн ақшалар" 441 есебiнiң корреспонденциясындағы "Өнiм берушілермен және мердiгерлермен есеп" 671, "Кассадағы ұлттық валютамен қолға берiлетiн ақшалар" 451 есептерiнiң дебетiнде көрсетiледi. 
      17. ҮМИК маманданған ұйымдардың тапсыруымен коммуналдық қызметтер үшiн ақша жинаушы агент болғанда, шартта айтылған делдалдық алым сомасы алу есебiнiң дебетiнде және "Негiзгi емес қызметтен алынатын кiрiс" 72 тараушасының "Басқалары" 727 есебiнің кредитiнде көрсетiледi. 

 
      Тарау 5. Басқа қызметтердiң есебi 
      18. ҮМИК басқа қызметтерiне ортақ мүлiкке қызмет көрсетуге қатысты емес, мыс. үй-жай (пәтер) меншiк иесiнің үйiнде немесе өзге ҮМИК-де жөндеу жұмыстарын жүргiзу, YМИК тиесiн үйлердi, үй маңы жерлерiн жалға беру, үй қабырғалары мен шатырларын жарнамаға пайдалану т.б. жатады. 
      19. Басқа да қызметтердi беруден түскен табыс, "Негiзгi емес қызметтен алынатын кiрiс" 72 тараушасының "Басқалары" 727 есебiнің кредитiнде алуға негiзделген есептеулермен корреспонденциясында көрсетiледi. 
      20. ҮМИК өзге қызметтерiне байланысты шығындар, шығындарды есептеу жөнiндегi тиiстi есептердiң кредитiнен "Негiзгi емес қызмет бойынша шығындар" 84 тараушасының "Басқалары" 845 есебiнiң дебетiнде көрсетiледi. 
      21. Мерзiмi асып кеткен төлемдер бойынша өсiм түрiндегi сомалар және банк депозиттерi бойынша сыйақы (мүдде) "Акциялардың дивиденттерi және процент түрiндегi кiрiстер" 724 есебiнің кредитiнде ақша қаражаттарының есебi шоттарының корреспонденциясында көрсетiледi. 
      22. Заңды және жеке тұлғалардан қайырымдылық түрiнде тегiн алынған мүлiктер ҮМИК кiрiсi болып табылады және ақша қаражаттары есебi, айналымнан тыс активтер, тауарлы-материалдық қорлар және т.б. шоттарының дебетiнде "Басқалары" 727 есебiмен корреспонденциясында көрсетiледi. 

 
        Бөлiм 2. Тұрғын үй және тұрғын үй - құрылыс кооперативтерi 

 
      23. Тұрғын үй кооперативi (тұрғын үй-құрылыс кооперативi) тұрғын үйдi алу (салу) және пайдалану мақсатындағы азаматтардың коммерциялық емес ұйымы. Мұнда тұрғын үйге меншiк құқы кооперативке тиесілі, ал азаматтардың өздерiне бекiтiлген үйлердi иеленуге және пайдалануға, жекеленген жағдайларда белгiленген тәртiпте билiк етуге құқы бар және тұрғын үйдi күтiп ұстау шығындарына қатысады. 
      24. Тұрғын үйдi сатып алу немесе салу қаржысының көзi кооператив мүшелерiнің пай жарналары, мемлекеттiң, заңды тұлғалардың, азаматтардың несиелерi, материалдық көмегi болуы мүмкiн. 
      25. Кооператив мүшелерiнiң пай жарналары "Салымдар және пайлар" 503 есебiнiң кредитiнде ақша қаражаттарының есебi, айналымнан тыс активтер, тауар-материалдық қорлар және т.б. тиiстi шоттармен корреспонденциясында есептеледi. 
      26. Тегiн қайтарымсыз алынған қаражаттар "Басқалары" 727 есебiнiң кредитiнде ақша қаражаттарының есебi, айналымнан тыс активтер, тауар-материалдық қорлар және т.б. тиiстi шоттармен корреспонденциясында көрсетiледi. 
      27. Кооперативтің тұрғын үйлердi сатып алуға немесе салуға алған несиелерi, "Несиелер" 60 тараушасының тиiстi шоттарының кредитiнде ақша қаражаттары есебi шоттарымен корреспонденциясында көрсетiледi. 
      28. Сатып алынған үйдiң құны тұрғын үй кооперативінің балансында негiзгi қор құрамында есептеледі. 
      29. Тұрғын үй-құрылыс кооперативiнiң, әкiмшiлiк шығындарын қосқанда, тұрғын үйдi салу шығындары, құрылыс үшiн алынған несиелер бойынша сыйақы (мүдде) сомалары "Аяқталмаған құрылыстар" 126 шотында есептеледi. 
      30. Тұрғын үй құрылыс аяқталған соң оның құны "Аяқталмаған құрылыстар" 126 шотының кредитiнен "Ғимараттар мен құрылыс-жайлары" 122 шотының дебетiне көшiрiледi. 
      31. Егер тұрғын үйдi салуға немесе сатып алуға жеке және заңды тұлғалардан қайырымдылық көмек, мемлекеттiк бюджеттен субсидиялар алынған болса тұрғын үйдiң құны сол қайтарымсыз алынған сомаға кемiтiледi. Тұрғын үй қорының мұндай өзгерiсi бухгалтерлiк есепте "Алдыңғы жылдың бөлiнбеген кiрiсi (жабылмаған шығын)" 562 шоты дебетiнiң корреспонденциясында "Ғимараттар мен құрылыс-жайлары" 122 есебiнiң кредитi бойынша көрсетiледi. 
      32. Кооператив мүшесi пай жарнасының толық сомасын төлеген болса 

 

"Салымдар және пайлар" 503 шотының дебетiнде және "Ғимараттар мен 

құрылыс-жайлары" 122 шотының кредитiне бухгалтерлiк жазба жасалады.

     33. Кооперативтiк тұрғын үйде оның мүшесiнiң меншiгiне жататын бiр 

немесе бiрнеше үй-жай (пәтер) пайда болса, бүкiл үйдiң меншiгi кондоминиум 

белгiсiне ие болады. Тұрғын үйдi басқаруға байланысты операциялар 

бухгалтерлiк есепте ҮМИК есебiмен ұқсас көрсетiледi.

     

     

     Оқығандар:

       Омарбекова А.Т.

       Шарипова М.Е. 

     

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады