Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының меншiктi капиталын есептеу тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту жөнiнде

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы 2000 жылғы 21 сәуірдегі N 150 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 21 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1162. Нұсқаулықтың қолданылуы 2001 жылғы 1 шілдеге дейiнгi мерзiмге тоқтатылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 482 қаулысымен. ~V001397 Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқарамасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 118 қаулысымен. ~V011527

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сақтандыру туралы" U952475_ Заң күшi бар Жарлығының 35-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының меншiктi капиталын есептеу тәртiбi туралы нұсқаулық бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастан күшiне енгiзiлсiн.
      2. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының меншiктi капиталын есептеу тәртiбi туралы нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының меншiктi капиталын есептеу тәртiбi туралы нұсқаулықты барлық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық филиалдары мен мүдделi бөлiмшелерiне жiберсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсiн.

      Ұлттық Банк Төрағасы
                                                 Қазақстан Республикасы 

Ұлттық Банк Басқармасының 2000 жылғы 21 сәуірдегі N 150 қаулысымен Бекітілген


              Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының
               меншiктi капиталын есептеу тәртiбi туралы
                           НҰСҚАУЛЫҚ

      1. Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сақтандыру туралы" U952475_ 1995 жылғы 3 қазандағы Заң күшi бар Жарлығына сәйкес әзiрлендi және сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының меншiктi капиталын есептеу тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының меншiктi капиталы барлық активтердiң құны ретiнде сақтандыру резервтерi мен мiндеттемелерiнiң сомасын (кредиторлық қарызын) есептеп шығару арқылы анықталады.
      3. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының меншiктi капиталын есептеуге қолданылатын активтер көлемi:
      1) ақша:
      кассадағы (Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп жөнiндегi 18.11.1996 жылғы N 6 V960248_ қаулысымен бекiтiлген Субъектiлердiң қаржылық - шаруашылық қызметiнiң бухгалтерлiк есеп-қисап жүргiзу есепшотының бас жоспарының 45-баланстық есепшоты);
      банк есепшоттарында ұлттық валютамен (есепшот 44);
      банк есепшоттарында шет ел валютасымен (есепшот 43);
      банктердегi арнаулы есепшоттарда (есепшот 42);
      жолдағы аударым ақша (есепшот 41);
      2) ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi қаржылық инвестиция (есепшот 40 және 42), оның iшiнде:
      осы Нұсқаулықтың 4-тармағында тiзбесi көрсетiлген, сатып алу құны бойынша ескерiлген халықаралық қаржы ұйымдарының құнды қағаздары;
      ("Stаndаrd&Роог'S" және "Ғitсh IВСА" жiктелуi бойынша) ("Мооdу's" жiктелуi бойынша) "АА"-дан төмен емес немесе "Мооду's" жiктелуi бойынша "Аа"-дан төмен емес кредиттiк-рейтингтiк бағасы бар, сату құны бойынша ескерiлген шет мемлекеттердiң мемлекеттiк құнды қағаздары;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құнды қағаздары (оның ішінде басқа мемлекеттердiң заңына сәйкес шығарылған), Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқару органдары шығарған құнды қағаздардан басқасы - есептескен кезде сатып алу құнының 95 пайызы көлемiнде ескерiледi;
      жергiлiктi атқару органдары шығарып, "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлiк қоғамының сауда жүйелерiне айналымға жiберiлген және оған Қазақстан Республикасының Құнды қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы зейнетақы активтерiн сату арқылы рұқсат берген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құнды қағаздары - сату құнының 90 пайызы көлемiнде есептеу барысында ескерiлген;
      жергiлiктi атқару органдары шығарып, "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлiк қоғамының сауда жүйелерiне айналымға жiберiлген, сату құнының 80 пайызы есептеу кезiнде ескерiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құнды қағаздары;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес халықаралық стандарттарға көшетiн банктердiң бiрiншi тобына жатқызылған Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi мерзiмдi салымдар мен талап етiлетiн салымдар (оның iшiнде шет ел валютасымен) - есептескен кезде салым мөлшерiнiң 90 пайызы көлемiнде ескерiледi;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес халықаралық стандарттарға көшетiн банктердiң екiншi тобына жатқызылған Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi мерзiмдi салымдар мен талап етiлетiн салымдар (оның iшiнде шет ел валютасымен) - есептескен кезде салым мөлшерiнiң 80 пайызы көлемiнде ескерiледi;
      Резидент емес бас банктерi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi тiзбесiн бекiтетiн кез-келген рейтингтiк агенттiктердiң iшiнен "А"-дан төмен емес ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi және жеке рейтингтiк бағасы бар еншiлес банктердегi мерзiмдi салымдар мен талап етiлетiн салымдар (оның iшiнде шет ел валютасымен) - есептескен кезде салым мөлшерiнiң 90 пайызы көлемiнде ескерiледi;
      "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлiк қоғамының ресми тiзiмiне "А" категориясы бойынша енгiзiлген, (оның iшiнде өзге мемлекеттердiң заңдарына сәйкес осындай құнды қағаздарға шығарылған) депозитарлық қолхаттар (АDR GDR), - сатып алу немесе ағымдағы құнының қайсысының аз болуына байланысты есептескен кезде 85 пайызы көлемiнде ескерiлетiн мемлекеттiк емес құнды қағаздар;
      "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлiк қоғамының ресми тiзiмiне "В" категориясы бойынша енгiзiлген, сату немесе ағымдағы құнының қайсысының аз болуына байланысты есептескен кезде 75 пайызы көлемiнде ескерiлген мемлекеттiк емес құнды қағаздар;
      ипотекалық құнды қағаздар - егер ондай қағаздар "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлiк қоғамының сауда жүйелерiне айналымға жiберiлсе және оған Қазақстан Республикасының Құнды қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы сатып алу немесе ағымдағы құнының қайсысының аз болуына байланысты есептескен кезде 85 пайызы көлемiнде ескерiлетiн зейнетақы активтерiн сатып алуға рұқсат берсе;
      ипотекалық құнды қағаздар - егер ондай қағаздарды сату-алу немесе ағымдағы құнының қайсысының аз болуына байланысты есептескен кезде 75 пайыз көлемiнде ескерiлiп, "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлiк қоғамының сауда жүйелерiне айналымға жiберiлсе;
      халықаралық ұйымдастырылған рыноктарда саудаланатын, ("Stаndаrd&Роог'S" және "Ғitсh IВСА" жiктелуiнде) "АА"-дан төмен емес немесе ("Мооdу's" жiктелуi бойынша) "Аа"-дан төмен емес рейтинг бағалары бар, сатып алу немесе ағымдағы құнының қайсысының аз болуына байланысты есептескен кезде 90 пайызы көлемiнде ескерiлетiн мемлекеттiк емес құнды қағаздар;
      сатып алу құнының 40 пайызы көлемiнде ескерiлетiн басқа қаржылық инвестиция.
      3) баланстық құнының 30 пайызы көлемiнде - жер, үйлер мен ғимарат, машина және жабдық, көлiк құралдары, сондай-ақ негiзгi құрал-жабдықтардың басқа түрлерi мен аяқталмаған күрделi құрылыстары бар негiзгi құрал-жабдықтар (12-13 есепшоттар);
      4) мерзiмi бiр жылдан аспаған қысқа мерзiмдi дебиторлық қарыз (30-33 есепшоттар) - қарыз сомасының 40 пайызы көлемiнде;
      5) мерзiмi үш жылдан аспаған ұзақ мерзiмдi дебиторлық қарыз (30-33

есепшоттар) - қарыз сомасының 10 пайызы көлемiнде;
     6) басқа активтер (10, 11, 14, 20, 21, 22, 31, 32, 34, 35 
есепшоттар), сондай-ақ мерзiмi үш жылдан асқан дебиторлық қарыз меншiктi 
капиталдың есебiне қабылданбайды. 
     4. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының меншiктi капиталының 
мөлшерiн есептеген кезде ескерiлетiн халықаралық қаржы ұйымдарының 
тiзбесiне, құнды қағаздарға осы Нұсқаулықтың 3-тармағына сәйкес мыналар 
кiредi: 
     1) Халықаралық қайта құру және даму банкi;
     2) Еуропалық қайта құру және даму банкi; 
     3) Америкааралық даму банкi; 
     4) Халықаралық есеп айырысу банкi;
     5) Азия даму банкi; 
     6) Африка даму банкi;
     7) Ислам даму банкi;
     8) Халықаралық қаржы корпорациясы. 


      5. "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлiк қоғамының сауда алаңдарында саудаланған құнды қағаздардың ағымдағы құны соңғы мәмiленiң немесе есеп берiлген күнгi сұранымның соңғы бағасының нәтижесi бойынша белгiленедi.
      6. Басқа мемлекеттердiң сауда алаңдарында саудаланған құнды қағаздардың ағымдағы құнының соңғы мәмiленiң немесе есеп берiлген күнгi сұранымның соңғы бағасының ең аз бағасы бойынша белгiленедi.
      7. Шет ел валютасымен белгiленген актив құны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң есеп берiлген күнгi бағамымен бағаланады.
      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының барлық активтерiнiң құны осы Нұсқаулықтың 3-тарауында көрсетiлген көлемде бағаланады. Осылайша анықталған активтердiң құны кейiннен осы Нұсқаулықтың 2-тармағына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншiктi капиталының мөлшерiн есептеу үшiн қолданылады.
      9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншiктi капиталының мөлшерi жөнiнде оның есебi бойынша қажеттi ақпаратты көрсете отырып, сақтандыруды қадағалаудың уәкiлеттi мемлекеттiк органына ай сайын есеп беру нысанына сәйкес (осы Нұсқаулыққа қосымша) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақтандыруды қадағалаудың уәкiлеттi мемлекеттiк органы белгiлеген өзге де тұрақты берiлiп тұратын есеппен бiрге ұсынылады.

      Төраға
                                             Қазақстан Республикасының

Ұлттық банкі басқармасының 2000 жылғы 21 сәуірдегі N 150 қаулысымен бекітілген "Жеке капиталды есепке алу тәртібі туралы" нұсқаулыққа қосымша


                    Меншікті капиталды есептеу жөніндегі есеп

             _______ жылғы "___ "______________ жағдай бойынша

             ___________________________________________________
             (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы
                                                                           
                                                          (мың теңге)      
   _____________________________________________________________________
    N  Активтердің атауы         Есепшот  Баланс Ескерілетін Меншікті
   р/с                           нөмірі   сомасы көлемі      капитал
                                                             есебінің
                                                             сомасы
   _____________________________________________________________________
   1 Ақша: 
     - кассада                      45              100%
     - банк есепшоттарындағы
     ұлттық валютамен               44              100% 
     - банк есепшоттарындағы
     шетелдік валютамен             43              100% 
     - банктердегі арнаулы
     есепшоттарда                   42              100% 
     - жолдағы ақша аударымы        41              100% 
   _____________________________________________________________________
   2 Ұзақ мерзімді және қысқа
     мерзімді қаржы инвестициялары: 40,42
     - халықаралық қаржы 
     ұйымдарының құнды қағаздары                     100%
     - ("Stаndаrd&Роог'S" және 
     "Ғitсh IВСА" жiктелуi бойынша)
     ("Мооdу's" жiктелуi бойынша) 
     "АА"-дан төмен емес немесе 
     "Мооду's" жiктелуi бойынша 
     "Аа"-дан төмен емес кредиттiк-
     рейтингтiк бағасы бар, сату 
     құны бойынша ескерiлген шет
     мемлекеттердiң мемлекеттiк 
     құнды қағаздары                                  100%
     - Қазақстан Республикасының 
     мемлекеттiк құнды қағаздары
    (оның ішінде басқа мемлекеттердiң 
     заңына сәйкес шығарылған),
     Қазақстан Республикасының
     жергiлiктi атқару органдары 
     шығарған құнды қағаздардан
     басқасы                                           95%   
     - жергiлiктi атқару органдары
     шығарып, "Қазақстан қор биржасы"
     жабық акционерлiк қоғамының 
     сауда жүйелерiне айналымға 
     жiберiлген және оған Қазақстан
     Республикасының Құнды қағаздар
     жөнiндегi ұлттық комиссиясы
     зейнетақы активтерiн сату 
     арқылы рұқсат берген Қазақстан
     Республикасының мемлекеттiк
     құнды қағаздары                                   90% 
     - жергiлiктi атқару органдары
     шығарып, "Қазақстан қор биржасы"
     жабық акционерлiк қоғамының 
     сауда жүйелерiне айналымға
     жiберiлген Қазақстан
     Республикасының мемлекеттік
     құнды қағаздары                                   80% 
     - Қазақстан Республикасы Ұлттық
     Банкiнiң екiншi деңгейдегi 
     банктердiң халықаралық 
     стандарттарға көшу тәртiбi
     туралы нормативтiк құқықтық 
     актiлерiнiң талаптарына сәйкес
     халықаралық стандарттарға көшетiн 
     банктердiң бірінші тобына 
     жатқызылған Қазақстан 
     Республикасының екiншi деңгейдегi
     банктерiндегi мерзiмдi салымдар
     мен талап етiлетiн салымдар
     (оның iшiнде шет ел валютасымен)                   90%
     - Қазақстан Республикасы Ұлттық
     Банкiнiң екiншi деңгейдегi 
     банктердiң халықаралық 
     стандарттарға көшу тәртiбi туралы
     нормативтiк құқықтық актiлерiнiң 
     талаптарына сәйкес халықаралық
     стандарттарға көшетiн банктердiң 
     екiншi тобына жатқызылған
     Қазақстан Республикасының екiншi
     деңгейдегi банктерiндегi мерзiмдi
     салымдар мен талап етiлетiн
     салымдар (оның iшiнде шет ел
     валютасымен)                                      80%  
     - Резидент емес бас банктерi 
     Қазақстан Республикасының Ұлттық
     Банкi тiзбесiн бекiтетiн кез-келген
     рейтингтiк агенттiктердiң iшiнен 
     "А"-дан төмен емес ұзақ мерзiмдi,
     қысқа мерзiмдi және жеке 
     рейтингтiк бағасы бар еншiлес 
     банктердегi мерзiмдi салымдар
     мен талап етiлетiн салымдар 
     (оның iшiнде шет ел валютасымен)                  90% 
     - "Қазақстан қор биржасы" жабық
     акционерлiк қоғамының ресми 
     тiзiмiне "А" категориясы бойынша
     енгiзiлген, (оның iшiнде өзге
     мемлекеттердiң заңдарына сәйкес 
     осындай құнды қағаздарға
     шығарылған) депозитарлық қолхаттар
     (АDR GDR), - мемлекеттiк емес
     құнды қағаздар                                    85%  
     - "Қазақстан қор биржасы" жабық
     акционерлiк қоғамының ресми 
     тiзiмiне "В" категориясы бойынша
     енгiзiлген, мемлекеттiк емес
     құнды қағаздар                                    75%
     - ипотекалық құнды қағаздар -
     егер мұндай құнды қағаздар
     "Қазақстан қор биржасы" жабық 
     акционерлiк қоғамының сауда 
     жүйелерiне айналымға жiберiлсе
     және оған Қазақстан Республика.
     сының Құнды қағаздар жөнiндегi
     ұлттық комиссиясы сатып алуға
     рұқсат берсе                                       85%
     - ипотекалық құнды қағаздар -
     егер мұндай құнды қағаздар  
     "Қазақстан қор биржасы" жабық
     акционерлiк қоғамының сауда 
     жүйелерiне айналымға жiберiлсе                     75%
     - халықаралық ұйымдастырылған
     рыноктарда саудаланатын, 
     ("Stаndаrd&Роог'S" және "Ғitсh 
     IВСА" жiктелуiнде) "АА"-дан 
     төмен емес немесе ("Мооdу's" 
     жiктелуi бойынша) "Аа" - дан 
     төмен емес рейтинг бағалары бар
     құнды қағаздар                                      90%
     - басқа қаржы инвестициялары                        40% 
   _____________________________________________________________________
   3 Жер, үйлер мен ғимарат,машина
     және жабдық,көлік құралдары,
     сондай-ақ негізгі құрал-
     жабдықтардың басқа түрлері
     мен аяқталмаған күрделі 
     құрылыс                          12-13                30%
   _____________________________________________________________________
   4 Мерзімі бір жылдан аспайтын
     қысқа мерзімді дебиторлық қарыз 30,33                40%
   _____________________________________________________________________
   5 Мерзімі үш жылдан аспайтын
     қысқа мерзімді дебиторлық қарыз 30,33                10%
   _____________________________________________________________________
   6 Басқа активтер:            
     - материалдық емес активтер     10-11                0%
     - еншілес,тәуелді және бірге 
     бақылауда болатын заңды тұлға.
     ларға салынған инвестициялар    14                   0%
     - тауарлы-материалды қорлар     20,21
                                     және 22              0%
     - күмәнді қарыз бойынша резерв  31                   0%
     - еншілес,тәуелді және бірге
     бақылауда болатын заңды тұлғалар.
     дың қысқа және ұзақ мерзімді
     дебиторлық қарызы                32                  0%
     - үш жылдан асқан ұзақ мерзімді
     дебиторлық қарыз                 30,33               0%
     - алдағы уақыттың шығындары      34                  0%
     - берілген аванс                 35                  0%
   7 Активтер жиыны:                  Х                   Х 
   _____________________________________________________________________
   _____________________________________________________________________
   
   _____________________________________________________________________
                                                            (мың теңге) 
   _____________________________________________________________________
    N  Сақтандыру резервтері мен             Есепшот           Баланс 
   р/с міндеттемелері                        нөмірі            сомасы 
   _____________________________________________________________________
      Сақтандыру резервтері:
      - сақтандырудың міндетті түрлері    
      бойынша
      - сақтандырудың ерікті түрлері бойынша
      - өмірді сақтандыру бойынша
   _____________________________________________________________________
   8  Сақтандыру резервінің жиыны               Х  
   _____________________________________________________________________
      Міндеттемелері
     - алынған кредиттер                        60
     - алдағы уақыттың кірісі                   61
     - дивидент бойынша есеп айырысу            62
     - бюджетпен есеп айырысу                   63
     - еншілес,тәуелді және бірге бақылауда
     болатын заңды тұлғалардың кредитор.
     лық қарыздары                              64
     - бюджеттен тыс төлемдер бойынша есеп
     айырысу                                    65
     - алынған аванс                            66
     - жеткізушілермен және мердігерлермен
     есеп айырысу                               67
     - басқа кредиторлық қарыздар ақша есептеу  68
   _____________________________________________________________________
   9  Міндеттемелер жиыны                       Х  
   _____________________________________________________________________
   10  Сақтандыру резервтері мен міндеттемелері
   жиыны                                        Х  
   _____________________________________________________________________
     
   
                                                            (мың теңге)    
   _____________________________________________________________________
    N  Сақтандыру (қайта сақтандыру)ұйымдарының меншікті      Сомасы       
   р/с капиталының есебі
   _____________________________________________________________________
   11  Осы нұсқаулықтың 3-тармағының талаптарын ескере
       отырып есептелген актив құны (Осы кестенің 7-қатары)            
   _____________________________________________________________________
   12  Сақтандыру резерві (Осы кестенің 8-қатары)            
   _____________________________________________________________________
   13  Міндеттемелері (Осы кестенің 9-қатары)            
   _____________________________________________________________________
   14  Меншікті капитал (11-қатар алу және
       12 және 13 қатарлар)            
   _____________________________________________________________________
   
   
   Басшы

   Бас бухгалтер 


   Оқығандар:
              Омарбекова А.Т.
              Балабекова Г.Г.
        
     
     
     
     
     
     
     
   
    


        
  
  
     




     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады