Әуе кемелерін пайдалану үшін қажет жанар-жағар материалдарын кедендік ресімдеу ережелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Кіріс министрлігі Кеден комитетінің төрағасының 2000 жылғы 22 мамырдағы N 157 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 21 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1163. Күші жойылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 28 қыркүйектегі N 401 бұйрығымен.

       --------------Бұйрықтан үзінді----------

      "Заңға тәуелдi актiлердi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө өкiмiн орындау үшiн, кеден ісі саласындағы нормативтiк құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес келтiру мақсатында бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының және Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының қосымшаға сәйкес кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын...

      Төраға

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының және Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының күшi жойылды деп танылған бұйрықтарының тiзбесi

       9. "Әуе кемелерiн пайдалану үшiн қажеттi жанар-жағар материалдарды кедендiк ресiмдеу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының 2000 жылғы 22 мамырдағы N 157 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2000 жылғы 21 шiлдеде N 1163 болып тiркелген)...

_________________________________

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы"  Z952368_  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
      1. Қоса берiлген әуе кемелерін пайдалану үшiн қажет жанар-жағар материалдарын кедендік ресімдеу ережелерi бекiтiлсiн. 
      2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (Мұхамедиева Ғ.А.) осы бұйрықтың мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсін. 
      3. Орталық энергетикалық кеден (Нұрабаев Б.Қ.) осы бұйрықтың іске асырылуын қамтамасыз етсiн. 
      4 Баспасөз қызмет (Исахан Г.Т.) осы бұйрықтың жариялануын қамтамасыз етсiн. 
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 
      6. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнiнен басты күшiне енедi. 

 
      Төраға 

                                              Қазақстан Республикасының
                                              Мемлекеттік кіріс министрлігі
                                              Кеден комитетінің
                                              2000 жылғы 22 мамырдағы
                                             N 157 бұйрығымен бекітілді

                    Әуе кемелерiн пайдалану үшін қажет жанар-жағар 
                      материалдарын кедендiк ресiмдеу туралы 
                                    ЕРЕЖЕ 

 
      "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықаралық ұшуларды жүзеге асыратын әуе кемелерiн пайдаланудың қалыпты жағдайларын қамтамасыз ету үшiн мыналар белгiленсiн. 
      1. Әуе кемелерiн пайдалану үшiн қажет, осыған арналған сыйымдылықтарға Қазақстан Республикасының аумағында тиелетiн авиациялық жанар-жағар материалдарды (бұдан әрi - тауарлар) кедендiк ресiмдеу экспорттың кеден режимiне орай, осы Ережелерде белгiленген мерзiмдерде кеден органына табыс етiлетiн кеден жүк мағлұмдамасын (бұдан әрi - КЖМ) және келiсiм-шартты (шартты), сапа сертификаттарын, тауарлардың саны, атауы және құны туралы мәлiметтердi растайтын өзге құжаттарды беру жолымен жүргiзiледi. 
      2. Әуе кемелерi құрастырылғанда осыған арналған сыйымдылықтардағы және Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiленген нормалар шектерiнде Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу осындай тауарлар Қазақстан Республикасының кеден аумағына, олар әкелiнген әуе кемесiнiң бортынан түсiрмейтiн шартпен еркiн шығаруға арналған шығару кеден режимiне орай КЖМ-сысын табыс етпей, кеден төлемдерi алынбай және бейтарифтiк реттеу шаралары қолданылмай кеме құжаттары пайдаланыла отырып жүргiзiледi. 
      3. Кедендiк бақылауды iске асыру үшiн әуе кемелерiне отын мен басқа да авиациялық жанар-жағар материалдарын құюды отандық тұлға немесе кедендiк делдал (бұдан - әрi мағлұмдамашы) жоспарланған күнтiзбелiк айдың 1-күнiнен кешiктiрмей кеден органына халықаралық ұшуларды жүзеге асырушы әуе кемелерiне тауарларды тиеуге арналған өтiнiштiң екi данасын табыс етуге мiндеттi, онда мынадай мәлiметтер көрсетiледi: 
      - өтiнiш қолданатын мерзiм; 
      - жанар-жағар материалдарын құюшы ұйымның атауы; 
      - әрбiр авиакомпания бойынша ай iшiнде әуе кемелерiнiң борттарына тиеу жоспарланған тауарлардың атауы, саны (жоспардан тыс ықтимал тиеу ескерiлiп көрсетiледi). 
      Өтiнiшке мағлұмдамашының басшысы мен бас бухгалтерi қол қояды және мөрiмен расталады. 
      Әуе кемесiнiң бортына тауарларды тиеу кеден органының "Тиеуге рұқсат" деген мөртаңба бар өтiнiштiң негiзiнде жүргiзiледi. 
      Кеден органдарының лауазымды тұлғалары әуе кемелерiнiң борттарына тауарлардың нақты тиелуiне кеден бақылауын жүзеге асыруға құқылы. Мағлұмдамашы кеден органдарының лауазымды тұлғаларына кеден бақылауын жүзеге асыруды жәрдемдесуге және оны өткiзу үшiн қажеттi құжаттарды табыс етуге мiндеттi. 
      Өтiнiштiң бiрiншi данасы кеден органдарында қалады және уақытша кеден мағлұмдамасы ретiнде пайдаланады, екiншi данасы құюшы ұйымға қайтарылады және тауарларды әуе кемесiнiң бортына тиеу үшiн кеден органының рұқсаты болып табылады. 
      Өтiнiштi жоспарланған айда, нақтылы тиеу әуе кемесiнiң бортына жүзеге асырылғанға дейiн, қабылдануға жол берiледi. 
      4. Декларант тауарларды тиеу жүргiзiлген есептiден кейiнгi айдың 10-ынан кешiктiрмей кеден органына кеден жүк мағлұмдамасын, оның электрондық нұсқасын және қажет құжаттар мен мәлiметтердi табыс етуге мiндеттi. 
      КЖМ қазақстандық (қазақстандық тұлғалармен жалға алынған) және шетелдiк (шетелдiк тұлғалармен жалға алынған) әуе борттарына құйылатын тауарларға жеке толтырылады. КЖМ, төленетiн қазақстандық және шетелдiк валютаға байланысты шетелдiк (шетелдiк тұлғалармен жалға алынған) әуе борттарына құйылатын тауарларға жеке толтырылады. 
      Сондай-ақ сатып алушының қолы бар әуе кемелерiне жанар-жағар материалдарын құюға арналған шығыс ордерлерi (талап, өтiнiштерi мен басқа да құжаттар) (бұдан әрi - шығыс ордерлерi) тауарлардың саны, атауы мен құны жөнiндегi деректердi дәлелдейтiн құжаттар болып табылады.
      Әуе кемелерiне тиелген тауарлардың нақты саны берiлуi осы Ережелердiң 3-бабында көзделген өтiнiште көрсетiлген жалпы мөлшерден аспауы тиiс.
      Шығыс ордерi мына мәлiметтердi растауға тиiс:
      шығыс ордерiнiң нөмiрiн, құю күнiн;
      ұшақтың түрiн, рейстiң нөмiрi мен әуе кемелерiнiң борттық нөмiрiн, авиакомпаниясының атауын; 
      тауарлардың атауын, мөлшерi мен құнын.
      5. Қазақстан Республикасының кеден органдары кеден және валюталық бақылауды "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Заңына, Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырады. Тауарлар КЖМ беру жолымен мәлiмделген кезде аталған өтiнiш қабылдаған 
күнге қолданылатын тиiстi нормалар қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады