1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ "2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына:
бюджет кірістерінің сыныптамасы:
"107102 Жергілікті бюджетке берешектердің түсімі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"107103 Жергілікті бюджетке әлеуметтік салық бойынша берешектердің түсімі";
"201208 Жер учаскелерін жалға беруден түсімдер" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"201209 Қарыз алу лимитінің шегінде аймақтық инвестициялық
бағдарламаларды жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың осы мақсаттарға қарызға алынған қаражаттың есебінен жергілікті бюджеттен бөлінетін несиелер бойынша сыйақылар"; бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы: "3.4 Заңды және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қызметі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "3.4.101 Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі 3.4.101.33 Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі шаралар"; "12.5.273.30.30 Теміржол көлігіне арналған көпірлер" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "12.5.273.30.31 Теміржолдардың құрылысы және оларды қайта құру"; бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы: "1.1.150.152 Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды ұстау және ағымдағы жөндеу" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "1.1.153.153 Жалпыға бірдей міндетті орта білім қорының шығыстары". 2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Министр Оқығандар: Бағарова Ж.А. Икебаева А.Ж.