2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға N 13 толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2000 жылғы 1 маусымдағы N 264 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 21 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1164

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 20 сәуірдегі N 377 U000377_ "Қылмыскерлікпен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жүйесін жетілдіру шаралары туралы" жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамыздағы N 812 P980812_ "Қазақстан Республикасындағы орта білім жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы", 2000 жылғы 10 мамырдағы N 694 P000694_ "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 4 мамырдағы N 528 P990528_ қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" қаулысына сәйкес Бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ "2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына:
      бюджет кірістерінің сыныптамасы:
      "107102 Жергілікті бюджетке берешектердің түсімі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "107103 Жергілікті бюджетке әлеуметтік салық бойынша берешектердің түсімі";
      "201208 Жер учаскелерін жалға беруден түсімдер" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "201209 Қарыз алу лимитінің шегінде аймақтық инвестициялық

бағдарламаларды жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың осы  
мақсаттарға қарызға алынған қаражаттың есебінен жергілікті бюджеттен 
бөлінетін несиелер бойынша сыйақылар";
     бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы:
     "3.4 Заңды және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қызметі" деген 
жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
     "3.4.101 Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
     3.4.101.33 Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі шаралар";
     "12.5.273.30.30 Теміржол көлігіне арналған көпірлер" деген жолдан 
кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
     "12.5.273.30.31 Теміржолдардың құрылысы және оларды қайта құру";
     бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы:
     "1.1.150.152 Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды ұстау және 
ағымдағы жөндеу" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен 
толықтырылсын:
     "1.1.153.153 Жалпыға бірдей міндетті орта білім қорының шығыстары".
     2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Министр
     
     
Оқығандар:
     
     Бағарова Ж.А.
     Икебаева А.Ж.

     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады