2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға N 10 толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2000 жылғы 16 мамырдағы N 232 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 12 шілде N 1185 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 17 ақпандағы N 345 U000345_ "Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі агенттігін құру туралы" жарлығына сәйкес Бұйырамын:
      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ "2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына:
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы:
      "3.5.611.75 Ұйымдардың республикалық бюджеттен орындалатын

міндеттемелері бойынша кредиторлық берешектерін өтеу" деген жолдан кейін 
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
     "3.5.616 Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есірткі 
бизнесіне қарсы күрес жөніндегі агенттігі
     3.5.616.1 Әкімшілік шығыстар
     3.5.616.1.1 Орталық органның аппараты
     3.5.616.16 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Резерві есебінен 
жүргізілетін шараларды өткізу
     3.5.616.23 Өкілеттік шығыстар есебінен жүргізілетін шараларды өткізу 
     3.5.616.27 Жалақы мен әлеуметтік төлемдер бойынша кредиторлық 
берешекті өтеу
     3.5.616.29 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Резервінен Үкіметтің 
және орталық атқарушы органдардың сот шешімдері бойынша міндеттемелерін 
орындау
     3.5.616.30 Нашақорлықпен және есірткі бизнесіне қарсы күресудің 
мемлекеттік бағдарламасы
     3.5.616.75 Ұйымдардың республикалық бюджеттен орындалатын 
міндеттемелері бойынша кредиторлық берешектерді өтеу".
     2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Министр
     
     
     
Оқығандар:
     
     Багарова Ж.А
     Икебаева А.Ж.
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады