2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға N 15 өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2000 жылғы 15 маусымдағы N 284 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 12 шілде N 1186 тіркелді

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ "2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы" бұйрығына мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасына:
      1) бюджет кiрiстерiнiң сыныптамасы:
      "201219 Басқа да түсiмдер" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "201220 Республикалық бюджеттен төменгi деңгейдегi бюджеттерге несиелер берiлгенi үшiн алынатын сыйақылар (мүдделер)
      201221 Республикалық бюджеттен заңды және жеке тұлғаларға несиелер берілгенi үшiн алынатын сыйақылар (мүдделер)
      201222 Жергіліктi бюджеттен заңды және жеке тұлғаларға несиелер берiлгенi үшiн алынатын сыйақылар (мүдделер)";
      2) бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы:
      "4.9.263.40.30 Әдiстемелiк кабинеттер" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "4.9.263.53 Жергiлiктi деңгейде бiлім беру нысандарын салу және күрделi жөндеу";
      "5.9.254.44 Дәрi-дәрмектердi және дәрiгерлiк жабдықтарды орталықтандырылған сатып алу" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "5.9.254.51 Медициналық статистикалық ақпараттарды жинау мен талдауды ұйымдастыру
      5.9.254.52 Жергiлiктi деңгейде денсаулық сақтау нысандарын салу және күрделi жөндеу";
      "6.9.258.33.30 Облыстық, қалалық және аудандық медициналық-әлеуметтiк сараптама" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "6.9.258.52 Жергiлiктi деңгейде әлеуметтiк қамтамасыз ету нысандарын салу және күрделi жөндеу";
      "8.9.230.75 Ұйымдардың республикалық бюджеттен орындалатын мiндеттемелерi бойынша кредиторлық берешектердi өтеу" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "8.9.263 Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын бiлiм, мәдениет, спорт және туризм атқару органы
      8.9.263.54 Жергiліктi деңгейде мәдениет пен спорт нысандарын салу және күрделi жөндеу";
      "15.1.105.67 Аудандық (қалалық) бюджеттен бюджеттiк алулар" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "15.1.105.70 Жергiлiктi атқарушы органдардың резервi есебiнен төменгi деңгейдегi бюджеттерге берілетiн трансферттер
      15.1.105.72 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервi есебiнен төменгi деңгейдегi бюджеттерге берiлетiн трансферттер";
      3) бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы:
      "1.1.150.155 Сот шешiмдерiнiң орындалуы" деген жол мынадай мазмұнда жазылсын:
      "1.1.150.155 Орындау құжаттарының атқарылуы".
      "1.2.210.211 Iшкi заемдар бойынша сыйақылар (мүдделер) төлеу" деген

жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
     "1.2.210.212 Республикалық бюджеттен алынған заемдар бойынша
сыйақылар (мүдделер) төлеу".
     2. 2000 жылға арналған Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманың кiрiстер
сыныптамасындағы 201206 "Республика iшiнде берiлген несиелер үшiн
алынатын сыйақылар (мүдделер)" кодына түсiмдер 2000 жылғы 1 шiлдеге дейiн
есепке алынады деп белгiленсiн.
     3. Осы бұйрық, 2000 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне енетiн 1 тармақтың 
1) тармақшасынан басқасы, қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     
     Министр
     
     
     
Оқығандар:
     
     Бағарова Ж.А.
     Икеабаева А.Ж.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады