Қазақстан Республикасының білім ұйымдарының педагог және басқа қызметкерлерін аттестациялау тәртібі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2000 жылғы 28 сәуір N 422 бұйрық. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 13 шілде N 1193 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 18 қазандағы N 688 бұйрығымен (V032538).

      Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңын  орындау мақсатында бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасының білім ұйымдарының педагог және басқа қызметкерлерін аттестациялау тәртібі туралы Ереже бекітілсін.
      2. Жалпы орта білім департаменті (Р.М. Жұмабекова) заңда белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші вице-Министр Е. Арынға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді.    

      Министрдің міндетін
         атқарушы

Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң
2000 жылғы 28 сәуiрiндегi
N 422 бұйрығымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы бiлiм ұйымдарының педагог
және басқа қызметкерлерiн аттестациялау тәртiбi туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Бiлiм ұйымдарының педагог және басқа қызметкерлерiн аттестациялау олардың меншiк түрi мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан кәсiби iскерлiкке ынталандыру, шығармашылық белсендiлiктi дамыту тәрбиеленушiлер мен оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жауаптылығын көтеру және нарықтық қатынастар жағдайында педагогтардың еңбекақыларын жүйелеу жолымен әлеуметтiк жағынан қорғау мақсатында өткiзiледi.
      Аттестация мемлекеттiк және мемлекеттiк емес оқу орындарының барлық жұмыс деңгейiн көтеруге педагог және басқа қызметкерлерiнiң қоғамдағы мәртебесi мен беделiн көтеруге, олардың жемiстi еңбектерiн моральдық және материалдық ынталандыру мүмкiндiгiн кеңейтуге ықпал жасайды.
      2. Аттестациялаудың мiндетi - педагог және басқа қызметкерлерге олардың iскерлiк деңгейiне қарай бiлiктiлiк санаттары мен разрядтарын беру болып табылады.
      Нормативтiк белгiлер мен кәсiби-педагогтiк мiндеттердiң күрделiлiк дәрежесi, орталық атқарушы органдармен бекiтiлген, еңбек саласындағы басшылармен жүзеге асырылған, тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамалар негiзiнде анықталады.
      3. Осы Ережеде төмендегi терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) апелляция-жоғарғы органдардың қандай да бiр шешiмiне келiспей қайта қарау, қоғамдық көзқарастарға;
      2) аттестация-жалпы мiндеттi мемлекеттiк стандарт талаптарына бiлiмдiк қызметтiң, бiлiм деңгейiнiң сәйкес болуын бақылау мақсатында өткiзiлетiн шара;
      3) бiлiктiлiк санат-қызметкерге кәсiптiк мiндеттердiң белгiлi бiр дәрежедегi күрделiлiгiн шешу мүмкiндiгiн қамтамасыз ету, бiлiктiлiк деңгейiнiң нормативтiк белгiлерге сай болуы;
      4) колледж-орта кәсiптiк бiлімi бар мамандар даярлаудың, бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын оқу орны;
      5) лицей-негiзгi және қосымша жалпы бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын, жоғары сатыдағы оқушыларды кәсiби бағдарлап оқытуды жүзеге асыратын жалпы орта бiлiм беретiн оқу орны;
      6) жалпы бiлiм беретiн мектеп негiзгi және қосымша жалпы бiлім беру бағдарламаларын iске асыратын, әрқайсысы дербес жұмыс iстей алатын үш сатыдан: бастауыш, негiзгi және жоғары сатылардан тұратын жалпы орта бiлiм беретiн оқу орны.
      4. Аттестациялауға қызметкерлердiң төмендегiдей топтары жатады:
      бiрiншi топ - барлық мамандықтың мұғалiмдерi (оның iшiнде дефектолог- мұғалiмдер және логопедтер, алғашқы әскери даярлықтың жетекшiлерi) жалпы бiлiм беретiн барлық оқу орындарының, (мектептер, гимназиялар, лицейлер, мектеп-интернаттар, кешкi кезектi мектептер, бiлiм орталықтары және басқалары), бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм оқу орындарының барлық типтерi мен түрлерi, өнер және мәдениет мектептерiнiң оқытушылары, нашар еститiн балаларға арналған оқу орындарының дыбыс кабинеттерiнiң нұсқаушылары, жаттықтырушы-оқытушылары. Аталған топтың еңбекақыларын жүйелеу үшiн төрт бiлiктiлiк санаттары енгiзiледi:
      жоғары санатты мұғалiм (оқытушы, жаттықтырушы-оқытушы, логопед-мұғалiм, дефектолог-мұғалiм);
      бiрiншi санатты мұғалiм (оқытушы, жаттықтырушы-оқытушы, логопед-мұғалiм, дефектолог-мұғалiм);
      екiншi санатты мұғалiм (оқытушы, жаттықтырушы-оқытушы, логопед-мұғалiм, дефектолог-мұғалiм);
      мұғалiм (оқытушы, жаттықтырушы-оқытушы, логопед-мұғалiм, дефектолог-мұғалiм).
      Екiншi топ - жалпы бiлiм беретiн оқу орындарының, бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм оқу орындарының өндiрiстiк оқу шеберлерi. Өндiрiстiк оқу шеберлерiнiң еңбекақыларын жүйелеу үшiн төрт бiлiктiлiк санаттары енгiзiледi:
      жоғары санатты өндiрiстiк оқу шеберi;
      бiрiншi санатты өндiрiстiк оқу шеберi;
      екiншi санатты өндiрiстiк оқу шеберi;
      өндiрiстiк оқу шеберi.
      Үшiншi топ - балалардың мектепке дейiнгi ұйымдарының барлық типтерi мен түрлерi, мектеп алдындағы сыныптардың тәрбиешiлерi, аға тәрбиешiлерi.
      Аталған топтың еңбекақыларын жүйелеу үшiн төрт бiлiктiлiк санаттар енгiзiледi:
      балалардың мектепке дейiнгi ұйымдарының жоғары санатты тәрбиешiсi (аға тәрбиешiсi);
      балалардың мектепке дейiнгi ұйымдарының бiрiншi санатты тәрбиешiсi (аға тәрбиешiсi);
      балалардың мектепке дейiнгi ұйымдарының екiншi санатты тәрбиешiсi (аға тәрбиешiсi);
      балалардың мектепке дейiнгi ұйымдарының тәрбиешiсi (аға тәрбиешiсi).
      Төртiншi топ - балалар үйлерiнiң тәрбиешiлерi (аға тәрбиешiлер), мектеп жанындағы интернаттардың, мектеп-интернаттардың тәрбиешiлерi.
      Айрықша оқу мен тәрбиенi қажет ететiн балалар мен жасөспiрiмдерге арналған оқу орындарының тәрбиешiлерi (аға тәрбиешiлер). Аталған топтың еңбекақыларын жүйелеу үшiн төрт бiлiктiлiк санаттары енгiзiледi:
      жоғары санатты тәрбиешi;
      бiрiншi санатты тәрбиешi;
      екiншi санатты тәрбиешi;
      тәрбиешi.
      Бесiншi топ - оқу орындарының барлық типтерi мен түрлерiнiң қосымша бiлiм педагогтары. Аталған топтың еңбекақыларын жүйелеу үшiн төрт бiлiктiлiк санаттары енгiзiледi:
      жоғары санатты қосымша бiлiм педагогы;
      бiрiншi санатты қосымша бiлiм педагогы;
      екiншi санатты қосымша бiлiм педагогы;
      қосымша бiлiм педагогы.
      Алтыншы топ - жалпы бiлiм беретiн оқу орындарының барлық
типтерi мен түрлерiнiң ұзартылған күн топтарының тәрбиешiлерi (аға тәрбиешiлерi) бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм оқу орындарының тәрбиешiлерi. Аталған топтың еңбекақыларын жүйелеу үшiн төрт бiлiктiлiк санаттары енгiзiледi:
      жоғары санатты ұзартылған күн топ тәрбиешiсi;
      бiрiншi санатты ұзартылған күн топ тәрбиешiсi;
      екiншi санатты ұзартылған күн топ тәрбиешiсi;
      ұзартылған күн топ тәрбиешiсi.
      Жетiншi топ - педагог-психологтар, әлеуметтiк педагогтар. Бұл топтың еңбекақыларын жүйелеу үшiн төрт бiлiктiлiк санаттары енгiзiледi:
      жоғары санатты педагог-психолог (әлеуметтiк педагог);
      бiрiншi санатты педагог-психолог (әлеуметтiк педагог);
      екiншi санатты педагог-психолог (әлеуметтiк педагог);
      педагог-психолог (әлеуметтiк педагог).
      Сегiзiншi топ - аға вожатыйлар мен педагог-ұйымдастырушылар. Аталған топты еңбекақыларын жүйелеу үшiн төрт бiлiктiлiк санаттары енгiзiледi:
      жоғары санатты аға вожатый (педагог-ұйымдастырушы);
      бірінші санатты аға вожатый (педагог-ұйымдастырушы);
      екінші санатты аға вожатый (педагог-ұйымдастырушы).
      аға вожатый (педагог-ұйымдастырушы).
      Тоғызыншы топ - балалар-жасөспiрiм спорт мектептерiнiң әдiскерлерi, нұсқаушы-әдiскерлерi. Бұл топтың еңбекақыларын жүйелеу үшiн төрт бiлiктiлiк санаттары енгiзiледi:
      жоғары санатты әдiскер (нұсқаушы-әдiскер);
      бiрiншi санатты әдiскер (нұсқаушы-әдiскер);
      екiншi санатты әдiскер (нұсқаушы-әдiскер);
      әдiскер (нұсқаушы-әдiскер).
      Оныншы топ - оқу орындарының барлық типтерi мен түрлерiнiң музыка жетекшiлерi, еңбек пен дене шынықтыру нұсқаушылары. Аталған топтың еңбекақыларын жүйелеу үшiн төрт бiлiктiлiк санаттары енгiзiледi:
      жоғары санатты музыка жетекшiсi (еңбек нұсқаушысы, дене шынықтыру нұсқаушысы);
      бiрiншi санатты музыка жетекшiсi (еңбек нұсқаушысы, дене шынықтыру нұсқаушысы);
      екiншi санатты музыка жетекшiсi (еңбек нұсқаушысы, дене шынықтыру нұсқаушысы);
      музыка жетекшiсi (еңбек нұсқаушысы, дене шынықтыру нұсқаушысы).
      Он бiрiншi топ - сүйемелдеушiлер мен концертмейстерлер. Аталған топтың еңбекақыларын жүйелеу үшiн төрт бiлiктiлiк санаттары енгiзiледi:
      жоғары санатты сүйемелдеушi (концертмейстер);
      бiрiншi санатты сүйемелдеушi (концертмейстер);
      екiншi санатты сүйемелдеушi (концертмейстер);
      сүйемелдеушi (концертмейстер).
      Он екiншi топ - мәдени ұйымдастырушылары мен экскурсия жетекшiлерi.Аталған топтың еңбекақыларын жүйелеу үшiн төрт бiлiктiлiк санаттары енгiзiледi:
      жоғары санатты мәдени ұйымдастырушы (экскурсия жетекшiсi);
      бiрiншi санатты мәдени ұйымдастырушы (экскурсия жетекшiсi);
      екiншi санатты мәдени ұйымдастырушы (экскурсия жетекшісі);
      мәдени ұйымдастырушы (экскурсия жетекшiсi).
      5. Аттестацияның басты негiздерi: ерiктiлiк, ашықтық, алқалық, жүйелiлiк.
      6. Оқу орындарының басшылары және олардың орынбасарлары, дене тәрбиесiнiң, алғашқы әскери дайындықтың жетекшiлерi мен оқу орындарының қызметкерлерi, зейнеткерлер мен оқу орындарында қосымша жұмыс iстейтiн және педагогтық жүктемелерi бар басқада адамдар бiлiктiлiк санатпен тарифтiк дәрежелерiн анықтау үшiн аттестациядан өтедi.
      7. Оқу орнының әкiмшiлiгi қызметкерлердiң бiлiктiлiк санаттары олардың қызмет деңгейi мен сапасына сай келмеген жағдайда оларды қайтадан аттестациялауға шешiм қабылдай алады. Қайтадан аттестациялау осы Ереженiң негiзiнде жүзеге асырылады.

2. Аттестациялық комиссия және оның құрамы

      8. Аттестация өткiзу үшiн аттестациялық комиссия құрылады. Аттестациялық комиссиясы аттестация өткiзудiң нақты мерзiмiн анықтайды, аттестациялық сынақтар өткiзедi, аттестация қорытындысы бойынша шешiмдер шығарады.
      9. Аттестация өткiзу үшiн Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органының оқу орындарында: аудандық, қалалық бөлiмдерiнде, облыстық, Астана, Алматы қалалық бiлiм басқармаларында, өз қарамағында, аумақтық органдарында оқу орындары бар Қазақстан Республикасы салалық министрлiктерiнде (ведомстволарында) аттестациялық комиссиялар құрылады.
      10. Аттестациялық комиссиялар мынадай құрамда құрылады: аттестациялық комиссияның төрағасы - бiлiм басқармаларының, оқу орындарының басшысы немесе басшының орынбасары, төрағаның орынбасары, хатшы және комиссия мүшелерi.
      Комиссия құрамына оқу орындарының мамандары, оқу орындарының басшылары, ғылыми және жергілікті атқару органдарының қызметкерлерi, кәсiподақтардың өкiлдерi енедi. Аттестациялық комиссия құрамына енген бiлiм жүйесiнiң қызметкерлерiнiң комиссия құрамындағы тiкелей қызметi мерзiмiнде негiзгi жұмыс жалақысы сақталады.
      11. Аттестациялық комиссияның арнайы құрамы мен өкiлдiк мерзiмi тиiстi бiлiм басқармалары органы, оқу орынының басшысының бұйрығымен анықталады.
      12. Шағын комплектi мектептер мен мектепке дейiнгi ұйымдардың Қызметкерлерiн аттестациялау үшiн аттестация комиссиялары базалық мектептер мен мектепке дейiнгi ұйымдардың жанындағы немесе тиiстi бағынысты бiлiм басқармалары органдары басшыларының бұйрығымен құрылады.

3. Аттестация өткiзу тәртiбi

      13. Аттестация қызметкердiң бiлiктiлiк деңгейiнiң кәсiби жетiктiгi, жұмыстарының жемiстiлiгi, сапалығы, нәтижелiлiгi, әдiстемелiк және тәжiрибе-эксперименттiк жұмыстарға қатысуы негiзiнде өткiзiледi.
      14. Аттестация оқу орындарының өкiлеттi органдары белгiлеген кесте бойынша өткiзiледi.
      15. Үстiмiздегi оқу жылында аттестацияға қатысу арыздары аттестация комиссияларында 1 қазанға дейiн қабылданады.
      16. Оқу орнының басшысы аттестацияланушының мәлiмделген санат талабына сай келуi туралы өз пiкiрлерiмен аттестация қағазын (N 1 үлгi) толтырады. Аттестация комиссиясының мәжiлiсiне дейiн кемiнде он күн бұрын аттестацияланушы аттестация парағына қол қойып танысуы керек. Өз жұмысының мiнездемесi мен оқу орны басшысының оған тиiстi санат белгiлеу туралы ұсыныстарымен келiспеген жағдайда аттестациялық комиссияға дейiн кемiнде 3 күн бұрын төраға атына дәлелденген арыз ұсынады.
      17. Оқу орнының басшысының талабы бойынша аттестациялық комиссия педагогтардың алғашқы санаттарын көтеру мақсатында уақытынан бұрын аттестация жүргiзе алады.
      18. Қызметкерлердi аттестациялау қорытындысы комиссия мәжiлiсiнде дауыс беру нәтижесiнде анықталып, хаттамаға және аттестация Қағазына жазу түрiнде дайындалады.
      Хаттама мен аттестация қағазына аттестация комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары, комиссия мүшелерi қол қояды.
      Шешiм ақиқатты болуы үшiн комиссияның қорытынды мәжiлiсiнде оның мүшелерiнiң кемiнде 2/3 бөлiгi қатысуы керек. Дауыс беру нәтижесi қорытынды комиссияға қатысушы комиссия мүшелерiнiң дауыстарының 3/4 санымен анықталады. Әрбiр қызметкерге комиссия төмендегiдей қорытындылардың бiрiн бередi:
      мәлiмделген санат, разряд талаптарына сай;
      мәлiмделген санат, разряд талаптарына сай емес.
      19. Қызметкерлерге белгiленген бiлiктiлiк санат келесi кезектi аттестациядан өткенше сақталады.
      20. Педагог және басқа қызметкерлерге жоғары санат беру туралы шешiмдi облыстық, Астана, Алматы қалаларының бiлiм басқармаларының (департаменттерi) аттестациялық комиссиясы бекiтедi:
      республикалық оқу орындары бойынша - бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органының аттестациялық комиссиясы немесе өз қарамағында оқу орындары бар Қазақстан Республикасының салалық министрлiктерiнде (ведомостволарында).
      Педагог және басқа қызметкерлерге бiрiншi, екiншi санат беру туралы шешiмдi бiлiм беру ұйымдарының басқармаларының тiкелей органдарының аттестациялық комиссиялары қабылдайды.
      Салалық министрлiктердiң (ведомостволардың) оқу орындарының педагог және басқа қызметкерлерiне жоғары, бiрiншi санат беру туралы шешiмдi сол министрлiктiң (ведомоствоның) аттестациялық комиссиясы қабылдайды.
      21. Аттестациялық комиссия аттестация нәтижелерiнiң шешiмдерiнiң хаттамасы мен жоғары санатты қызметкерлердiң аттестациялық қағаздарының көшiрмесiн тиiстi бiлiм беру жүйесiн басқару органдарына табыс етедi, олар оқу орындарына өздерiнiң қабылдаған шешiмдерiн хабарлаулары керек.
      22. Егер қызметкер өз еркiмен аттестацияға түсiп және оған мәлiмделген бiлiктiлiк санат берiлмесе, ол бұрынғы күшi бар санатында қалады.
      23. Аттестациялық комиссияның шешiмiмен қызметкер келiспеген жағдайда келесi деңгейдегi аттестациялық комиссияға апелляцияға беруге құқы бар. Апелляция жазбаша түрде берiледi.

4. Аттестациялық комиссияның шешiмдерiн
 жүзеге асыру

      24. Аттестациялық комиссияның шешiмдерi негiзiнде оқу орнының басшысы қызметкерлерге бiлiктiлiк санаттар, беру туралы бұйрық шығарады (осы ереженiң 20 тармағында белгiленген тәртiппен бекiтiлгеннен кейiн.)
      25. Аттестацияның шешiмдерi бойынша бiлiктiлiк санаттар берiлген қызметкерлерге белгiленген үлгi бойынша куәлiктер (N 2 үлгi) табыс етiледi. Куәлiктiң көшiрмесi қызметкердiң жеке iсiнде сақталады. Куәлiктiң табыс етiлгенi журналға (N 3 үлгi) тiркеледi.
      26. Белгіленген тәртiппен толтырылған бiлiктiлiк санаттарын беру туралы куәлiктердiң Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы күшi бiрдей.
      27. Аттестацияның қорытындысы бойынша берiлген бiлiктiлiк санат аттестация өткiзiлген жылдан кейiнгi оқу жылының 1 қыркүйегiнен бастап күшiне енедi.
      28. Аттестацияға қатысты еңбек даулары қолданылып отырған заңдарға сәйкес қаралады.    

N 1 үлгі

_________________________________________________________________
                (министрлік немесе ведомствоның аты)
_________________________________________________________________
                       (білім ұйымының аты)    

Аттестация қағазы

_________________________________________________________________
   (фамилиясы, аты, әкесінің аты, санаты, көрсетілген лауазымы)
_________________________________________________________________

     Туған жылы ____________________________
     Ұлты __________________________________
     Педагогтік стажы____________________________________________
     Лауазымы бойынша еңбек стажы _______ оның ішінде осы білім
ұйымында ________________________________________________________
     Білімі (қандай оқу орнын және қашан бітірді, қандай біліктілік
және қандай мамандық бойынша)____________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
     Наградалары, құрмет белгілері, ғылыми атақтары мен дәрежелері _________________________________________________________________
_________________________________________________________________
     Аттестацияланушы қандай лауазым мен санатқа арыз берді______
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
                     (жазбаша)    

     Аттестацияланушының жұмысы туралы пікір_____________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
     Білім ұйымының басшысы______________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
     Жұмыс туралы пікір және қорытындылармен таныстым
     "____"____________________ жыл
     (аттестацияланушының қолы)

     Аттестациялық
     комиссияның
     төрағасы____________________________________________________
                                (аты, жөні)

     Төрағаның
     орынбасары__________________________________________________
                                (аты, жөні)
     Хатшы_______________________________________________________
                                (аты, жөні)    

     Комиссия мүшелері __________________________________________
_________________________________________________________________
                             (аты, жөні)    

N 2 үлгі

Куәлік

     Біліктілік санат беру туралы ________________________________________________________________
     Осы куәлік______________________________________ берілді.
                       (аты, жөні)

     ___________ ______________ ж. _____________________________
 _______________________________________________________________
              (білім ұйымының толық аты)    

     аттестациялық комиссияның шешіміне сәйкес
 "_____________"_______________ ж. ________________ бұйрықпен оған
  ________________________________________________________________
  _______________________________________________________берілді.
        (лауазымының аты және санат, жазбаша)

     Аттестациялық комиссияның
     төрағасы ___________________________________________________
                          (қолы аты, жөні)    

     Аттестациялық комиссияның
     хатшысы_____________________________________________________
                          (қолы аты, жөні)    

     МО

     Тіркеу нөмірі
     "________"_____________________________________________
                   (берілген күні, айы, жылы)

N 3 үлгі

_________________________________________________________________
                      (білім ұйымының аты)

қызметкерлерге біліктілік санат беру туралы
куәліктерді тіркеу журналының формасы

____________________________________________________________________
N  !Фамилиясы, !Лауазым  ! Аттестация. ! Біліктілік ! Куәлік !Куәлік
р/н!аты, әкесі.!және бе. !лық комиссия.!санат беріл.!берілген!алушы.
   !нің аты    !рілген   !ның шешімнің !ген бұйрық. !уақыты  !ның
   !           !білікті. !уақыты       !тың номері. !        !қолы
   !           !лік санат!             !мен уақыты  !        !
____________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады