Қазақстан Республикасында банкаралық клирингті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 16 маусым N 273 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 3 тамызда N 1212 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 262 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2015 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       Ескерту: Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы N 57 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен .

      Қазақстан Республикасы төлем жүйесінің жұмыс істеуiн қамтамасыз ететін нормативті құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасында банкаралық клирингті жүзеге асыру ережесі бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап екі апта өткен соң күшіне енгізілсін.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27, 2007.05.28. N 57 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі)  қаулыларымен .
      2. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.): 
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап екі апталық мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына жіберсін.
       Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысымен
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
       Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысымен
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т.Жанкелдинге жүктелсін.

       Ұлттық банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының  
Ұлттық Банкі Басқармасының 
2000 жылғы 16 маусымдағы 
N 273 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасында банкаралық клирингті жүзеге асыру
ережесі

       Ескерту: Ереженің атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы N 57 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі)   қаулысымен .

1-тарау. Жалпы ережелер

        1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Ақша төлемі мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және соларға сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында банкаралық клирингті жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
       Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004.02.27. N 27, өзгерту енгізілді - 2007.05.28. N 57  (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі)   қаулыларымен .

      2. Осы Ережеде "Ақша төлемi мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар қолданылады: 
      1) банкаралық клирингке қатысушылар - клирингтік ұйымның банкаралық клирингте өңделетін төлем құжаттарын жіберетін және/немесе алатын клирингтік ұйыммен банкаралық клирингке қатысуға шарт жасасқан екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - банк) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - ұйым). Клирингтік ұйым сондай-ақ банкаралық клирингтің қатысушысы бола алады;
      2) екіжақты кредиттік шектеу - клиринг қатысушысының пайдасына жіберілген төлем құжаттарының сомасын ескере отырып, осы банкаралық клиринг қатысушысының клиригтің басқа қатысушысынан қабылдап алуға келіскен төлем құжаттарының ең көп сомасын клирингтің қатысушысы клирингтің әрбір қатысушысы үшін белгілеген кездегі тәуекелдерді басқару әдісі;
      3) есеп айырысу ұйымы - банкаралық ақша аудару жүйесінің операторы болып табылатын және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйым. Есеп айырысу ұйымы клиринг ұйымының функциясын атқара алады;
      4) клирингтік ұйым - банкаралық клирингті жүзеге асыратын және банкаралық ақша аудару жүйесін пайдаланушы мәртебесі бар банк немесе ұйым;
      5) көпжақты дебеттік шектеу - тәуекелдерді басқару әдісі, мұнда банкаралық клирингке қатысушының әрқайсысы үшін ең көп дебеттік таза позицияға шектеу белгіленеді;
      6) мониторинг - операциялық күн ішінде банкаралық клирингке қатысушылардан банкаралық клирингке түскен төлем құжаттарын банкаралық клирингке қатысушылардың өз міндеттемелерін орындамау мүмкіндігін анықтау мақсатында бақылап отыру;
      7) резерв (сақтандыру) қоры - тәуекелдерді басқару әдісі, мұнда банкаралық клирингке қатысушылар клиринг ұйымы мен банкаралық клиринг қатысушылары арасында жасалған шарттарға сәйкес ақшаны резервке алады;
      8) таза позиция - банкаралық клирингтің барлық қатысушыларының банкаралық клирингтің бір қатысушысына қатысты ақша міндеттемелері бойынша төлем құжаттары сомасының және банкаралық клирингтің осы қатысушысының банкаралық клирингтің басқа да қатысушыларына қатысты ақша міндеттемелері бойынша төлем құжаттары сомасының арасындағы әртүрлілік. Егер айырмашылық - теріс сан болса, онда банкаралық клирингке қатысушының дебеттік таза позициясы болады, егер - оң болса, кредиттік таза позиция болады.
      9) тәуекелдерді басқару әдістері - банкаралық клирингке қатысушылардың клиринг ұйымының және есеп айырысу ұйымының банкаралық клирингті жүзеге асыру және/немесе банкаралық клиринг нәтижесі бойынша ақша аударымы жөніндегі өз міндеттемелерін орындамау ықтималдығын азайтуға арналған жан-жақты іс-шаралар;
      10) шығындарды бөлу - тәуекелдерді басқару әдісі, мұнда банкаралық клирингке қатысушылар ақша аударымын жүзеге асыру үшін ақша сомасы жетпейтін банкаралық клирингке қатысушыларға олардың дебеттік таза позицияларына сәйкес заем береді.
       Ескерту: 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2007.05.28. N 57  (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен .

  2-тарау.   Алынып тасталды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2007.05.28. N 57 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі)   қаулысымен .

3-тарау. Клиринг қатысушылары 

      8. Банктер мен ұйымдар клирингтік ұйыммен банкаралық клирингке қатысу шартын жасағаннан кейін банкаралық клиринг қатысушысы мәртебесін алады.
      Ескерту: 8-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысымен.       

      9. Клирингтiк ұйым банкаралық клирингтің қатысушыларының қаржы жағдайына және/немесе клирингтi жүзеге асырған кезде өздерi пайдаланатын бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды белгiлей алады. Мұндай талаптарды клирингтiк ұйымның жоғары басқару органы бекiтедi және клиринг қатысушыларының бәрi үшiн мiндеттi болып табылады.
       Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысымен

      10. Егер iшкi ережелерде және/немесе банкаралық клиринг қатысушыларымен жасалған шарттарда басқаша белгiленбесе, клирингтiк ұйым клирингтiк ұйымның жоғары басқару органы қабылдаған шешiмiнiң негiзiнде осы клирингтiк ұйымның өзi жүзеге асыратын банкаралық клирингтiң қатысушысы бола алады.
       Ескерту: 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысымен

      11. Клирингтiк ұйым мен банкаралық клирингтің қатысушысының арасында жасалған шартта мынадай мiндеттi талаптар болуға тиiс: 
      1) төлем құжаттарымен және төлемдер туралы басқа да ақпаратпен алмасу тәсiлдерi мен тәртiбi; 
      2) тараптардың құқықтары және клирингтi жүзеге асыру кезiнде және/немесе клиринг нәтижелерi бойынша ақша аудару кезiнде туындаған мiндеттерi;
      3) ақпараттың құпиялылық шарттары және оларды сақтамағандығы үшін жауапкершiлiк;
      4) клиринг нәтижелерi бойынша ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртiбi және мерзiмi;
      5) клирингтi жүзеге асыру кезiнде және клиринг нәтижелерi бойынша ақша аударымы кезiнде қолданылатын тәуекелдердi басқару әдiстерi;
      6) өз мiндеттемелерiн орындамаған банкаралық клирингтің қатысушысына қолданылатын ықпал ету шаралары;
      7) клирингтi жүзеге асыру бойынша өз міндеттемелерiн орындамаған клиринг ұйымының жауапкершiлiгі.
      Клирингтiк ұйым мен банкаралық клирингтің қатысушысы арасында жасалған шартта Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да талаптар көзделуi мүмкiн.
       Ескерту: 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысымен

4-тарау. Клиринг өткізуге қойылатын жалпы талаптар

      12. Клирингтiк ұйым, есеп айырысу ұйымы және клиринг қатысушылары арасында төлем құжаттарын және/немесе төлемдер туралы ақпарат алмасуды электрондық тәсілмен жүзеге асырады. 
       Ескерту: 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысымен.

      13. Банкаралық клирингтің қатысушыларының және клирингтiк ұйымның банкаралық клирингтің қатысушысы мен клирингтiк ұйым жiберген және/немесе алған төлем құжаттарын жiбергелi және/немесе алғаны туралы растауы болуға тиiс. 
      Төлем құжаттарының жіберiлгенi және/немесе алынғаны жөнiндегi растауды төлем құжаттарының немесе iшкi ережелерде және/немесе тиiстi шарттарда белгiленген басқа да ақпараттың алынғаны туралы хабарлама деп есептеуге болады.
       Ескерту: 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысымен

      14. Клиринг қатысушыларының таза позициясы банкаралық клирингтің барлық қатысушыларының банкаралық клирингтің бiр қатысушысына қатысты ақша мiндеттемелерi бойынша төлем құжаттары сомасының және банкаралық клирингтің осы қатысушысының банкаралық клирингтің басқа да қатысушыларына қатысты ақша мiндеттемелерi бойынша төлем құжаттары сомасының арасындағы әртүрлiлiктi табу жолымен анықталады. 
       Ескерту: 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысымен

      15. Клиринг қатысушыларының таза позициясын анықтаған кезде банкаралық клирингтің барлық қатысушыларының дебеттiк және кредиттiк таза позициялары сомасының әртүрлiлiгi нөлге тең болуы керек. Егер клиринг қатысушыларының таза позицияларының барлық кредиттiк сомасы мен барлық дебеттiк сомасы бiр-бiрiне тең болмаса, клирингтiк ұйым жоғарыда көрсетiлген сомалардың сәйкес келмеу себебiн анықтайды және клиринг қатысушыларының таза позицияларын қайта есептейдi.
       Ескерту: 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысымен.  

      16. Клирингтiк ұйым клиринг аяқталғаннан кейiн клирингте өңделген төлем құжаттарын клирингтiк ұйым мен банкаралық клирингке қатысушылар арасында жасалған шартқа сәйкес тәртiппен және мерзiмде осы төлем құжаттарын алатын қатысушыларға беруге мiндеттi.
       Ескерту: 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысымен.  

      17. Банкаралық клирингтің қатысушылары клирингте өңделген төлем құжаттарын клиринг нәтижелерi бойынша ақша аударылғаннан кейiн орындайды.
       Ескерту: 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысымен.  

      18. Клирингтiк ұйым банкаралық клирингті жүзеге асыруды қамтамасыз ететiн негiзгі бағдарламалық-техникалық құралдар iстен шыққан немесе бұзылған жағдайда банкаралық клирингтi уақтылы аяқтау үшiн қажет болатын қосымша бағдарламалық-техникалық құралдарды және/немесе рәсiмдердi қолданады. 
       Ескерту: 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысымен

      19. <*>
       Ескерту: 19-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысымен

5-тарау. Клиринг нәтижелерi бойынша ақша аудару

        20. Клиринг нәтижелері бойынша ақша аудару банкаралық клиринг қатысушыларының қарама-қарсы талаптарын есептеу рәсiмi аяқталғаннан кейін тиісті шарт талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
       Ескерту: 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысымен.  

      21. Егер банкаралық клирингтiң барлық қатысушыларының таза позициялары нөлге тең болса, клиринг нәтижелерi бойынша ақша аударылмайды.
       Ескерту: 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысымен

      22. Банкаралық клиринг қатысушылары арасында банкаралық клиринг нәтижелері бойынша ақша аудару есеп айырысу және клирингтік ұйымдар арасындағы шартта тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, есеп айырысу ұйымында ашылған клирингтік ұйымның шоты арқылы есеп айырысу ұйымында жүзеге асырылады. 
       Ескерту: 22-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысымен.

      23. Клиринг нәтижелерi бойынша ақша аудару аяқталғаннан кейiн клирингтiк ұйымның есепшотындағы ақша қалдығы нөлге тең болуы тиiс. Егер клирингтiк ұйымның есепшотындағы ақша қалдығы нөлге тең болмаса, клирингтiк ұйым клирингтiк ұйымның есепшотындағы ақша қалдығының болуына байланысты себептердi анықтап, келесi операциялық күн басталғанға дейін жояды. 

      24. <*>
       Ескерту: 24-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысымен.

      25. Банкаралық клиринг нәтижелері бойынша ақша аудару банкаралық ақша аудару жүйесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) ақша аударуды жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте банкаралық клиринг нәтижелері бойынша ақша аудару:
      1) клирингтік ұйым жасаған төлем құжаттары негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
      Мұндай жағдайда клирингтік ұйым банкаралық клиринг нәтижелері бойынша дебеттік таза позициялары бар банкаралық клиринг қатысушыларының шоттарынан ақша алуға және есеп айырысу ұйымындағы өзінің шотына ақша есептеуге төлем құжаттарын жасайды.
      Сонымен бірге банкаралық клиринг нәтижелері бойынша ақша аударымын жүзеге асыру үшін банкаралық клиринг қатысушыларының шоттарынан ақша алу клирингтік ұйым мен банкаралық клиринг қатысушысының арасында жасалған банкаралық клиринг қатысушысының шотынан ақшаны акцептемей алуға келісімі бар шарт негізінде ғана жүзеге асырылады.
      Бір мезгілде, клирингтік ұйым өзінің шотынан ақша алуға және банкаралық клиринг нәтижелері бойынша кредиттік таза позициялары бар банкаралық клиринг қатысушыларының шоттарына ақша есептеуге төлем құжаттарын жасайды;
      2) есеп айырысу ұйымы жасаған төлем құжаттарының негізінде жүзеге асырылады.
      Мұндай жағдайда клирингтік ұйым есеп айырысу ұйымына банкаралық клиринг қатысушыларының таза позициялары туралы ақпарат жібереді, есеп айырысу ұйымы соның негізінде банкаралық клиринг нәтижелері бойынша ақша аударуды жүзеге асыру үшін төлем құжаттарын жасайды.
      Есеп айырысу ұйымы банкаралық клиринг нәтижелері бойынша дебеттік таза позициясы бар банкаралық клиринг қатысушыларының шоттарынан ақша алуға және есеп айырысу мен клирингтік ұйымдар арасында, сондай-ақ есеп айырысу ұйымы мен банкаралық клиринг қатысушысы арасында жасалған шартқа сәйкес клирингтік не есеп айырысу ұйымының шотына ақша есептеуге төлем құжаттарын жасайды.
      Бір мезгілде, есеп айырысу ұйымы клирингтік не есеп айырысу ұйымының шотынан ақша алуға және есеп айырысу мен клирингтік ұйымдар арасында, сондай-ақ есеп айырысу ұйымы мен банкаралық қатысушысы арасында жасалған шартқа сәйкес банкаралық клиринг нәтижелері бойынша кредиттік таза позициялары бар банкаралық клиринг қатысушыларының шоттарына оларды есептеуге төлем құжаттарын жасайды.
       Ескерту: 25-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004.02.27. N 27, 2007.05.28. N 57 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен

      26. <*>
      Ескерту: 26-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысымен

      27. Клирингтiк ұйым банкаралық клирингтің қатысушыларына осы банкаралық клирингтің қатысушысының пайдасына келiп түскен төлем құжаттарын, клиринг нәтижесi бойынша банкаралық клирингтің қатысушысының таза позициясы туралы ақпаратты және клирингте кез келген себеп бойынша өңделмеген төлем құжаты туралы ақпаратты себебiн көрсете отырып бередi. 
      Клирингтiк ұйым немесе есеп айырысу ұйымы (жасалған шарттың талаптарына байланысты) клиринг нәтижесi бойынша ақша аудару аяқталғаннан кейiн банкаралық клирингтің қатысушысына осы банкаралық клирингтің қатысушысының таза позициясына сәйкес ақша аударудың аяқталғаны туралы хабарлама береді.
       Ескерту: 27-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысымен.       

      28. Клирингтік ұйым операциялық күн ішінде банкаралық клирингтің қатысушыларының таза позициясын айқындау және клиринг нәтижелері бойынша ақша аудару жөнінде бірнеше уақыт кезеңдерін белгілеуі мүмкін. Банкаралық клирингтің қатысушыларының таза позициясын айқындау мен клиринг нәтижелері бойынша ақша аудару осындай белгіленген уақыт кезеңінің аяғында жүзеге асырылады.
       Ескерту: 28-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысымен.

6-тарау. Тәуекелдің басқару әдістері

        29. Клирингтiк ұйымының және банкаралық клирингтің қатысушыларының тәуекелдерін басқару әдістері үздіксіз клиринг өткiзуді қамтамасыз етуі және клиринг нәтижелері бойынша банкаралық клирингтің қатысушыларының таза позицияларына сәйкес тәртіппен және iшкi ережелер мен тиiстi шарттарда белгiленген мерзiмде клиринг нәтижелерi бойынша ақша аударуды жүзеге асыруы тиiс.
      Ескерту: 29-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысымен

      30. Қолданылатын тәуекелдi басқару әдiстерi дебеттiк таза позициялары бар бiр немесе бiрнеше банкаралық клирингтің қатысушыларының ақша аудару үшiн ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда клиринг нәтижелерi бойынша ақша аударуды уақытылы аяқтауды қамтамасыз етуi тиiс.
       Ескерту: 30-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысымен

      31. Шығындарды бөлу әдiсiн пайдалану кезiнде әрбiр банкаралық клирингтің қатысушысы ұсынған заем сомасы клирингтiк ұйым мен банкаралық клирингтің қатысушылары арасында жасалған шарттарға сәйкес айқындалады.
       Ескерту: 31-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысымен

      32. Екiжақты кредиттiк шектеулер әдiсiн пайдалану кезінде бiр клиринг қатысушысының басқа банкаралық клирингтің қатысушысының пайдасына жiберген барлық төлем құжаттарының жиынтығы осы төлем құжаттарын алушының төлем құжаттарын жiберушi үшiн белгiлеген кредиттiк шектеулерiнiң көлемiнен (алынған төлем құжаттарын ескере отырып) аспауы тиiс. 
      Егер банкаралық клирингтің қатысушысы басқа банкаралық клирингтің қатысушысының пайдасына төлем құжатын жiберсе және жiберушi жiберген барлық төлем құжаттарының жиынтығы ол үшiн алушы белгiлеген кредиттiк шектеуден асып кетсе, осы төлем құжаты кезекпен тiркеледi, не оны банкаралық клирингтің қатысушысы қайтарып алады, не клирингтiк ұйым жояды.
       Ескерту: 32-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысымен

      33. Көпжақты дебеттiк шектеулер әдiсiн қолданған кезде банкаралық клирингтің қатысушысының таза позициясы ол үшiн белгiленген дебеттiк шектеуден аспауы тиiс. Егер банкаралық клирингтің қатысушысы басқа банкаралық клирингтің қатысушысының пайдасына төлем құжатын жiберсе және осы қатысушы-жiберушінің таза дебеттiк позициясы дебеттiк шектеуден асатын болса, бұл төлем құжаты клирингте өңделмейдi. Мұндай жағдайда осы төлем құжаты кезекке тiркеледi, не банкаралық клирингтің қатысушысы қайтарып алады, не клиринг ұйымы жояды.
       Ескерту: 33-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысымен

      34. Клиринг нәтижелерi бойынша уақытылы ақша аударуды қамтамасыз ету мақсатында банкаралық клирингтің қатысушылары резерв (сақтандыру) қорын құруына болады. 
      Резерв (сақтандыру) қоры банкаралық клирингтің қатысушылары осы қорға клирингтiк ұйым мен банкаралық клирингтің қатысушылары арасында жасаған шарттардың талаптарына сәйкес өздерi аударған ақшаның есебiнен құрылады. 
       Ескерту: 34-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысымен.

      35. Егер банкаралық клирингтің қатысушысының таза дебеттiк позициясына сәйкес ақша аудару үшiн жеткiлiктi ақша сомасы болмаса, онда клирингтiк ұйым осы банкаралық клирингтің қатысушысына оның дебеттiк шектеуiн азайту, резерв (сақтандыру) қорындағы резервке алынатын ақша мөлшерiн көбейту сияқты ықпал ету шараларын немесе клирингтік ұйым мен клиринг қатысушысы арасында жасалған шартта белгiленген басқа да ықпал ету шараларын клирингтi жүзеге асыру тетiгiне байланысты қолдануы мүмкiн. 
       Ескерту: 35-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысымен.

      36. Клирингтік ұйымның үздiксiз банкаралық клиринг өткізуді және клиринг нәтижелерi бойынша ақша аударуды қамтамасыз ететiн тәуекелдердi басқарудың өзге де тәсiлдерiн белгiлеуге және қолдануға құқығы бар.
       Ескерту: 36-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысымен

      37. Егер банкаралық клирингтің қатысушысының дебеттiк таза позициясына сәйкес ақша аудару үшiн жеткiлiктi ақша сомасы болмаса, онда клирингтiк ұйым банкаралық клирингтің қатысушысының таза позициясына қажеттi сомаға төлем құжатын қайтару не жою арқылы қайта есептеуге құқылы. Егер осындай қайта есептеу нәтижесiнде қалған клиринг қатысушыларының ақша аудару бойынша өз мiндеттемелерiн толық көлемде және олардың жаңа таза позицияларына сәйкес орындамау ықтималдығы болмаған жағдайда таза позицияларды қайта есептеуге жол берiледi.
       Ескерту: 37-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысымен.

      38. Клирингтiк ұйым операциялық күн iшiнде клирингтi жүзеге асыру кезiнде пайда болған тәуекелдердi азайту мақсатында үздiксiз мониторинг жасайды.
       Ескерту: 38-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысымен.

      39. Клирингтiк ұйым операциялық күн iшiнде мониторинг нәтижесi бойынша банкаралық клирингтің қатысушыларының төлем құжаттарын қабылдауды, қайтаруды, не жоюды тоқтата тұруға құқылы.
       Ескерту: 39-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысымен.

7-тарау. Қорытынды ережелер

      40. Клирингтiк ұйым Ұлттық Банкке өз операциялары туралы Ұлттық Банк белгiлеген нысан бойынша және мерзiмде ақпарат ұсынады.

       Ескерту: 40-1 - 40-5-тармақтар алынып тасталды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2007.05.28. N 57 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      41. Осы Ережелердi бұзғаны үшiн клирингтік ұйым Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді.

      42. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледi.     

       Төраға     

                              Қазақстан Республикасында банкаралық 
                              клирингті жүзеге асыру және Қазақстан 
                                Республикасы Ұлттық Банкінің банк   
                               операцияларының жекелеген түрлерін  
                               жүзеге асыратын ұйымдарға банкаралық 
                                  клиринг жүргізуге лицензия беру   
                                             ережесіне 
                                            1-қосымша

       Ескерту: 1 қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық банкі
Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысымен.

     Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге 
асыратын ұйымдарға банкаралық клирингті жүргізуге берілген,
       қолданылуы тоқтатылған, қайтарып алынған
                лицензияларды есепке алу
                        тізілімі

_________________________________________________________________
Ли. |     | Лицен.  |Лицензия.| Лицен.  | Лицензия.| Лицензияның
цен.|Ұйым.|зияның   |ны беру  | зияда   |   ның    |  қайтарып
зия.| ның |берілген |(қайта   |көзделген| қайтарып |    алыну,
ның |атауы| (қайта  |ресімдеу)|операция.|  алынған,| қолданылуының
  N  |     |ресімдел.| негіз.  | лардың  |қолданылуы|  тоқтатылу
     |     |ген) күні| демесі  | тізбесі | тоқтатыл.|  негіздемесі
     |     |         |         |         | ған күні |
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

                                        Қазақстан Республикасында
                                           банкаралық клирингтi
                                             жүзеге асыру және
                                          Қазақстан Республикасы
                                           Ұлттық Банкiнiң банк
                                         операцияларының жекелеген
                                         түрлерiн жүзеге асыратын
                                       ұйымдарға банкаралық клиринг
                                          жүргiзуге лицензия беру
                                           ережесiне 1-1-қосымша

       Ескерту: 1-1 қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi
Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 93 қаулысымен.

       Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге
    асыратын ұйымдарға теңгемен банкаралық клирингтi
                     жүзеге асыруға
                        ЛИЦЕНЗИЯ

                          нөмiрi _____
               берiлген күнi _____ жылғы "___"_____

      Осы лицензия Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
Басқармасының __________ жылғы "___"__________ N __________
қаулысына сәйкес __________________________________________________
           (банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
___________________________________________________________________
  ұйымның атауы және орналасқан жерi, мемлекеттiк тiркелген күнi
                             және нөмiрi)

берiлдi және теңгемен банкаралық клирингтi жүзеге асыру құқығын
бередi.
      Осы лицензияның шарттарынан туындайтын құқықтар үшiншi
тұлғаларға берiлмейдi.
      Осы лицензия бiр данада берiледi.

      Төрағаның орынбасары      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады