Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 9 шiлдедегi N 13/205 "Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттығына кандидаттың және мәслихат депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясының және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының оған қоятын талаптарына сәйкестiгiн анықтау тәртiбi туралы" қаулысына өзгерiстер енгiзу жайлы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2000 жылғы 10 тамыздағы N 7/7 қаулы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 4 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 1239. Күші жойылды - ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрайымының 2004 жылғы 7 шілдедегі N 110/134 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық  заңның  12 бабы негiзiнде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 9 шiлдедегi  N 13/205  "Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттығына кандидаттың және мәслихат депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясының және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының оған қоятын талаптарына сәйкестiгiн анықтау тәртiбi туралы", Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 14 шiлдеде тiркелген, тiркеу N 837, қаулысына төмендегiдей өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1 тармақтың 3) тармақшасы "қасақана құқық бұзғаны үшiн" деген сөздерден соң "сыбайлас жемқорлық жасағаны үшiн тәртіптiк жазалары" деген сөздермен толықтырылсын;
      "облыстық, Астана және Алматы қалалық әдiлет басқармасынан" деген сөздер алынып тасталсын;
      2 тармақтан "әдiлет басқармалары" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркелген сәттен бастан күшiне енедi.

      Комиссия төрайымы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады