Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы сайлау комиссиялары шешімдерiнiң заңдылығын тексеруi туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2000 жылғы 18 қыркүйектегі N 10/10 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 19 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 1243. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 27 маусымдағы N 91/183 қаулысымен.

  ------------Қаулыдан үзінді------------------

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңның 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сай Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. ....
      3. ....
      
      Төраға
      
      Хатшы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының күші жойылған қаулыларының тізбесі

      1. ....
      2. "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы сайлау комиссиялары шешімдерiнiң заңдылығын тексеруi туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2000 жылғы 18 қыркүйектегі N 10/10 қаулысы (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізіліміне 200 жылғы 19 тамызда тіркелген, тіркеу N 1243).
      3. ....
      4. ....
      5. ....
      6. ....

----------------------------------------------

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"  Z952464_  Конституциялық заңның 12 бабы 1) тармақшасына және 43 бабы 9 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      1. Орталық сайлау комиссиясы сайлау комиссияларының хаттамаларында қателердi, сәйкессiздiктердi анықтаған болса, сондай-ақ дауысты есептеудің дұрыстығына күмәнданатын болса, жiберiлген сайлау заңдарын бұзушылықтарды тексеру үшiн тиiстi сайлау комиссиясынан қандай болмасын сайлау құжаттарын, сайлау бюллетеньдерiн талап етсiн. 
      2. Сайлау заңдарын бұзушылықтар анықталған жағдайда сайлау комиссиясының тиiстi, сайлау заңдарын бұзушылықпен қабылданған, шешiмiнiң күшi жойғызылсын және бұл жайлы сол сайлау комиссиясы хабардар етiлсiн. 
      3. Сайлау комиссиясы шешiмiнің күшi жойылған жағдайда, мәселенің мәнi бойынша жаңа шешiмдi, шешiмiнің күшi жойылған, комиссия немесе жоғарғы сайлау комиссиясы қабылдайды. 
      4. Сайлау бюллетеньдерiн, учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамаларын, сайлаушылар тiзiмдерiн тексеру кезiнде сайлаушылардың ерiк бiлдiруiн нақты анықтауға мүмкiндiк бермейтiн бұзушылықтар анықталған болса, сол сайлау учаскесiндегi сайлауды жарамсыз деп тану туралы шешiм қабылдансын. 
      5. Сайлау учаскесiндегi сайлау жарамсыз деп танылған болса, осы сайлау учаскесiне қатысты, барлық мағлұматтар тиiстi округтiк сайлау комиссиясының хаттамасынан шығарылсын.
      6. Сайлау учаскелерінің жартысындағы сайлаулардың жарамсыз деп танылуы сайлау округіндегі сайлауды жарамсыз деп тануға негіз болады.
      7. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі оны  тіркеген сәттен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
            Төрайымы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады