Қазақстан Республикасының 2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік жіктемесіне N 24 толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2000 жылғы 3 қазандағы N 420 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 10 қазан N 1255 тіркелді

      Бұйырамын:
      1. "2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының 2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік жіктемесінде:
      бюджет шығыстарының функционалдық жіктемесінде:
      "3.1.251.34. Қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу" деген жолдан кейін мынадай редакцияда жазылған жолмен толықтырылсын:
      "3.1.251.35. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік объектілерін салу және күрделі жөндеу";
      "13.9.105.28. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің бекітілген тәртіп бойынша тіркелген келісімді міндеттемелері бойынша кредиторлық берешегін өтеу" деген жолдан кейін мынадай редакцияда жазылған жолмен толықтырылсын:

     13.9.105.30. Коммуналдық меншік объектілерін салу және күрделі 
жөндеу";
     "13.9.273.28. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік 
мекемелердің бекітілген тәртіп бойынша тіркелген келісімді міндеттемелері 
бойынша кредиторлық берешегін өтеу" деген жолдан кейін мынадай редакцияда 
жазылған жолмен толықтырылсын:
     13.9.273.31. Коммуналдық меншік объектілерін салу және күрделі 
жөндеу".
     2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Министр
     
     
Оқығандар:
     Багарова Ж.А.
     Икебаева А.Ж.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады