Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында басшы қызметке сайлануға (тағайындалуға) тиiстi қызметкерлердi келiсу және сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы ережені бекiту туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасы 2000 жылғы 24 тамыз N 328 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 12 қазан N 1256 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2001.03.03. N 53 қаулысымен. ~V011473

      Сақтандыру заңдарын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында басшы қызметке сайлануға (тағайындалуға) тиiстi қызметкерлердi келiсу және сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы ереже бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап 10 күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
      2. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында басшы қызметке сайлануға (тағайындалуға) тиiстi қызметкерлердi келiсу және сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қарастырсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында басшы қызметке сайлануға (тағайындалуға) тиiстi қызметкерлердi келiсу және сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттіктерi туралы ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.
     Ұлттық Банк
      Төрағасы


                                             Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыздағы N 328 қаулысымен бекiтiлген


            Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында басшы қызметке
          сайлануға (тағайындалуға) тиiстi қызметкерлердi келiсу және
         сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi
   мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы ереже

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының сақтандыруды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрлендi және сақтандыруды қадағалаудың уәкiлеттi мемлекеттiк органымен (бұдан әрi - уәкiлеттi мемлекеттiк орган) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлерiн және сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарына (бұдан әрi - сақтандыру ұйымдары) басшы қызметке сайлауға (тағайындауға) ұсынылатын кандидаттарды келiсу тәртiбiн, сондай-ақ уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiгiн белгiлейдi.

                            1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Сақтандыру ұйымдарының басшы қызметкерлерi, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының басшы қызметiне сайлауға (тағайындауға) ұсынылатын кандидаттар (бұдан әрi - кандидаттар) осы Ережеде белгiленген ең төменгi талаптарға сай болуы тиiс.
      2. Сақтандыру ұйымдарының басшы қызметкерлерi - сақтандыру ұйымы Басқармасының Төрағасы және мүшелерi, бас бухгалтерi, сақтандыру ұйымы филиалының бiрiншi басшысы және бас бухгалтерi оларды сайлауға (тағайындауға) уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмi болғанда ғана қызметке сайланады (тағайындалады).
      Сақтандыру ұйымының басшы қызметiне үмiткер уәкiлеттi мемлекеттiк органмен алдын-ала келiспей сайланған (тағайындалған) жекелеген жағдайларда сақтандыру ұйымы басшы қызметкердi сайлау (тағайындау) туралы шешiм қабылданған күннен бастап 30 күн iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органға келiсу үшiн қажеттi құжаттарды осы Ережеде белгiленген тәртiппен ұсынуға мiндеттi.
      Мұндай жағдайда сақтандыру ұйымдарының басшы қызметкерлерi уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмін алғанға дейiн өз міндеттерін үш айдан артық атқара алмайды.
      3. Сақтандыру ұйымы Басқармасының Төрағасы және мүшесi қызметiне сайлану (тағайындалу) үшiн жоғары бiлiм мiндеттi талап болып табылады. Сақтандыру ұйымы бас бухгалтерiнiң, сақтандыру ұйымы филиалының бiрiншi басшысының және бас бухгалтерiнiң жұмыс саласына сәйкес жоғары немесе орта арнаулы бiлiмi болуы тиiс.
      Сақтандыру ұйымы Басқармасы Төрағасының, мүшелерiнiң және бас бухгалтерiнiң, сақтандыру ұйымы филиалының бiрiншi басшысының және бас бухгалтерiнiң қаржы саласында: сақтандыру ұйымы Басқармасының Төрағасы және бас бухгалтерiнде - үш жылдан кем емес, Басқарма мүшелерi, сақтандыру ұйымы филиалының бiрiншi басшысы және бас бухгалтерiнде - бiр жылдан кем емес еңбек стажы болуы тиiс.
      4. Осы Ережеде белгiленген талаптарға сәйкес құжаттардың толық тiзбесi уәкiлеттi мемлекеттiк органға келiп түскен күн құжаттарды келiсу үшiн ұсынған күн болып саналады.
      5. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру ұйымының басшы қызметiне тағайындалуы керек басшы қызметкердi сайлауға (тағайындауға) келiсiм беруден бас тартқан жағдайда ол қызметкерлер өздерiнiң лауазымдық мiндеттерiн нақты атқарып жүргеніне қарамастан еңбек заңдарында көрсетiлген мерзiмде және тәртiппен қызметінен босатылуы тиiс.
      Кандидатура келiсiлгенге дейiн кезеңде сақтандыру ұйымының тағайындалған басшы қызметкерi мiндеттерiн еңбек заңдарына сәйкес жеке еңбек шарты бойынша атқарады.
      6. Сақтандыру ұйымының басшы қызметкерiн сайлауға (тағайындауға) келiсiм беру туралы немесе келiсiм беруден бас тарту туралы шешiмдi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясы қабылдайды.
      7. Кандидаттың iскерлiгi мен кәсiби дайындығының деңгейiн сипаттайтын, сондай-ақ сақтандыру ұйымының басшы қызметкерлерiн тағайындау iсiне және iс-жосығына қатысты мәлiметтердi зерделеу мақсатымен уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру ұйымдарының басшылық құрамы бойынша деректер базасын жинайды.

                2-тарау. Бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiгi,
                     құрамы және шешiм қабылдау тәртiбi

      8. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясы (бұдан әрi - комиссия) жетi адамнан құралады және оған уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыруды қадағалау бөлiмшесіне жетекшiлiк ететiн басшысы - комиссия Төрағасы басшылық етедi. Комиссия құрамына уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыруды қадағалау бөлiмшесiнiң төрт қызметкерi, уәкiлеттi мемлекеттiк органның бухгалтерлiк есеп және заң қызметi бөлiмшелерiнен бiр-бiрден қызметкер кiредi, оның бiреуi комиссия Төрағасының орынбасары болады.
      9. Комиссия құрамы уәкiлеттi мемлекеттiк орган басшысының бұйрығымен бекiтiледi.
      10. Комиссия өз мәжiлiстерiн қажетiне қарай өткiзедi және мәжiлiске оның құрамының кем дегенде 213 қатысса, заңды болып табылады. Шешiм мәжiлiске қатысушылардың қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыс тең болғанда - комиссия Төрағасының дауысы шешушi болып табылады. Комиссия Төрағасы болмаған жағдайда мәжiлiстердi оның орынбасары өткiзуге құқылы.
      Комиссияның мәжiлiстерiне хаттама жүргiзу үшiн комиссия құрамына кiрмейтiн хатшы қатысады.
      11. Комиссия шешiмi хаттамаға енгiзiледi. Егер комиссия мүшесiнiң қаралып отырған мәселе бойынша ерекше пiкiрi болса, ол хаттамада көрсетiледi.
      12. Комиссия мәжiлiсiне шақырылған кандидат келмей қалған жағдайда, оны келiсу туралы мәселе комиссияның келесi мәжiлiсiне қалдырылады. Екiншi рет келмеген жағдайда, комиссия бұл кандидатураны келiсу туралы мәселенi сақтандыру ұйымы кандидаттың комиссия мәжiлiсiне келмеуінің себептерiн көрсетiп, қосымша өтiнiш жасағанға дейiн қарамай қалдыруға құқылы.
      13. Кандидаттың сақтандыру ұйымының басшы қызметiне кәсiби жарамдылығы туралы мәселенi шешкенде комиссия уәкiлеттi мемлекеттiк органды немесе оның бөлiмшелерiн тексергенде алынған қосымша мәлiметтердi, сондай-ақ кандидат немесе басшы қызметкер бұрын басшы болып iстеген ұйымның қаржылық жағдайы туралы деректердi зерттеп бiлуге құқылы.
      14. Комиссияның кандидатқа келiсiм беруiне тестiлеу және комиссия мәжiлiсiнде кандидатпен әңгiмелесу жатады.
      15. Тестiлеу нәтижелерi бойынша комиссия сақтандыру ұйымының басшы қызметкерiне кандидатқа келiсiм берудi осы Ереженiң 2-тармағында белгiленген мерзiм шегiнде қайтадан тестiлеуден өту үшiн ұзартуға құқылы.
      16. Тестiлеу тест сұрақтарына ұсынылатын жауаптардың бiреуiн таңдау арқылы кандидатты компьютерлiк немесе жазбаша сұрату нысанында жүргiзiледi.
      Кандидаттарды тестiлеу үшiн сұрақтардың тiзбесiн уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыруды қадағалау бөлiмшесi дайындайды және оны комиссия бекiтедi.
      Тест сұрақтарына жауаптардың кемiнде үш нұсқасы енгiзiлуi тиiс, оның бiреуi ғана дұрыс болуы керек.
      Тестiлеу кезiнде кандидатқа 30 тест сұрақтарына жауап беру ұсынылады. Тестiлеу уақыты 45 минутпен шектелген.
      17. Тестiлеуден өткен кезде кандидаттарға қандай да болмасын жазбаша, электронды немесе басқа да ақпараттық материалдарды пайдалануға тыйым салынады.
      Тестiлеу өткiзiлетiн тiлдi бiлмеген жағдайда, тестiден өтушiнiң аудармашының қызметiн пайдалануға құқығы бар.
      18. Кандидатты тестiлеу кезiнде тест сұрақтарына 60 және одан да көп процент дұрыс жауап алған жағдайда тестiлеу нәтижесi оң болып танылады ал кандидат комиссия мәжiлiсiне әңгiмелесуге жiберiледi. Әңгiмелесу нәтижелерi бойынша комиссия басшы қызметке сайлануға (тағайындалуға) келiсiм беру немесе одан бас тарту туралы шешiм шығарады.
      Тест сұрақтарына 60 проценттен аз дұрыс жауап алған кезде тестiлеу нәтижесi терiс болып танылады.
      Тестiлеудiң терiс нәтижесi сақтандыру ұйымы басшы қызметкерiнiң немесе басшы қызметке сайлануға (тағайындалуға) ұсынылатын кандидаттың сақтандыру заңын жеткiлiктi бiлмейтiндiгiн танытып, оған басшы қызметке сайлануға (тағайындалуға) келiсiм беруден бас тартуға негiздеме болып табылады.
      19. Құжаттарды ұсынған, бұрын уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмiн алған кандидат сақтандыру ұйымының жоғары тұрған басшы қызметiне немесе соған тең қызметке тағайындалған (сайланған) жағдайда, комиссия шешiмдi сырттай қабылдауға құқылы. Осыған орай сақтандыру ұйымының басшы қызметiне сайлауға (тағайындауға) уәкiлеттi мемлекеттiк органның бастапқы келiсiмiн берген кезден бастап 2 жылдан аспауы керек.
      20. Комиссия басшы қызметкердiң немесе кандидаттың басшы қызметке жарамдылығы туралы мәселенi құжаттар келіп түскен күннен бастап бiр айлық мерзiмде қарайды, ал қосымша мәлiметтер сұратылғанда бұл мерзiм ондай мәлiметтердi алған күннен басталады.
      21. Комиссияның шешiмiне сақтандыру ұйымы, кандидат немесе сақтандыру ұйымының басшы қызметкерi шешiм қабылдаған күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органның жоғарғы органына шағым беруiне болады. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның жоғарғы органның осы мәселе бойынша шешiмi түпкiлiктi болып табылады.
      22. Комиссияның жұмысын ұйымдастыруды және оның қызметiнiң нәтижелерiн ресiмдеудi, осы мәселелер бойынша сақтандыру ұйымдарымен хат алысуды қоса, уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыруды қадағалау бөлiмшесi жүргiзедi.
      23. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыруды қадағалау бөлiмшесi екi апталық мерзiмде сақтандыру ұйымына уәкiлеттi мемлекеттiк орган қабылдаған шешiм туралы хабарлауға мiндеттi.

                   3-тарау. Комиссияның басшы қызметкерлердi
          (кандидатураларды) келiсу үшiн құжаттар ұсыну және қарауы
                       үшiн материалдар әзiрлеу тәртiбi

      24. Басшы қызметкерлердi (кандидатураларды) келiсу үшін сақтандыру ұйымы уәкiлеттi мемлекеттiк органға мынадай құжаттар ұсынады:
      1) басшы қызметке кандидатураны сайлауға (тағайындауға) келiсiм не

басшы қызметкердi сайлау (тағайындау) туралы келiсiм беру туралы өтiнiш;
     2) басшы қызметкердi сайлау (тағайындау) туралы сақтандыру ұйымының 
уәкiлеттi органының шешiмi;
     3) басшы қызметкерлердiң немесе кандидаттардың осы Ереженiң 
Қосымшасына сәйкес деректерi;
     4) осы Ережеге сәйкес комиссия сұратып алуға құқылы басқа да құжаттар.
     25. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға ұсынылған құжаттар осы Ереженiң 
талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, құжаттар сақтандыру ұйымына қайта 
ресiмдеуге қайтарылады.
     26. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыруды қадағалау бөлiмшесi 
сақтандыру ұйымы ұсынған құжаттар тiзбесiнiң толықтығын және ресiмделуiнiң 
дұрыстығын тексередi.
     27. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыруды қадағалау бөлiмшесi 
барлық қажеттi құжаттар келiп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде 
қаралатын әрбiр кандидатура жөнiнде комиссияға жазбаша қорытынды ұсынады.

          4-тарау. Басшы қызметке тағайындалатын басшы қызметкерлердi
                    сайлауға (тағайындауға) келiсiм беруден
                             бас тартудың негiздерi

     28. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру ұйымының басшы қызметкерiн 
немесе басшы қызметке кандидатты сайлауға (тағайындауға) мынадай 
себептермен:
     1) оның өтелмеген немесе заңда белгiленген тәртiппен кешiрiлмеген 
қылмысы болса;
     2) сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарды жеткiлiктi 
деңгейде бiлмесе;
     3) оған қатысты уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк 
комиссиясының терiс шешiмi болса.


      29. Сақтандыру заңын жеткiлiктi (қажет болатын ең төменгi) бiлу өлшемiне кандидаттардың мыналар жайында тест сұрақтарына дұрыс жауап беруi болып табылады:
      1) сақтандыру ұйымдарын құру тәртiбi, олардың қызметi және Қазақстан Республикасында сақтандыруды қадағалауды жүзеге асыру принциптерi;
      2) сақтандыру қызметiн реттеу тәсiлдерi, сақтандыру ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын және төлем жасау қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету талаптары;
      3) сақтандыру операцияларын жүргiзуге, сақтандыру ұйымдарындағы бухгалтерлiк есептi ұйымдастыруға (стандарттарға) және есепке қойылатын талаптар;
      4) заңда белгiленген мiндеттi сақтандыру түрлерi, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау тәртiбi және сақтанушылардың және басқа адамдардың талаптарын (шағымдарын) қарау жағдайлары;
      5) сақтандыру қызметi және сақтандыруды қадағалауды ұйымдастыру

мәселелерi бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық 
актiлерiнiң тiзбесi мен мазмұны;
     6) сақтандыру қызметiне қатысты салық және валюталық заңдардың 
ережелерi;
     7) кәсiпкерлiк саласындағы және инвесторлардың заңды мүдделерiн 
қорғаудағы мемлекет беретiн кепiлдiктер.

                  5-тарау. Қорытынды ережелер

     30. Кандидат немесе сақтандыру ұйымының басшы қызметкерi сақтандыру 
ұйымындағы басшы қызметке сайлауға (тағайындауға) келiсiм беруден бас 
тарту туралы уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмiне заңда белгiленген 
тәртiппен шағым беруге құқылы.
     31. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының 
заңдарына сәйкес шешiледi.
     
     Төраға


                                        Қазақстан Республикасының Ұлттық

Банкi Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыздағы N 328 қаулысымен бекiтiлген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында басшы қызметке сайлануға (тағайындалуға) тиiстi қызметкерлердi келiсу және сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы Ережеге қосымша

                                                                 (фото)




     _____________________________________________________________________
                 (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)
     _____________________________________________________________________
     __________________________________________ қызметiне кандидаттың

                                  АНКЕТАСЫ

                     Кандидаттың өмiрбаяндық деректерi

     1. Аты-жөнi _________________________________________________________
     _____________________________________________________________________
     2. Туған күнi _______________________________________________________
     3. Азаматтығы _______________________________________________________
     4. Мекен-жайы (пошта индексi көрсетiлiп, толық жазылады): ___________
     _____________________________________________________________________
     5. Жеке басын куәландыратын құжаттар (нөмiрi, сериясы, берiлген күнi  
     және кiм берген) ____________________________________________________
     6. Телефон нөмiрi (жұмысы және үйi, қаланың коды) ___________________
     _____________________________________________________________________
     7. Бiлiмi және жұмыс тәжiрибесi:
     1) Бiлiмi туралы деректер (мамандығын жетiлдiру курсын қоса)*:
     ---------------------------------------------------------------------
       Оқу орнының ! Бiтiрген жылы  ! Мамандығы !  Диплом.  ! Оқу орнының
          атауы    !                !           !Сертификат ! тұрған жері
     ---------------------------------------------------------------------
     _____________________________________________________________________
     _____________________________________________________________________

     (* нотариат растаған дипломның және сертификаттың көшiрмелерi қоса
берiлсiн)
     2) Ғылыми қызметi туралы қосымша мәлiметтер:
     _____________________________________________________________________
     _____________________________________________________________________
     _____________________________________________________________________
     3) Еңбек қызметi басталғаннан берi орындаған жұмысы**
     (** бөлек параққа жазылсын)
     4) Кандидаттың мына салаларда жеткiлiктi бiлiмi бар ма: (иә - жоқ)
     - Қазақстан Республикасының сақтандыру заңы
     _____________________________________________________________________
     - сақтандыру қызметiнде бухгалтерлiк есеп және есеп беру iсiн жүргiзу
     _____________________________________________________________________
     - Қазақстан Республикасының валюталық реттеуi
     _____________________________________________________________________
     - Қазақстан Республикасының салық заңы
     _____________________________________________________________________
     - сақтандыру қызметiн компьютерлеу және автоматтандыру
     _____________________________________________________________________
     5) бiлiктiлiгiн анықтағанда анкета тапсырушы адам маңызды деп санайтын
     кез келген өзге ақпарат:
     _____________________________________________________________________
     _____________________________________________________________________
     8. Кандидат сақтандыру ұйымдарының қызметіне байланысты талап ету
бойынша қандай да бiр сот iсiне жауап берушi ретiнде жауапқа тартылды ма? 
(иә; жоқ), егер жауапқа тартылған болса, мына төмендегi кестеде 
егжей-тегжейлi ақпарат берiңiз:
     _____________________________________________________________________
     
     ---------------------------------------------------------------------
     Талапкер және   !  Соттың   ! Сот ісі  ! Соттың шешімі ! Талап сомасы
       талаптың      !  атауы    ! қаралған !               !
       мазмұны       !           !   күн    !               !
     ---------------------------------------------------------------------
     _____________________________________________________________________
     _____________________________________________________________________
     _____________________________________________________________________

     9. Кандидаттың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген
тәртiппен өтелмеген немесе есептен алынбаған қылмысы бар ма?
     
     _____________________                       _____________________
           (қолы)                                  (қол қойылған күн)

     Оқығандар:
              Багарова Ж.А.
              Икебаева А.Ж.
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады