1998 жылғы 15 тамыздағы N 03-3-ОД бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі Төрағасының 2000 жылғы 4 қазан N 209-ОД бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 17 қазан N 1268 тіркелді

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы"  Z980213_  Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27-бабын басшылыққа ала отырып, Бұйырамын: 
      1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi төрағасының-Министрдің 1998 жылғы 15 тамыздағы N 03-3-ОД бұйрығымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылғы 5 қарашада N 633 нөмiрмен тiркелген Бағалардың мемлекеттiк тәртiбiн бұзғаны үшiн экономикалық санкциялар қолдану жөнiндегi Нұсқаулыққа мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "14. Егер заңды тұлға айыппұлды немесе негiзсiз алынған кiрiстi мемлекеттiк бюджетке аудару туралы шешiм табыс етiлген күннен бастап оны 15 күн мерзiмнiң iшiнде орындамаса, Уәкiлеттi орган осы ақшаны заңда белгiленген тәртiппен ықтиярсыз өндiрiп алу шараларын қабылдауға мiндеттi". 
      2. Заң басқармасы (Е.Г.Машинистова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуден өткiзудi қамтамасыз етсiн.

     3. Құжаттамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы (Н.С.Кәкiмов) осы бұйрықты Агенттiктiң аумақтық бөлiмшелерiне жеткiзсiн.

     4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның орынбасары С.Ш.Құрманғалиевқа жүктелсiн.     

     Төраға   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады