Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру куәлiгiн (полисiн, сертификатын) ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" 2000 жылғы 15 ақпандағы N 33 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы және Сақтандыру куәлiгiн (полисiн, сертификатын) ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасы 2000 жылғы 22 қыркүйек N 352 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 27 қазан N 1275 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы N 24 Қаулысымен

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.01 N 24 Қаулысымен.

      Сақтандыру заңдарын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру куәлiгiн (полисiн, сертификатын) ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" 2000 жылғы 15 ақпандағы N 33 V001080_ қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдары үшiн осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келмейтiн сақтандыру куәлiктерiнiң (полистерiнiң, сертификаттарының) бланкiлерiн ауыстырудың мынадай мерзiмi белгiленсiн:
      1) мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша сақтандыру куәлiктерiн (полистерiн, сертификаттарын) ауыстыру - 2000 жылдың 31 желтоқсанына дейiн;
      2) ерiктi сақтандыру түрлерi бойынша сақтандыру куәлiктерiн (полистерiн, сертификаттарын) ауыстыру - 2000 жылдың 31 желтоқсанына дейiн.".
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 15 ақпандағы N 33 қаулысымен бекiтiлген Сақтандыру куәлiгiн (полисiн, сертификатын) ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап 10 күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
      3. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 15 ақпандағы N 33 қаулысымен бекiтiлген Сақтандыру куәлiгiн (полисiн, сертификатын) ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қарастырсын.
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Сақтандыру куәлiгiн (полисiн, сертификатын) ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру ұйымдарына жiберсiн.
      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап 10 күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсiн.
 

     Ұлттық банк

     Төрағасы



                                               Қазақстан Республикасы



                                               Ұлттық банкі басқармасы

                                               2000 жылғы 22 қыркүйектегi 

                                               N 352 қаулысымен

                                                     бекiтiлген



 
 
                 Сақтандыру куәлiгiн (полисiн, сертификатын)
          ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтырулар
 
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 15 ақпандағы N 33 қаулысымен бекiтiлген Сақтандыру куәлiгiн (полисiн, сертификатын) ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулыққа мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. кiрiспедегi "куәлiгiн (полисiн, сертификатын)" деген сөздерден кейiн "және оның сырт жағын" деген сөздермен толықтырылсын;
      2. 3-тармақтың үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: "Егер мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлерде басқаша белгiленбеген болса, тараптардың негiзгi құқықтары мен мiндеттерiнiң сипаттамасы куәлiктiң (полистiң, сертификаттың) сырт жағына мiндеттi түрде жазылуға тиiс немесе оған қоса берiлуге тиiс.";
      3. 5-тармақтың:
      1) екiншi бөлiгiндегi "(су тамғы белгiсi бар қағаз, көрiнбейтiн

 

элемент және гильештi жиегi)" деген сөздер алынып тасталсын;

     2) үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

     "Егер мiндеттi сақтандыру түрiнде сақтандыру талонын беру көзделген

болса, онда сақтандыру талондарын құнды қағаздар бланктерiн шығаруға

лицензиясы бар заңды тұлғалар жасауға және кем дегенде екi деңгейде

қорғалуға тиiс. Сонымен қатар сақтандыру талонының бланкiне мынадай

жазбалар жасалуға тиiс: "Сақтандыру талоны __________ жылғы _______ N

сақтандыру куәлігіне (полисiне, сертификатына) берiлген.".



     Ұлттық Банк

     Төрағасы



     Мамандар:

            Омарбекова А.Т.

            Багарова Ж.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады