------------Бұйрықтан үзінді----------------
"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабы 1-шi тармағы 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
2. "Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз пайдалынылатын радиоэлектронды құралдарды табу және жұмысын тоқтату жөнiндегi бiрлескен шараларды ұйымдастыру ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрiнiң 2000 жылғы 18 қыркүйектегi N 388-I, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрiнiң 2000 жылғы 27 қыркүйектегi N 520, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi төрағасының 2000 жылғы 18 қазандағы N 127 Нормативтi-құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiмiнде 2000 жылғы 22 қарашадағы N 1294 тiркелген бiрлескен бұйрығының күшi жойылды деп танылсын...
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Iшкi істер министрі
Қазақстан Республикасының
Ақпараттандыру және
байланыс жөніндегі агенттігі
Төрағасының м.а
----------------------------
"Мемлекеттiк қажеттiлiк үшiн радиожиiлiк спектрiн пайдалану тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 9 шiлдедегi N 652
P980652_
қаулысын iске асыру және Қазақстан Республикасының аумағында уәкiлеттi органдардың заңсыз пайдаланылатын радиоэлектрондық құралдарды айқындау және тыйым салу жөнiндегi өзара iс-қимыл жасауы мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса берiп отырған Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз пайдаланылатын радиоэлектрондық құралдарды айқындау және тыйым салу жөнiндегi бiрлескен iс-шараларды ұйымдастыру ережелерi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң облыстар және Астана, Алматы қалалары бойынша аумақтық органдары, Астана, Алматы қалалары, облыстар және көлiктегi iшкi iстер басқармалары, Бас басқармалары, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің облыстардағы департаменттерi тиiстi қызметтердің осы Ережелермен таныстырылуын ұйымдастырсын және Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдардың заңсыз жұмысын айқындау және тыю бойынша өзара iс-қимыл жасауын қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi (Қалқабаев Е.Ш.) осы бұйрықты заңнамада белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгінің Көлiктiк бақылау комитетiне, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Әкiмшiлiк полиция департаментiне және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне жүктелсiн.
5. Осы бүйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Қазақстан Қазақстан
Республикасының Көлік Республикасының Ішкі Республикасы
және коммуникациялар істер министрі- Ұлттық қауіпсіздік
министрі Ішкі әскерлер комитетінің төрағасы
қолбасшысы
Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз пайдаланылатын
радиоэлектрондық құралдарды айқындау және тыйым салу
жөнiндегi бiрлескен іс-шараларды ұйымдастыру
ЕРЕЖЕЛЕРI
Ескерту. Мәтінінде сөздер алмастырылды - ҚР Көлік және
коммуникациялар министрлігінің 2001.02.13. N 45
V011479_
бұйрығымен
.
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз пайдаланылатын радиоэлектрондық құралдарды айқындау және тыйым салу жөнiнде бiрлескен iс-шараларды ұйымдастыру ережелерi (бұдан әрi - Ережелер) "Мемлекеттiк қажеттiлiк үшiн радиожиiлiк спектрiн, пайдалану тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 9 шiлдедегi N 652
P980652_
қаулысын орындау үшін және "Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктi құрылғыларды алу, жобалау, жасау (орнату), пайдалану және шет елдерден әкелу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 9 қазандағы N 851
P920851_
қаулысына сәйкес әзiрленген.
2. Ережелер Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi бөлiмшелерiнiң (бұдан әрi - уәкiлеттi органдар) Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз пайдаланылатын радиоэлектрондық құралдарды (бұдан әрi - РЭҚ) айқындау және жұмысын тоқтату жөнiнде өзара iс-қимыл жасау тәртібiн белгiлейдi.
3. Осы Ережелерде келесi терминдер қолданылады:
1) радиобақылау - радиосәулеленуге техникалық бақылау жасау құрылғыларды инспекциялау, радиокедергiлер көзiнің қызметiн, радиожиіліктердi пайдалану тәртiбiн, қызметтегi РЭҚ сәулелену параметрлерiне арналған стандарттар мен нормаларды бұзуды айқындау және тоқтату радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиiлiктi жолымен, рұқсат етілген кедергiлер деңгейi бар радиоэлектронды құралдардың пайдалануын қамтамасыз ететiн шаралар жүйесi;
2) радиохабар - радиожиілік сигналын қалыптастыру және тарату;
3) лауазымды тұлға - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасы байланыс және ақпараттандыру жөнiндегi комитетi байланыс саласындағы мемлекеттiк қадағалау басқармасының немесе аумақтық бақылау басқармасы қызметкерi; <*>
4) радиоэлектронды құралдар - бiр немесе бiрнеше, радиотаратушы құрылғылардан немесе радиотаратушы және қабылдағыш құрылғылар мен қосалқы жабдықтардың қиыстырушыларынан тұратын (егер мұндай бар болса), радиотолқындарды беру немесе беру мен қабылдауға арналған техникалық құралдар;
5) заңсыз пайдаланылатын радиоэлектрондық құралдар - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнің байланыс және ақпараттандыру жөнiндегi комитетi беретiн тиiстi рұқсат қағазынсыз пайдаланылатын РЭҚ; <*>
6) радиобасу - РЭҚ қалыпты жұмыс iстеуiне заңсыз пайдаланылатын радиостанциялардың жұмысына тыйым салу мақсатымен оларды табу (айқындау) тiптi қиын болған немесе мүмкiн емес жағдайда, кедергi жасайтын бөгеттер жасау жөнiндегi iс-шаралар.
Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Көлік және коммуникациялар
министрлігінің 2001.02.13. N 45
V011479_
бұйрығымен.
4. Уәкiлеттi органдар бөлiмшелерiнің өзара iс-қимылы заңдарды сақтау қағидалары негiзiнде құрылады және iс-шаралар өткiзу барысында алынған мәлiметтердiң жасырын болуын қамтамасыз етуi керек.
2. Қызметтi үйлестiру
5. Уәкiлеттi органдардың қызметi Қазақстан Республикасының аумағында РЭҚ-дың заңсыз жұмысын айқындау және тыйым салу жөнiндегi әрекеттердi келiстiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң байланыс және ақпараттандыру жөнiндегi комитетiмен (бұдан әрi - Комитет) және оның аумақтық басқармаларымен (бұдан әрi - Басқармалар) үйлестiрiледi. <*>
6. Комитет заңсыз пайдаланылатын РЭҚ туралы ақпараттарды жинау және талдауды қамтамасыз етедi, олардың Қазақстан Республикасы аумағындағы әрекетiн айқындау және тыйым салу, жөнiнде шаралар қабылдайды, алынған ақпаратты тиiстілігiне қарай өкiлеттi органдарға таратады және олардың бұдан әрi өзара iс-қимылын қамтамасыз етедi.
7. Радиохабарларда елдің конституциялық құрылысын, мемлекеттiк егемендiгiн, аумақ тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныстық әлеуетiн беделiн түсiруге бағытталған хабарлар айқындалған жағдайда Комитет бұл туралы Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарын, ал жасауға дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы хабарлар айқындалған жағдайда - Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарын хабардар етедi.
3. Заңсыз пайдаланылатын РЭҚ-ды табу
(айқындау) және оның жұмысын тоқтату тәртiбi
8. Заңсыз пайдаланылатын РЭҚ-ын табу (айқындау) ұсынылған ақпарат бойынша радиобақылау жүргiзу жолымен, сондай-ақ Комитеттiң өз бетiмен оның мекен-жайына жеке және заңды тұлғалардан түсетiн хаттар мен арыздар бойынша, уәкiлеттi органдармен, соның iшiнде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсiздiк комитетi мен Қазақстан Республикасының iшкi iстер министрлiгiнiң жедел iздестiру мүмкiндiктерiн пайдалана отырып жүзеге асырылады. Құқық бұзу фактiсi Қазақ ССР-нің Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексiнiң 148, 149-шы баптарына сәйкес анықталады.
9. Заңсыз пайдаланылатын РЭҚ орналасқан орнын және оның иесiн анықтаған кезде Комитеттің немесе Басқарманың лауазымды тұлғасы хаттама жасайды, заңнамаға сәйкес бұзу дерегi жөнiндегi мәлiметтерге қосатын өзге құжаттарды жинайды және ресiмдейдi.
10. Заңсыз пайдаланылатын РЭҚ айқындау және тыйым салу жөнiнде өзара бiрлескен iздеу iс-шараларын жүргiзу кезiнде уәкiлеттi органдардың өкiлдерi радиобайланыстың олар пайдаланатын арналарына, осы үшiн белгiленген шартты белгiлермен шыға алады.
11. Қажет болған жағдайда уәкiлеттi органдар Комитеттiң лауазымды тұлғасына, заңсыз пайдаланылатын РЭҚ айқындау және оны алып қою жөнiндегi функцияларын орындауына және қажеттi материалдарды ресiмдеуге жәрдем көрсетедi.
12. Iшкi iстер бөлiмiнiң оперативтiк кезекшiсi, оған Комитеттiң қызметкерi хабарласқан кезде тез арада құқық бұзу жасалған жерге полиция жасағын жiбередi. Автокөлiкте (радиостанциялар, радиоұзартқыштар) заңсыз пайдаланылатын РЭҚ тапқан кезде Комитет немесе Басқарма қызметкерлерiнің заңды талаптарын бұзушылар, орындамаған жағдайда, көлiк құралын ұстау жөнiндегi шараларды қолдану және базалық станцияның орналасқан орнын анықтау мақсатында автокөлiк иесi туралы мәлiметтердi анықтау үшiн ақпаратты жол полициясының кезекшi бөлiмiне хабарлайды.
13. Мемлекеттiк маңызы бар объектiлердiң орналасу ауданында заңсыз пайдаланылатын және осындай объектiлердiң қызметiне қатер төндiретiн РЭҚ табылғанда немесе мәлiметтер алынғанда Комитеттiң немесе Басқарманың лауазымды тұлғалары туралы тез арада ұлттық қауiпсiздiк органдарына хабарлайды, олардың оперативтiк кезекшiлерi қажет болғанда тиiстi шаралар қолдану үшiн құқық бұзу жасалған жерге өз өкiлдерiн жiбередi.
14. РЭҚ заңсыз қолданылуы мемлекет қауiпсiздiгiне зиян келтiруi немесе адамдардың өмiрiне қауiп тудыруы мүмкiн айрықша жағдайларда бұндай РЭҚ жұмысын радиоталқандау әдiстерiмен тоқтатуға рұқсат етiледi.
4. Есепке алу және есеп беру
15. Комитет радиобақылауды жүзеге асырады, арнайы журналда хабардың күнi мен уақытын, жұмыс жиiлiгiн, корреспонденттердің шартты белгiлерiн, хабардың мазмұны мен оның сипатын тiркейдi. Радиобақылау қорытындысы (магниттiк жазба және ақпаратты тiркеудiң басқа тәсiлдерi) уәкiлеттi органдарын жұмысын қамтамасыз етуге ғана пайдаланылады және есеп берушi мәлiмет болып табылмайды.
16. Заңсыз пайдаланылатын РЭҚ айқындау туралы барлық мәлiметтердiң алғашқы есепке алынуын Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгiлеген тәртiппен Комитеттiң органдары жүргiзедi.