Жоғары арнаулы білім туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2000 жылғы 1 қараша N 1036 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 1 желтоқсан N 1314 тіркелді. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 1 қарашадағы N 522 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 1 қарашадағы N 522   бұйрығымен.
                          Үзінді:

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы    
Білім және ғылым министрлігінің
2007 жылғы 1 қарашадағы    
N 522 бұйрығына қосымша    

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
кейбір күші жойылған деп танылған бұйрықтарының тізбесі

      1. ... 
      2. ...
      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 1 қарашадағы N 1036 "Жоғары арнаулы бiлiм беру туралы Ереже" бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 1 желтоқсанда N 1314 тіркелген).
      4. ...
____________________________________

      Жоғары кәсiби білiм беретiн білiм ұйымдарында жоғары арнаулы бiлімнiң оқу-кәсіптік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бұйырамын:
      1. Қоса берiлген "Жоғары арнаулы бiлiм туралы Ереже" бекiтiлсiн.
     2. Жоғары білiм департаментi (Ә. Әбжаппаров) осы бұйрықты белгiленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгіне мемлекеттік тіркеуден өткізуге ұсынсын.
     3. Осы бұйрық мемлекеттiк тіркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
     4. Осы бұйрықтың орындалуы бақылау вице-Министр Ә.Ахметовке жүктелсiн.

     Министр

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым     
министрлігінің      
2000 жылғы 1 қарашадағы  
N 1036 бұйрығымен бекітілген

Жоғары арнаулы бiлiм туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Жоғары арнаулы бiлiм туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 7 маусымындағы "Бiлiм туралы"   Заңына  және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 2 желтоқсандағы  N 1845  "Жоғары кәсiптiк бiлiм берудiң көп деңгейлi құрылымы туралы ереженi бекiту туралы" қаулысына сәйкес әзiрлендi. 
      2. Жоғары арнаулы бiлiм Қазақстан Республикасындағы жоғары кәсiптiк бiлiм берудiң көп деңгейлi құрылымының негiзгi элементтерiнiң бiрi болып табылады. 
      3. Жоғары арнаулы бiлiм берудiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламасының мiндетi - экономика, әлеуметтiк және басқару салалары үшiн дипломды мамандар даярлау. 
      Дипломды мамандар даярлау Қазақстан Республикасының жоғары кәсiптiк бiлiмді мамандарды даярлау және жоғары кәсіптік білім мамандықтарының Классификаторына сәйкес жүргiзiледi. 
      4. Жоғары арнаулы бiлiм берудiң негiзгi мақсаттары: 
      1) Қазақстан Республикасы азаматтарының бiлiмге деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыру; 
      2) қоғамды алған бiлiктiлiктерiне сәйкес кәсiптiк қызмет атқаруға қабiлеттi жоғары білiктi мамандармен қамтамасыз ету; 
      3) оқуын бiлiм берудiң жоғары кәсiптiк немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi деңгейлерiнде жалғастыруға қабiлеттi жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу. 
      5. Жоғары арнаулы білiм берудiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламалары бойынша оқыту жалпы орта немесе кәсiптiк орта бiлiм, сондай-ақ кәсiптiк жоғары бiлiм негiзiнде iске асырылады. 
      6. Жоғары арнаулы бiлiм берудiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламасы бойынша мамандар даярлауды, бiлiм беру қызметiне лицензиясы бар, жоғары кәсiптiк бiлiм беру ұйымдары iске асырады. 
      7. Жоғары арнаулы бiлiм алу үшiн жоғары оқу орындарына қабылдау тәртiбiн бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы орган бекiткен, Типтiк қабылдау ережелерiнде белгiленедi. 
      8. Жоғары арнаулы бiлiм берудiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламалары бойынша оқыту, жеке тұлғалардың мүмкiндiгi мен талаптарын ескере отырып, мынадай нысандарда белгiленедi: күндiзгi, сырттай, кешкi оқу, дистанциялық оқыту және экстернат. 
      9. Жоғары арнаулы бiлiм берудiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламалары бойынша оқу мерзiмi - күндiзгi оқу түрi үшiн 4 жылдан кем емес болып белгіленедi. 
      Медициналық бiлiм берудiң жекелеген мамандықтары бойынша оқу 7 жылға дейiн созылады және бiтiретiн жылы интернатура нысанында ұйымдастырылады. 
      Сырттай оқу нысаны бойынша оқыту мерзiмi күндiзгi бөлiммен салыстырғанда, сәйкес мамандықтар бойынша, 1 жылға артық болып белгiленедi. 
      Сырттай, дистанциялық нысандар бойынша оқытуда, экстернатта күндiзгi бөлiм үшiн белгiленген оқу жоспарындағы пәндер тiзбесiн қысқартуға рұқсат етiлмейдi. Сырттай оқитындарға арналған пәндердi игерудiң ауқымдылығы күндiзгi оқитындар үшiн бекiтiлген пәндердiң жалпы ауқымдылығының 30-40% мөлшерiндей болуы тиiс. Оқу мерзiмiн барынша қысқарту бiлiм беру саласындағы орталық атқару органының келiсiмi бойынша ғана рұқсат етiледi. 
      10. Мұндай жағдайда қысқартылған оқыту бағдарламасы бойынша оқыту ауқымдылығы 1440 сағаттан кем болмауы керек. 

2. Жоғары арнаулы білімді мамандар даярлауға
қойылатын талаптар  

      11. Жоғары базалық білім берудің білімдік-кәсіптік бағдарламасының көлемі мен құрылымына қойылатын талаптар "ҚР МЖБС 3.001-2000. Білім жоғары кәсіптік. Негізгі ережелер. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы міндетті білім стандартымен" анықталады. 
      12. Жоғары арнаулы білім берудің білімдік-кәсіптік бағдарламасы бойынша оқуды бітірушi мынадай талаптарға жауап беруге мiндеттi: 
      1) гуманитарлық, әлеуметтiк және жаратылыстану ғылымдары салаларындағы негiзгi оқуларды түсiну және кәсiптiк және әлеуметтiк қызметте осы ғылымдардың әдiстерiн пайдалана білу; 
      2) таңдаған мамандық бойынша iргелi даярлығы болу; 
      3) ғылыми-техникалық прогрестiң даму, әлеуметтiк ортаның өзгеру жағдайларында бүгiнгi таңдағы ақпараттық бiлiм беру технологиясын пайдалану арқылы жаңа бiлiм алуға қабiлеттi болу; 
      4) мемлекеттiк, орыс және шет ел тiлдерiнiң бiреуiн меңгеру; 
      5) ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және сақтау жөніндегі қазіргі компьютерлік технологияны меңгеруі; 
      6) білімін кәсіптік жоғары білім беру жүйесінің келесі деңгейінде жалғастыруға қабілетті болуы. 

4. Қорытынды аттестаттау  

      13. Оқуды бiтiрудiң соңғы семестрiнде мемлекеттiк емтихандар тапсыру және (немесе) диплом жобаларын (жұмыстарын) орындау және қорғау түрiнде мемлекеттiк қорытынды аттестаттау қарастырылады. 
      Қорытынды аттестаттаудың нақты түрi, сондай-ақ мемлекеттiк емтихандар тапсырылатын және диплом жобалары қорғалатын оқу пәндерi бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарымен анықталады. 
      14. Диплом жобаларын (жұмыстарын) қорғау және (немесе) мемлекеттiк емтихандар тапсыру Мемлекеттiк аттестациялық комиссияның мәжiлiсiнде өткiзiледi. 
      15. Оқитындарды қорытынды аттестаттау бiлiм беру саласының орталық атқарушы органымен бекiтiлген Жоғары оқу орындарында бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткiзу және ұйымдастыру туралы ережеге сәйкес жүргiзiледi. 
      16. Жоғары арнаулы бiлiм берудiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламалары бойынша оқу жоспарын толық орындаған, диплом жобаларын табысты қорғаған және (немесе) мемлекеттiк емтихандарды тапсырған жеке тұлғаларға нақты мамандық бойынша "жоғары кәсiби бiлiмдi маман" тиiстi бiлiктiлiгiмен бiрге жоғары бiлiм туралы диплом беріледi. 
      Бiлiктiлiктiң нақты атауы мамандыққа (мамандандыруға) байланысты бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарымен анықталады.
      17. Сонымен қатар бiтiрушiге ғылыми пәндер бойынша қорытынды бағалар, мемлекеттiк емтихандар тапсыру қорытындысы және (немесе) диплом жобасының (жұмысының) тақырыбы мен бағалары көрсетiлген дипломға қосымша берiледi.
      18. Жоғары арнаулы білiм берудiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламалары бойынша оқу бiтiрген жеке тұлғалар берiлген бiлiктiлiгi бойынша жұмыс iстей алады немесе белгіленген тәртiпте магистратурада яки аспирантурада оқуын жалғастыруына болады.
      19. Теориялық оқуды бiтiрмеген, немесе қорытынды аттестаттаудан өтпеген жеке тұлғаларға белгiленген үлгiдегi академиялық анықтама берiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады