Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттардың жобаларын салық сараптамасынан өткізу үшін ұсынылатын құжаттар туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2000 жыл 28 қараша N 511 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 30 желтоқсан N 1348 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 27 қыркүйектегі N 361 қаулысымен

  ----------------------Бұйрықтан үзінді----------------

      "Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарға салық сараптамасын жүргізу ережесін бекіту" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 желтоқсандағы N 1705 қаулысына сәйкес бұйырамын:
      Қазақстан Респуликасының Әділет министрлігінде 2000 жылы 30 желтоқсанда N 1348 тіркелген "Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар жобаларын салық сараптамасын жүргізу үшін табыс етілетін құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 28 қарашадағы N 511 бұйырығының күші жойылды деп танылсын...

      Министр

__________________________      

      Келісім-шарттардың жобаларын салық сараптамасын өткізу үшін қажетті құжаттарды ұсыну мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 маусымдағы N 999  P970999_  қаулысымен бекітілген Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарға салық сараптамасын жүргізудің тәртібі туралы ереженің 7-тармағына сәйкес, Бұйырамын: 
      1. Жер қойнауын пайдаланушылар келісім-шарттарға, оларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға салық сараптамасын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне мынадай құжаттарды ұсынады деп белгіленсін: 
      1) кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты суларын қоспағанда, пайдалы қазбалардың барлық түрлері бойынша өндіруге, оның ішінде барлауға және одан әрі өндіруге арналған келісім-шарттарға салық сараптамасын жүргізу үшін: 
      жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттың жобасын және оған қосымшаны; 
      жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарды жасау жөніндегі тікелей келіссөздерді жүргізуге Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген құзыретті органның шешімін немесе жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған инвестициялық бағдарламалар конкурсының жеңімпазы туралы конкурстық комиссияның хаттамасын және жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттың қорытындысын немесе жер қойнауын пайдалану құқығына лицензияны; 
      техникалық-экономикалық есептемелерді; 
      тарихи шығындарды өтеудің мөлшері мен тәртібінің есептемелерін; 
      кен орнын игеру зардаптарын жою қорын қалыптастыру мөлшері мен тәртібінің есептемелерін; 
      қажет болған жағдайда техникалық-экономикалық есептемелерге енгізілетін деректерді растайтын құжаттар; 
      2) кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты суларды қоспағанда, пайдалы қазбалардың барлық түрлері бойынша барлауға арналған келісім-шарттарға салық сараптамасын жүргізу үшін: 
      жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттың жобасын және оған қосымшаны; 
      құзыретті органмен келісілген жұмыс бағдарламасын. 
      2. Роялти ставкаларын белгілеу үшін ұсынылатын жобаның техникалық-экономикалық есептемелері конкурстық ұсыныспен белгіленген жылдар бойынша келісім-шартты қолданудың барлық кезеңіне есептеледі және өзіне мынадай қаржы-экономикалық көрсеткіштерді: 
      1) кірістердің сипаттамасы мен толық жазылуын, сондай-ақ: 
      белгіленген, күтілетін және/немесе алынатын қорлардың көлемін ескере отырып, өнімдердің (пайдалы қазбалардың түрлері бойынша) көлемін, кен орнының перспективалығын бағалауды және пайдалы қазбалардың сапалық сипаттамасын; 
      өндіріс көлемін (өнім түрлері бойынша); 
      инфляцияны ескере отырып қолданылып жүрген бағадағы сату бағасын (сату түрлері бойынша); 
      жиынтық табысты (өнімдердің түрлері бойынша және жалпы); 
      2) шығындардың сипаттамасы мен толық жазылуын (пайдалы қазбалардың түрлері бойынша және өнім түрлері бойынша), оның ішінде: 
      жер қойнауын пайдалану бойынша жасалатын операциялардың техникалық шарттарын, жабдықтардың жалпы сипаттамаларын және салық заңнамасымен белгіленген топтар бойынша амортизациялық аударымдардың тәртібін көрсете отырып, көмекші және әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамытуды ескере отырып жасалған күрделі шығындарды;
      пайдалану шығыстарын (негізгі баптарды тиянақты баяндай отырып, өнімдер мен қайта өңдеудің кезеңдері бойынша);
      еңбекақы қорын (персоналдың санын көрсете отырып);
      басқа да шығындарды;
      3) салық салынатын базаларды көрсете отырып төленетін салықтарды, алымдар мен төлемдерді   Z952235_  ;
      4) кәсіпорынның билігінде қалатын таза табысты;
      5) жиынтық және таза табысты бөлудің құрылымын;
      6) жобаның негізгі экономикалық көрсеткіштерін бағалауды, оның ішінде:
      жобаның өзін ақтау мерзімін;
      жоба бойынша қалыптасатын пайданың ішкі нормасын;
      тәуекелдерді бағалауды;
      бюджеттік тиімділіктерді бағалауды (инвестициялық салымдардың көлемін, олардың құнын өтеу мерзімін, жобаның жалпы пайдалылығын) қамтуы тиіс.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.    

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады