"Автокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң 1999 жылғы 22 қарашадағы N 587 бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 2000 жылғы 30 қазан N 571. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 4 қаңтар N 1349 тіркелді. Бұйрықтың күші жойылды - Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 8 маусымдағы N 263 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 8 маусымдағы   N 263   бұйрығымен .
__________________________

      Автокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудi жетiлдiру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН
      1. "Автокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң 1999 жылғы 22 қарашадағы N 587  бұйрығына  мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы автокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбiнде, 
      9-тармақ мынадай сөздермен толықтырылсын: "сондай-ақ көлiк құралдары мен оларға тiркемелердi техникалық байқау алдындағы техникалық жағдайын диагностикалық үшiн алынатын ақының ең төменгi мөлшерi". 
      2. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi.
      3. Iшкіісминнiң Жол полициясы департаментi (Қ.Т. Тоқсаитов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде белгiленген тәртiппен тiркеудi қамтамасыз етсiн.
      4. Осы бұйрықтардың орындалуын бақылау Iшкi iстер вице-министрi полиция генерал-майоры И.И. Оттоға жүктелсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі -
      Ішкі әскерлер қолбасшысы
      генерал-лейтенант

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады