"Шаруашылық субъектілерінің қызметіне жүргізілетін барлық тексерулердің алғашқы есеп құжаттарын ұсыну және тіркеу тәртібі туралы" Ережесін бекіту және N 83 29 қыркүйек 1999 жылғы ~V990958 Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығының күшін жою туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Бас прокурорының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 66 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 27 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 1374. Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 2002 жылғы 25 сәуірдегі N 27 бұйрығымен. ~V021867

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" U984189_ N 4189 31 желтоқсан 1998 жылғы Жарлығын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Шаруашылық субъектiлерiнде жүргiзiлетiн барлық тексерулердiң бiрыңғай статистикалық есебiн енгiзу туралы" 1999 жылғы 1 қыркүйектегi N 1286 P991286_ қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Z952709_ , заң күшi бар Жарлығының 11-бабын және "Мемлекеттiк статистика туралы" Z970098_ Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабын басшылыққа ала отырып,

                            БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шаруашылық субъектiлерiнiң қызметiне жүргiзiлетiн барлық тексерулердiң алғашқы есеп құжаттарын ұсыну және тiркеу тәртiбi туралы" Ереже бекiтiлсiн.
      2. Құқықтық статистика және ақпарат орталығы (А.Б. Ағманов) Қазақстан

Республикасының Әдiлет министрлiгiне белгiленген тәртiп бойынша Ереженi 
тiркесiн.
     3. Осы бұйрықпен оған тiркелген Ереже барлық облыс, Астана мен Алматы 
қалаларының, аудан, қала мен оған теңестiрiлген прокурорларына орындау 
үшiн жолдансын.
     4. Құқықтық статистика және ақпарат орталығы (А.Б. Ағманов) бұқаралық 
ақпарат құралдарында ресми түрде осы Ереженi жарияласын.
     5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас 
прокурорының орынбасары А.В. Константиновқа жүктелсін.
     
     Қазақстан Республикасының
     Бас прокуроры
     
                                         Қазақстан Республикасы
                                         Бас Прокурорының
                                         2000 жылғы 29 желтоқсандағы 
                                         N 66 бұйрығымен бекітілген
                                                        
     
         Шаруашылық субъектілерінің қызметіне жүргізілетін барлық
     тексерулердің алғашқы есеп құжаттарын ұсыну және тіркеу тәртібі
                                 туралы
                                   
                                  ЕРЕЖЕ
     


      1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" және " N 4189 U984189_ 31 желтоқсан 1998 жылғы Жарлығы мен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң (N 1599 P001599_ 26 қазан 2000 жылғы өзгерiстер мен қосымша бойынша) "Шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiне барлық тексерулердiң бiрыңғай статистикалық есебiн енгiзу туралы" P991286_ 1999 жылғы 1 қыркүйектегi 1286 қаулысына сәйкес әзiрленген.
      2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бақылау мен қадағалау құқығы бар мемлекеттiк органдар (бұдан былай - бақылаушы орган) шаруашылық субъектiлерiне жүргiзiлетiн барлық тексерудi тағайындау туралы актiлердi (ұйғаруларды, қаулыларды және т.б.) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы құқықтық статистика және ақпарат орталығының аймақтық органдарында (бұдан былай - Тiркеушi орган) тiркеуге мiндеттi.
      Құқықтық статистика және ақпарат орталығының бөлiмшелерi жоқ қалалар мен аудандардың аймақтарында бақылаушы органдардың актілерін тiркеу қала мен аудан прокурорларына жүктеледi.
      Шаруашылық субъектiлерiнiң ынтасымен жүргiзiлген тексерулер және қылмыстық iстi тергеуге байланысты, шаруашылықтағы тексерулердi тағайындау туралы актiлер тiркеуге алынбайды.
      3. Тексерудi тағайындау туралы актiлердiң тiркелуi, тексерiстiң басталуына дейiн Тiркеушi органдарда жүзеге асырылады.
      Адамдардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiретiн жағдайларды жоюға байланысты, аса қажеттi жағдайдағы жүргiзiлген тексерулер мен заңсыздықтың үстiнен түсiп, айғақты бекiтетiн дәлелдемелердiң жойылуына жол бермеу үшiн, жедел әрекеттердi қажет ететiн тексерулердi, Тiркеу органында алдын-ала тiркеуге мүмкiншiлiк болмай не болмаса тексеру туралы шешiм жұмыстан тыс (демалыс, мейрам, түнгі және сондай-ақ басқа) уақытта қабылданған жағдайда, тiркеу құжаттарын келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей тiркеуi қажет.
      Тексеру жүргiзген мемлекеттiк орган, тексеру аяқталғаннан кейiн, барлық тексеру жүргiзген шаруашылық субъектiлердiң тексеруiн есепке алу карточкасына қосымша-талонды тiркеп, бiрге ұсынады.
      4. Тағайындалған тексеру туралы актi мен белгiленген үлгiдегi (1-П нысан) толтырылған есепке алу карточкасын Тiркеушi органға ұсыну жолымен тiркеу жүргiзiледi.
      Тiркеушi орган бұл құжаттарды алғаннан кейiн тексерулердi тағайындау туралы актiлердi тiркеу Журналына (бұдан былай - Журнал) жедел түрде тиiстi жазу енгiзуге мiндеттi, оған реттiк нөмiр белгiленiп, ол 1-П нысандағы есептiк карточкасының тiркеу нөмiрi болып саналады және ол нөмiр бақылау органына қайтарылатын актiге қойылады.
      5. Бақылау органдарының шаруашылық субъектiлерiне тексерiс тағайындау туралы актiлерiн Тiркеушi орган түрлi себептермен тiркеуден бас тартуға тыйым салынады. Есеп карточкасы мен қосымша - талонның тиiстi ресiмдерi толық жазылмай және ат-үстi толтырылған болса (шаруашылық субъектiнiң атауы, мекен-жайы, тексерудiң атауы және салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi көрсетiлмеген жағдайда) мұндай құжаттар тiркелмей, керi қайтарылады.
      6. Тiркеушi орган тағайындалған тексерiстер жайындағы ақпараттардың құпиялығын сақтауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Тексерiс тағайындау туралы актiнi тiркеуден бас тартылған жағдайда прокуратура және сот органдарына шағымдануға тиiстi.
      7. Тiркеушi орган шаруашылық субъектiлерiнiң құқықтарының бұзылғанын анықтаған жағдайда, деректердi прокуратура органдарына, заң бұзушылықты жою үшiн, дереу хабарлауға мiндеттi.
      8. Шаруашылық субъектiлерiне өз мүдделi мәселелерi бойынша өтiнiш етуге мүмкiндiк беру үшiн ресми бұқаралық ақпарат құралдарында Тiркеушi орган өзiнiң мекен-жайы және телефон нөмiрлерiн мезгiл-мезгiл жариялап отыруға мiндеттi.
      9. Алғашқы есеп құжаттарын ұсыну және тiркеу туралы Ереженiң тәртiбiн бұзған лауазым иелерi, Заң бойынша белгiленген жауапкершiлiкке тартылады.
      10. 1-П нысандағы есепке алу карточкаларының бланктарымен қамтамасыз ету бақылаушы органдарға жүктеледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады