Шет елдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 18 қазандағы N 221 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 7 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1396. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2016 жылғы 14 маусымдағы № 11-1-2/263 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 14.06.2016 № 11-1-2/263 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі N 217 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Консулдық жарғысының 25 бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
 

Министр

   


   

      Келісілді:


      Қазақстан Республикасының


      Қорғаныс министрі


      2001 жылғы 29 қаңтар


   


Қазақстан Республикасы


Сыртқы істер министрінің


2000 жылғы 18 қазандағы


N 221 бұйрығымен бекітілген

Шет елдердегі Қазақстан Республикасының
азаматтарын есепке алу жөніндегі Нұсқаулық
1. Жалпы ереже

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегi N 217 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Консулдық жарғысының 25 бабына сәйкес, шет елдердегi Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерi Қазақстан Республикасының келесi санаттағы азаматтарын есепке алуды жүзеге асырады:
      1) Консулдық округ аумағында тұрақты тұрып жатқандарды;
      2) Консулдық округ аумағына уақытша келгендердi (iссапарға, оқуға, сынақ мерзiмiн өткiзуге, өзара шарт бойынша жұмысқа, емделуге немесе жеке iстер бойынша келгендердi).
      2. Шет елдердегi Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алудың мақсаты:
      1) Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау;
      2) Болу елдерiнiң заңдары, Қазақстан Республикасы мен болу мемлекетi қатысушы болып табылатын халықаралық шарттары, сондай-ақ халықаралық ғұрыптары ұсынған барлық құқықтарды Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына жан-жақты көмек көрсету;
      3) Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасы Конституциясы мен басқа да Қазақстан Республикасының заң актiлерiн сақтауларын және олардың өз мiндеттерiн орындауларын бақылау.
      3. Консулдық округ аумағында тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу үшiн, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi бекiткен Қазақстан Республикасының Консулдық алымдары тарифiне сәйкес консулдық алым өндiрiледi.
      4. Тiркеу кезiнде консулдық лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының азаматтарын болу елiндегi тәртiптер мен шарттар және олардың заңдарын сақтау қажеттiлiгi туралы хабардар етедi.
 

2. Қазақстан Республикасының шет елдердегi
азаматтарын әскери есепке қою

      5. Консул Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның консулдық округiнде тұрақты тұрып жатқан немесе уақытша болатын Қазақстан Республикасының азаматтарының әскери есебiн жүргiзедi және Қазақстан Республикасының 18 толған азаматтарын әскери мерзiмдi қызметке шақыру үшiн олардың Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұратын жерi бойынша әскери комиссариатқа келуiн қамтамасыз етедi.
      Есеп алу кәртiшкелерiндегi ( 1 2 Қосымша) "Ерекше белгiлер" бағанында әскери мiндеттiлерге "әскери мiндеттi", ал әскер қатарына шақырылушыларға "әскер қатарына шақырылушы" белгiсi қойылады. 18 жасқа толған әскер қатарына шақырылушыларға Қазақстан Республикасына аталған тұлғалардың келген мерзiмi мен орны көрсетiлген атаулы тiзiм жасалады. Тiзiм екi данада, жылына екi рет (наурыз және қыркүйекте) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Консулдық қызмет департаментiне (бұдан әрi - Консулдық қызмет департаментi) жiберiледi, ондағы тiзiмнiң бiр данасы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне жiберiледi.
 

3. Шет елдерде тұрақты тұрып жатқан Қазақстан
Республикасының азаматтарын есепке алу

      6. Шет елдерде тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары өздерi тұратын консулдық округ аумағындағы Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерiнде тiркеледi.
      7. Тiркелу кезiнде есеп кәртiшкесi толтырылады ( 2 қосымша ). Есеп кәртiшкесiне есепке алуға қабылданатын адамның фотосуретi жапсырылады.
      8. 16 жасқа дейiнгi балалар ата-аналарының бiрiнiң есеп кәртiшкесiне жазылады. 16 жасқа толғанда оларға жеке кәртiшкелер толтырылады.
      9. 16 жасқа толмаған және ата-анасыз шет елдерде тұрып жатқандарға жеке есеп кәртiшкесi толтырылады.
      10. Тiркелгеннен кейiн есеп мәлiметтерiнде болатын өзгертулер кезiнде есеп кәртiшкелерiнде тиiстi белгiлер мен өзгертулер жасалады. Сонымен бiрге, бұрынғы жазбалар жойылмайды, тек сызылып тасталынады. Егер кәртiшке бланкiсiнде қосымша жазбалар үшiн орын қалмаса, онда ескi есеп кәртiшкесiне жаңасы жапсырылады.
      11. Фамилиясын өзгерткен кезде жаңа есеп кәртiшкесi толтырылады. Ескi кәртiшке өз орнында картотекада қалады және оған ".............(жаңа фамилиясын көрсету керек) фамилиядағы кәртiшкенi қара".
      12. Егер тiркелушiнiң төлқұжатында оның бұрынғы тұрған жерi бойынша Қазақстан Республикасының консулдық мекемесiнде есептен шығару белгiсi болмаса, онда бұлар әдеттегiдей тәртiппен есепке қабылданады.
      13. Тiркеу кезiнде төлқұжатта "............ (Қазақстан Республикасы консулдық мекемелерiнiң атауы және оның тұрған жерi) есепке қабылданды" деген белгi жасалынады, күнi, және есепке қабылдаған тұлғаның қолы қойылады ( 3 қосымша ).
      14. "............есепке қабылданды" белгiсi, төлқұжатта болу елiнде тұрақты тұруға рұқсат еткен Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдары немесе консулдық мекемелерiнiң жазбасы бар болған кезде ғана қойылады және Қазақстан Республикасына еркiн кiруге және шығуға құқық бередi.
      15. Есеп кәртiшкелерi "Тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары" бөлiмi бойынша есепке қабылданған картотекада алфавиттiк тәртiпте сақталады.
 

Есептен шығару

      16. Есептен шығару кезiнде есеп кәртiшкесiне жазба жүргiзiледi. Төлқұжатта: ".......байланысты......... (Қазақстан Республикасы консулдық мекемелерiнiң атауы және оның тұрған жерi) есептен шығарылды" деген белгi жасалып, күнi және жазба жүргiзген тұлғаның қолы қойылады ( 4 қосымша ).
      17. Есептен шығарылған тұлғалардың есеп кәртiшкелерi есептен шығарылудың себебi және күнi туралы белгiсiмен "Тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары" бөлiмi бойынша есептен шығарылғандар картотекасына қайта салынады.
      18. Есептен шығарылғандардың есеп кәртiшкелерi екi жыл сақталады және содан кейiн тиiстi актi ресiмделумен жойылады.
 

4. Шет елдерде уақытша жүрген Қазақстан Республикасының
азаматтарын есепке алу

      19. Запастағы әскери мiндеттiлер үшiн әскери есептен шығарылғаннан кейiн, шет елдерге iссапарларға, оқуға немесе жеке шаруасы бойынша (6 ай мерзiмге дейiн) кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары, ал әскер қатарына шақырылғандар үшiн (18 ден 27 жасқа дейiн), егер тұратын жерi бойынша аудандық әскери комиссарының қол қоюымен және гербтiк мөрмен расталған мерзiмiн кейiнге қалдыру туралы белгiмен тiркелу туралы куәлiгiн көрсетуi бойынша, "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттер мен әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес оларды әскер қатарына шақыру кейiнге қалдырылған болса, олар жұмыс iстейтiн немесе оқитын ұйымның орналасқан немесе оларды шақырушы тұлғалар тұратын консулдық округ аумағындағы Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерiнде тiркеледi. Аталған санаттағы азаматтарды тiркеу құжаттарда болу елдерi визаларының жарамдылығына немесе рұқсат мерзiмiне қандай да бiр белгiлер қоймай-ақ жүргiзiледi. Тiркеу кезiнде есеп кәртiшкесi толтырылады. (1 қосымша)
      20. Алты айға дейiнгi мерзiмде (оның iшiнде делегация мүшелерi) шет елдерде уақытша жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерiнде журнал бойынша ескерiледi ( 5 қосымша ). Журналды жүргiзу тәртiбiн Консулдық қызмет департаментi айқындайды.
      21. Ел арқылы транзитпен өтетiн, қызметтiк iссапарларда жүрген Қазақстан Республикасының дипломатиялық курьерлерiн, туристерi мен азаматтарын тiркеуге жатпайды.
 

Есептен шығару

      22. Есептен шығару кезiнде есеп кәртiшкесiнде есептен шығарылғаны туралы белгi қойылады. Есеп қәртiшкесi "Шет елдерде уақытша жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары" бөлiмi бойынша есептен шығарылғандар картотекасына ауыстырылып салынады.
      23. Есептен шығарылғандардың есеп кәртiшкесi картотекада екi жыл сақталады және одан кейiн акт жасалмай-ақ жойылады.
 

5. Шет елдердегі қазақстандық азаматтарды
есепке алу мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы
консулдық мекемелерiнiң есебi

      24. Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерi консулдық есепте тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының есебi бойынша мәлiметтерді Консулдық қызмет департаментiне әр жарты жыл сайын беріп тұруға міндеттi.
 


1-қосымша

      _______________________________________________________________ (ЕСЕПКЕ ҚАБЫЛДАҒАН, КОНСУЛДЫҚ МЕКЕМЕНІҢ АТАУЫ)
 

ШЕТ ЕЛДЕРДЕ УАҚЫТША ЖҮРГЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
АЗАМАТТАРЫНЫҢ ЕСЕП КӘРТІШКЕСІ _______________________________________________________________

      1. Фамилиясы, аты-жөнi, әкесiнiң аты _______________________________________________________________
      2. Туған жерi және күнi _______________________________________________________________
      3. Төлқұжаттың N, қашан және кiм бердi _______________________________________________________________
      4. Төлқұжаттың жарамды мерзiмi және ұзарту туралы белгiлер _______________________________________________________________
      5. Төлқұжатқа енгiзiлген тұлғалар _______________________________________________________________
      6. Болу елдерi визаларының жарамдылығы немесе рұқсат мерзiмi _______________________________________________________________
      7. Сапардың мақсаты: ________________________________________________________________
      8. Жұмыс, оқу, сынақ мерзiмiн өткiзу және т.б. орны ________________________________________________________________
      9. Тұратын жерiнiң мекен-жайы және телефон нөмiрi ________________________________________________________________
      10. Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұратын мекен-жайы ________________________________________________________________
      11. Ерекше белгiлер
      Қолы___________ 2000 жылғы ______________
 


2 қосымша

      _______________________________________________________________ (ЕСЕПКЕ ҚАБЫЛДАҒАН, КОНСУЛДЫҚ МЕКЕМЕНІҢ АТАУЫ)
 

ШЕТ ЕЛДЕРДЕ ТҰРАҚТЫ ТҰРЫП ЖАТҚАН ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ЕСЕП КӘРТІШКЕСІ _______________________________________________________________

      1. Фамилиясы, аты-жөні, әкесінің аты (егер фамилияңызды, аты- жөніңізді ауыстырсаңыз, пайдаланған барлық фамилияларыңызды атаңыз) _______________________________________________________________
      2. Туған күні _______________________________________________________________
      3. Туған жері _______________________________________________________________
      4. Ұлты _______________________________________________________________
      5. Білімі мен мамандығы, қашан және қандай оқу орнын бітірдіңіз _______________________________________________________________
      6. Шетелге шығудың мақсаты және күні _______________________________________________________________
      7. Қазақстан Республикасындағы бұрынғы тұрған мекен-жайы _______________________________________________________________
      8. Шет елде тұратын жерінің мекен-жайы мен телефон нөмірі _______________________________________________________________
      9. Жұмыс орны және лауазым _______________________________________________________________
      10. Қазақстанда туыстарыңыз бар ма, бар болса олардың фамилиялары
      мен мекен-жайлары _______________________________________________________________
      11. Төлқұжаттың N, қашан және кім берді, мерзімі _______________________________________________________________
      12. Төлқұжатқа енгізілген тұлғалар _______________________________________________________________
      13. Ұзарту және төлқұжатты ауыстыру туралы белгілер _______________________________________________________________
      14. Жергілікті билік органдары берген құжаттардың көшірмелері _______________________________________________________________
      15. Қазақстан Республикасына сапарлары туралы белгілер
      16. Ерекше белгілер _______________________________________________________________
      Қолы____________ 2000 жылғы____________
 


3 қосымша

      2000 жылғы ________________________________
      ________________________________________________ есепке қабылданды
      (Қазақстан Республикасы консулдық мекемесінің атауы) _________________________________________________________________ (консулдық лауазымды тұлғаның лауазымы фамилиясы, аты-жөні, әкесінің аты)
 


4 қосымша

      2000 жылғы ______________________________ ______________________________________________________байланысты
      (себебі көрсетіледі)
      ______________________________________________ есептен шығарылды
      (Қазақстан Республикасы консулдық мекемесінің атауы)
      ________________________________________________________________
      (консулдық лауазымды тұлғаның фамилиясы, аты- жөні, әкесінің аты)
 


5 қосымша

      ІССАПАРҒА НЕМЕСЕ ЖЕКЕ ІСТЕРІ БОЙЫНША
      ____________________________КЕЛГЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
       АЗАМАТТАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ ЖУРНАЛ НЫСАНЫ ___________________________________________________________________________ N р/с Өтініш Фамилиясы Туған күні Төлқұжаттың Төлқұжаттың білдірген аты-жөні, және туған N қашан жарамды күні әкесінің жері және кім мерзімі және аты берген ұзарту туралы белгілер ___________________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ Төлқұжатқа Болу Сапардың Жұмыс, Тұратын ҚР-дағы Ескерту Енгізілген елдері мақсаты оқу, жерінің тұрақты тұлғалар жарамды сынақ мекен-жайы тұратын визалары мерзімін және жерінің ның өткізу телефон мекен-жайы немесе және т.б. нөмірі рұқсат орны. мерзімі Телефон нөмірі ___________________________________________________________________________ 7 8 9 10 11 12 13 ___________________________________________________________________________
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады