Жекелеген селолық округтердің шекараларын өзгерту және оларды құру туралы

Жаңа

Ақмола облыстық мәслихатының, облыс әкімінің 2000 жылғы 24 ақпанда N С-07 шешімі Ақмола облысының әділет басқармасында 2000 жылғы 24 шілдеде N 255 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Z934200_ Заңының 11-бабына сәйкес, облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мақсатында және мәслихаттар мен аудандар әкімдерінің бірлескен ұсынымдары негізінде облыстық мәслихат пен облыс әкімі шешім етті:
      - облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
                     Атбасар ауданы бойынша.
      1. Шұңқыркөл селолық округінің шекарасы өзгертіліп, Ново-Мариновское селосының шегінде орталығы Ново-Мариновское селосы болып Ново-Мариновский селолық округі және Шұңқыркөл, Қайрақты селоларының шегінде орталығы Шұңқыркөл селосы болып Шұңқыркөл селолық округі құрылсын.
      2. Сочи селолық округінің шекарасы өзгертіліп, Сочи селосының шегінде орталығы Сочи селосы болып Сочи селолық округі және Сепе селосы шегінде орталығы Сепе селосы болып Сепе селолық округі құрылсын.
      3. Борисов селолық округінің шекарасы өзгертіліп, Борисовка селосының шегінде орталығы Борисовка селосы болып Борисов селолық округі және Садовое, Пригородное, Смирновка селоларының шегінде орталығы Садовое селосы болып Садовый селолық округі құрылсын.
      4. Ново-Александровка селолық округінің шекарасы өзгертіліп, Ново-Александровка селосының шегінде орталығы Ново-Александровка селосы болып және Адыр станциясының шегінде орталығы Адыр станциясы болып Адыр селолық округі құрылсын.
      5. Покровский селолық округінің шекарасы өзгертіліп, Покровка селосының шегінде орталығы Покровка селосы болып Покровский селолық округі және Полтавка, Титовка селоларының шегінде орталығы Полтавка селосы болып Полтавка селолық округі құрылсын.
                     Шортанды ауданы бойынша.
      1. Андреев селолық округінің шекарасы өзгертіліп, Андреевка, Октябрьское, Новоременка селоларының шегінде орталығы Андреевка селосы болып, Петровка, Белое озеро, Новокавказское селоларының, Қара адыр станциясының шегінде орталығы Петровка селосы болып Петровский селолық округі және Пригородное, Камышенка, Баскөл селоларының шегінде орталығы Пригородный селосы болып Пригородный селолық округі құрылсын.
      2. Новокубанский селолық округінің шекарасы өзгертіліп, Новокубанка, Алтайское селоларының шегінде орталығы Новокубанка селосы болып Новокубанский селолық округі және Раевка, Гуляй-Поле, Егемен, Новографский селоларының шегінде орталығы Раевка селосы болып Раевский селолық округі

құрылсын.
     3. Казциковский селолық округінің шекарасы өзгертіліп, Бектау, 
Конкрынка, Барышевка, Қаражар, селоларының шегінде орталығы Бектау селосы 
болып Казциковский селолық округі, Новоселовка, Ошақ, Первомайское, 
Новопервомайское, Қаратөбе, Зерновое селоларының шегінде орталығы 
Новоселовка селосы болып Новоселовский селолық округі құрылсын.
     
     Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы 
     Облыс әкімі 
     Облыстық мәслихаттың хатшысы 
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады