Хобда ауданының Қобда ауылдық округiн құру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облыстық мәслихаттың үшiншi сессиясы мен облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 23 ақпандағы N 4 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет басқармасында 2000 жылғы 25 сәуірде N 480 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша орыс тілінде "аульного", "аульный", "аул" сөздері "сельского", "сельский", "село" сөздермен ауыстырылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.05.2017 № 185 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 30.05.2017 № 158 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 Заңы 11 бабының 3) тармақшасына сәйкес жасалған Хобда ауданының өкiлдi және атқарушы органдарының ұсынысы негiзiнде облыстық мәслихат пен облыс әкiмi ШЕШIМ ЕТТI:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.05.2017 № 185 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 30.05.2017 № 158 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Әкiмшiлiк орталығы Қобда ауылы Қобда ауылдық округi құрылсын, сызба-картаға сәйкес оның құрамына елдi мекендер мен жалпы көлемi 6783 гектар аумақ кiргiзiлсiн.

      Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.05.2017 № 185 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 30.05.2017 № 158 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Қайтадан құрылған Қобда ауылдық округiн ұстау шығыны 2000 жылғы аудан әкiмi аппаратының аудан орталығын дамыту бөлiмiн ұстауға қаралған лимит көлемiнде жүргiзiлсiн.

      3. Облыстық статистика басқармасы (А.Д. Мұқаев) облыстық әкiмшiлiк аумақтық бiрлiктердiң есептiк мәлiметтерiне тиiстi өзгерiстер енгiзсiн.

      4. Облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитет (М.Н. Жекеев) ауданның әкiмшiлiк-аумақтық құрылымына енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес жер-кадастр құжаттарын тәртiпке келтiрсiн.

      Облыстық мәслихат Облыс әкiмi
      сессиясының төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады