Қазақстан Республикасының "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 12 бабына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Облыстың әскери комиссариаттары 2001 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1984 жылы туылған және бұрын тіркеуден өтпеген әскер жасындағы азаматтарды тіркеуге алуды № 1 қосымшаға сәйкес жүргізетін болсын.
2. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері:
- әскери комиссариаттармен бірлесіп, азаматтардың шақыру учаскелеріндегі тіркелуін қамтамасыз етсін;
- аудандар мен Қызылорда қаласында тіркеуді жүргізетін комиссияларды құрып, олардың жүмыс жүргізулеріне қатысты жабдықталған бөлмелер бөлсін;
- тіркеуді жүргізу комиссияларына қажетті мөлшерде маман-дәрігерлер, медициналық аяжандар, техникалық қызметшілер және көліктер бөлсін;
- жастардың ұйымдасқан түрде әскери комисариаттарға келіп, шақыру учаскелерінде тіркеуден өтулерін қамтамасыз ететін барлық мүмкіндіктерді қолдансын.
3. Облыстық ішкі істер басқармасы (Т.Рахимов):
- тіркеуді жүргізу кезінде аудандық және қалалық ішкі істер бөлімдері аудан, қала әскери комиссариаттарымен тығыз байланыс ұйымдастырылып шақыру учаскелеріндегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін;
- азаматтардың шақыру учаскелеріне келуіне бақылау жасап, тіркеуден бас тарту әрекеттерін болдырмау жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Д.Дәулетбаев):
- аудандық және қалалық әскери комиссариаттардың сұрауы бойынша, тіркеуді жүргізуге байланысты жастарға дәрігерлік анықтама беру үшін облыстық емханалардан маман-дәрігерлер бөлсін;
- шақыру учаскелерін қажетті дәрі-дәрмектермен, дәрігерлік құрал-жабдықтармен қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасының "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 35-бабының 1-тармағына сай тіркеу кезіндегі техникалық және басқа да қызмет көрсету мен көлік шығындары жергілікті бюджет есебінен жүргізілсін.
6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н.Ерімбетовке жүктелсін.
Облыс әкімінің | |
міндетін атқарушы | Б. Қуандықов |
Облыс әкімінің | |
2000 жылғы 20 желтоқсандағы | |
№ 373 шешіміне № 1 қосымша |
2001 жылы шақыру учаскелерінде есепке алынатын азаматтардың саны және тіркеуді өткізудің мерзімдері
Рет. саны | Аудандық, қалалық әскери комиссариаттардың аталуы | Есепке алынатындардың саны | Шақыру учаскелерінде есепке алуды жүргізу күндері |
1. | 2. | 3. | 4. |
1. | Арал АӘК | 650 | 20.01.- 31.03.2001 ж. |
2. | Қазалы АӘК | 465 | 15.01.- 15.03.2001 ж. |
3. | Байқоңыр КӘК | 140 | 15.01.- 31.03.2001 ж. |
4. | Қармақшы АӘК | 436 | 15.01.- 01.03.2001 ж. |
5. | Жалағаш АӘК | 879 | 12.02.- 28.03.2001 ж. |
6. | Қызылорда облыстық және Қызылорда қалалық әскери комиссариаты | 1700 | 12.01.- 31.03.2001 ж. |
7. | Шиелі АӘК | 795 | 20.01.- 30.03.2001ж. |
8. | Жаңақорған АӘК | 675 | 01.02.- 31.03.2001 ж. |
ОБЛЫС БОЙЫНША: | 5740 |