Шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Стадион" мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы әкiмiнің 2000 жылғы 27 желтоқсандағы № 381 шешiмi. Қызылорда облысының Әдiлет басқармасында 2000 жылғы 30 желтоқсанда № 509 болып тiркелдi. Мерзімі біткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсандағы "Жергілікті өкілеттік аткару органдары туралы" Заңының 43 бабының 3 тармағын, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Жарлығын басшылыққа ала отырып, сондай-ақ Ғани Мұратбаев атындағы стадионды қайта жаңарту мақсатында, ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Стадион" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны құрылсын.

      2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Стадион" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына қатысты өкілетті орган болып облыстық туризм және спорт жөніндегі комитеті белгіленсін.

      3. Өкілеттік органы облыстық туризм жене спорт жөніндегі комитетіне (Ю.Ким):

      - кәсіпорынның Жарғысын бекітсін;

      - кәсіпорынның директорын тағайындасын;

      - заңды тұлғаны тіркеуден өткізсін.

      4. "Стадион" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны өз қызметінен түскен кіріс есебінен ұсталады деп белгіленсін.

      Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға қаржы заңдылыққа көзделген тәртіп бойынша бөлінеді.

      5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н. Ерімбетовке жүктелсін.

      С. Нұрғисаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады