Ақсу қаласы Сольветка селосының бағыныштылығын өзгерту туралы

Жаңа

Павлодар облыстық мәслихаты мен Павлодар облысы әкiмiнiң шешiмi (II сайланған VII сессия) 2000 жылғы 22 қыркүйектегі Павлодар облысының әділет басқармасында 2001 жылғы 1 наурызда N 581 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Z934200_ "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы туралы" Заңының 11 бабына сәйкес және Ақсу қалалық мәслихаты мен Ақсу қаласының әкiмi берген материалдардың негiзiнде ШЕШIМ ЕТЕМIЗ:
      1. Сольветка селосы Ақсу қаласы Қалқаман кентiнiң әкiмшiлiк және

аумақтық бағыныштылығынан Ақсу қаласының Евгеньевка селосының әкiмшiлiк 
және аумақтық бағыныштылығына берiлсiн. 
     2. Мыналардың:
     Сольветка селосының аумағы қосылып, Евгеньевка селосының шекарасы;
     Сольветка селосының аумағы алынып, Қалқаман кентiнiң шекарасы 
өзгертiлсiн. 
     3. Евгеньевка селосы орталық болып, құрамында Евгеньевка және 
Сольветка елдi мекендерi кiретiн Евгеньевка селолық округi құрылсын.
     4. Осы шешiм Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзiлсiн. 
     Облыстық мәслихат          Павлодар облысының әкiмi
     сессиясының төрағасы
     
     Облыстық мәслихаттың 
     хатшысы
     
     
     оқығандар: А.Татарков
                В.Подолян
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады