Алматы қалалық Мәслихатының "Құрмет грамотасы" туралы

Күшін жойған

IІ сайланған Алматы қалалық Мәслихатының VІ сессиясының 2000 жылғы 15 қарашадағы шешімі. Алматы қалалық Әділет басқармасымен 2000 жылғы 22 желтоқсанда N 247 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХ сессиясының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі шешімімен.

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХ сессиясының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі шешімімен.

     "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3 бабының 9 тармағына және "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40 бабының 1 тармағының 18 тармақшасына сәйкес ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алматы қалалық Мәслихатының "Құрмет грамотасы" белгіленсін.
      2. Алматы қалалық Мәслихатының "Құрмет грамотасы" туралы Ереже бекітілсін, қоса беріліп отыр.

      ІІ-сайланған Алматы қалалық
      Мәслихатының VI-сессиясының
      төрағасы

      ІІ-сайланған Алматы қалалық
      Мәслихатының хатшысы

II-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының 2000 жылғы 15 қарашадағы
VI-сессиясының шешiмiне
қосымша

Алматы қалалық Мәслихатының
Құрмет грамотасы туралы
ереже

      1. Алматы қалалық Мәслихаты Алматы қаласының әлеуметтiк-экономикалық, мәдени дамуына қосқан үлесi үшiн Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегiн қоғамдық мойындау белгiсi ретiнде Алматы қалалық Мәслихатының Құрмет грамотасын белгiлейдi.
      2. Толық атауы:
      қазақ тiлiнде: Алматы қалалық Мәслихатының Құрмет грамотасы;
      орыс тiлiнде: Почетная грамота Алматинского городского Маслихата.
      Құрмет грамотасы әшекейлi көгiлдiр түстi папкадан тұрады, ортасында қосымша бетi бар, оның сол жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттiк тiлде "Құрмет грамотасы" сөзi жазылған.
      Қосымша бет қалың жылтыр қағаздан баспаханалық әдiспен бүктелген күйiнде орындалады. Қосымша беттiң сол жағының үстiңгi бөлiгiне Алматы қаласының елтаңбасы бейнеленген және үстiңгi бөлiгiнде мемлекеттiк тiлде "Алматы қалалық Мәслихаты" және төменгi бөлiгiнде "Құрмет грамотасы" сөздерi жазылған.
      Қосымша беттiң сол жақ сыртында Алматы қалалық Мәслихатының ғимаратының фотобейнесi қазақ ұлттық өрнектерiмен жиектелген.
      Қосымша беттiң оң жағында қазақ ұлттық өрнектерiмен жиектелген Қазақстан Тәуелсiздiгi монументiнiң аясында марапатталушының аты-жөнiн, тегiн және еңбегiн көрсету үшiн орын қалдырылған.
      3. Алматы қалалық Мәслихатының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы шешiм Алматы қалалық Мәслихатының сессиясында қабылданады.
      4. Құрмет грамотасымен:
      - азаматтар мен заңды тұлғалар;
      Алматы қаласының экономикасын, әлеуметтiк саласын, ғылымын, мәдениетiн, бiлiм беруiн дамытудағы, достық пен қоғамдық келiсiмдi нығайтуға, белсендi қоғамдық және мемлекеттiк қызметтерi үшiн марапатталады.
      - шет мемлекеттердiң азаматтары мен заңды тұлғалары.
      Бейбiтшiлiктi нығайтуда мемлекеттiк және қоғамдық қызметi, Алматы қаласының бауырлас қалалармен және шет елдермен достығы мен ынтымақтастығын дамытуға жәрдемдескендерi үшiн марапатталады.
      5. Құрмет грамотасын Алматы қалалық Мәслихаты сессиясының төрағасы мен хатшысы салтанатты жағдайда тапсырады. Марапаттау жүргiзетiн залға Қазақстан Республикасының елтаңбасы мен жалауы орнатылады.
      6. Алматы қалалық Мәслихатының Құрмет грамотасы туралы ұсынысты еңбек ұжымдары мен тұрақты депутаттық комиссиялар тапсырады.
      7. Алматы қалалық Мәслихатының Құрмет грамотасымен марапаттау үшiн мынадай құжаттар тапсырылады:
      - еңбек ұжымының қолдау хаты;
      - тұрақты депутаттық комиссиялардың қаулысы (заңды тұлға үшiн-ұсыныс);
      - марапат парағы (заңды тұлға үшiн-ұсыныс).
      8. Құрмет грамотасының тапсырылғандығы туралы хаттама жасалады, сондай-ақ марапат парағына белгi қойылып, онда тапсырылған күн көрсетiледi және марапат парағы хаттамамен бiрге Алматы қалалық Мәслихатында сақталады.

      ІІ-сайланған Алматы қалалық
      Мәслихатының VI-сессиясының
      төрағасы

      ІІ-сайланған Алматы қалалық
      Мәслихатының хатшысы

     (маман Сариева А.)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады